Орта Азия мен Қытайдың қарым-қатынасы - соңғы бірнеше жылдың ішінде екі жақты да, көп жақты да нығайып келеді. Саясатқа қоса қауіпсіздік мәселелері, сауда-экономикалық ынтымақтастық екі жақты қарым-қатынастың ең басты салаларына айналды. Өткен аптада Қытай мен Орта Азия елдерінің лидерлері жұртшылық алдында өздерінің экономикалық қарым-қатынасын жақсы бағалап, тіпті капиталдың қозғалысына, тауарлар мен қызмет көрсету саласының және жұмыс күшінің емін-еркін айналымына мүмкіндік беретін аймақтық интеграцияның өркендеп келе жатқанын айтысты. Бірақ, біздің тілшіміздің хабарлауынша, ресми Бежиннің “үнсіз басқыншылығынан” қауіптенетін саясаткерлер де жоқ емес көрінеді.
Лаңкестікке, экстремизмге және сепаратизмге қарсы күрес сынды Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымының үйреншікті мақсаттарына қоса экономикалық ынтымақтастықтың да тереңдеп келе жатқаны Орта Азия елдерінің лидерлері Қытайдың шығысындағы Шанхай Ұйымының кезекті саммитіне келмей тұрып-ақ айдан анық болатын. Шанхай ұйымының Бас хатшысы Чжанг Дегуанг (Zhang Deguang) ендігі жерде ұйымның экономикалық ынтымақтастыққа ден қоятынын мәлімдеді. Қытайдың Синьхуа агенттігі Дегуангтің “ендігі мақсат – 20 жылдың ішінде тұтыныс тауарларының, капиталдың, технологиялар мен қызмет көрсетудің еркін қозғалысын қалыптастыру” деген сөзін келтірді. Совет Одағы күйреген 1991-інші жылдан бері бұрынғы совет республикалары талай рет одақ құрғандарын жариялап, қанша ресми құжатқа қол қойып, экономикалық ынтымақтастық орнату мақсатында тіпті бірнеше ұйым да құрып үлгерді. Бірақ Чжанг Дегуангтің Декларациясы Қытайды қоса қамтыған ең бірінші ұйым болып отыр.
Кеңсесі Лондонда орналасқан халықаралық қатынастар жөніндегі корольдік Институтының Қытай бойынша сарапшысы Йи Лудың пікірінше, Қытайдың аймақтық ынтымақтастыққа ұмтылуын қабылдамау орынсыз болар еді. Оның атап көрсетуінше, Орта Азияның Ресеймен ынтымақтасуы онша жемісті болмады. Өйткені, Ресей мен Орта Азия елдерінің экономикалық жүйелері, негізінен, табиғи ресурстарға сүйенген және сол себепті де өзара бәсекелестік туады. Оның есесіне Орта Азия мен Қытайдың экономикалық жүйелерін қамтитын еркін экономикалық аймақ құруға мүмкіндік бар, -деп мәлімдейді Йи Лу.
Й.ЛУ: “Оған, әрине, мүмкіндік бар. Менің ойымша, Қытай экономикасы мен Орта Азиядағы экономикалық жүйенің арасында үлкен байланыс бар. Бұрын, бәлкім, осы елдермен экономикалық ынтымақтастық құрғанын айтып келген Ресеймен сондай байланысы болса керек”.
Орта Азияның газ бен мұнай қоры – мұнайды АҚШ-тан кейін ең көп тұтынатын және энерго ресурстарға аса мұқтаж Қытайға өте тартымды көрінеді. Өзінің тұтынысына қажет мұнайдың жартысынан көбін Қытай сырттан, негізінен Африка мен Таяу Шығыс елдерінен импорттайды. Қытай басшылығы құбылмалы Таяу Шығысқа байланып қалмай, көмірсутегі импортының басқа жолдарын табуға үміт артады. Бежин таяуда Орта Азиямен энергетикалық байланысын кеңейтті. Өткен мамыр айында қазақ мұнайы Қытайға тартылған құбырмен ағыла бастады. Сондай-ақ, Шанхай ұйымының саммиті қарсаңында, Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы Өзбекстанмен оның мұнай және газ көздерін барлауға алдағы 5 жылда 210 млн. доллар инвестиция жұмсау туралы келісімге келді. Бірақ бұл Қытайдың Орта Азиядағы экономикалық мүдделерін толық көрсете алмайтын шығар. Оларға қоса 14-інші маусым күні Қытай Тәжікстанда тас жол салу туралы құжатқа қол қойды, Қазақстанда су-электр стансасын салу жоспары бар, 16-ншы маусымда Өзбекстанның егін суару жүйесін жетілдіруге 50 млн. доллар несие бөлді. Сонымен қатар Қытай жағы Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымына мүше 6 елдің коммуникация саласын жақсарту үшін 2010-ыншы жылға қарай 6 елді оптикалық талшықтармен байланыстыруды ұсынды. Қытай мамандары Қытайдың Орта Азиядағы әріптестеріне ұсына алатын көп нәрсесі бар екенін айтады. “Азаттыққа” Шанхайдан берген сұхбатында Шанхай университетінің профессоры Чжиангпинг Уонгтің атап көрсеткеніндей, Қытаймен арадағы ынтымақтастықтан Азия елдері көп ұтады.
ЧЖ.УОНГ: “Қытайдың мұнай, газ және металл сынды бай ресурсы бар. Сонымен қатар Қытай адам ресурстарына да бай; тас жол, су-электр стансасы немесе фабрик сынды кейбір негізгі инфрақұрылымды салуда Қытайдың тәжірибелі де маманданған жұмысшылары Орта Азия республикаларына маңызды көмек бере алады. Және, әрине, Қытай Орта Азияға жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттай алады. Міне, осындай түрлі әдіспен Қытай Орта Азияның экономикалық дамуына өз үлесін қоса алады”.
Алайда Қытайға Орта Азия өкілдерінің барлығы бірдей сеніммен қарамайды. Кейбір бақылаушы қытайлықтар жергілікті халықтарды жұтып қоя ма деп, Қытайдың “үнсіз экспансиясынан” немесе “үнсіз жорығынан” сескенеді. Әсіресе Қытаймен ортақ шекарасы бар Қазақстан мен Қырғызстанның кейбір көрнекті өкілі жердің жетіспеуі қытайлықтарды Орта Азияға айдап келді деп санайды. Қазақстанның Қытайдағы бұрынғы елшісі, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов – Қытайға осындай көзбен қарайтындардың бірі. Оның айтуынша, бүкіл тарихында Қытай өзінің жерін кеңейтуге тырысып бақты және қазір де соған ұмтылады. Қытай ықпалының ұлғаюы, деп санайды М.Әуезов, Орта Азия елдерінің тәуелсізігіне қоса, жергілікті ұлттардың ерекшеліктеріне қатер төндіріп тұр. Мұрат мырза Қытай ықпалының өсуіне төтеп беру үшін Орта Азия елдерінің күш біріктіргенін көргісі келеді.
М.ӘУЕЗОВ: “Бұл, іс жүзінде, өзінің жолында, өзінің қозғалысында ұлттық ерекшелік дегенді жайпап өтетін алып ел. Қытайды, әрине, жоғалмайтын нәрсе деуге болады. Біз үшін ол алып көрші және, егер белгілі бір дайындығымыз болса, одан талай пайда көруге де болады. Менің ойымша, дайындықтың ең дұрыс жолы – ол Орта Азия халықтары мен елдерінің саналы түрде бірігуі, күш біріктіруі болар еді. Сіз білесіз ғой, біздің шекараға, жерге және тағы басқаға байланысты көршімізбен проблемаларымыз бар. Бірақ қазір барлық өкпе-назды ысырып қойып, шын мәнісінде іс атқаратын ортаазиялық бауырластығын құруға тиіспіз”.