Жұма күнгі баспасөз Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты істі қарау екі айдан артық созылмайтындығын жазды. Сонымен бірге басылымдар мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев Парламенттің ақпарат құралдары туралы заң жобасы талқыланған жалпы отырысында мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның 25 сұрағына жауап беруден бас тартқандығына назар аударған.
«Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев ұлттық қауіпсіздікті жаңа қауіптен құтқаруға уәде берді» деп жазды «Панорама» газеті. «Бірақ ол үшін министрге ақпарат туралы заңның өзі ұсынған жаңа жобасы мақұлдануы керек. Маусымның 15-күні мәжіліс депутаттары министрдің жолын бөгемей, баспасөз туралы жобаны бірінші оқылымда мақұлдады» делінген мақалада. «Айта кетерлік бір жайт, аталған заң жобасының парламентте қаралуы жылдам жүріп жатыр: мәжіліс жобаны маусымның 7-күні қабылдап алды, сол кезде ол бойынша қорытынды қазанның орталарына таман шығарылатындығы айтылғанымен, 2 күн өтпей жатып жұмыс тобы жобаны қарап, мәжілістің жалпы отырысына шығарып үлгерді» деп жазды «Панорама» газеті.
Ақпарат туралы заң жобасының төменгі палатаның жалпы отырысында қалай қаралғандығына «Республика» газеті мән берген. Мәдениет және ақпарат министрлігіндегілер депутаттарды бұл заң ұлттық қауіпсіздік үшін қажет екендігіне сендіруге тырысты. Ал депутаттар болса әңгіме қандай қауіп туралы екендігін түсіне алмай, таң қалуда: мәжіліс депутаты Амангелді Айталының қандай қауіп туралы айтып отырсыз деген сұрағына жобаны дайындаушылар жауап берген жоқ, бірақ заңның әр бабын ұлттық қауіпсіздікпен байланыстырып отырды» делінген мақалада. Заң жобасын қорғауға министр Е.Ертісбаевтың өзі келген. Ертісбаевтың «ұлттық қауіпсіздік» және заң туралы әңгімесін мұқият тыңдаған мәжіліс депутаты Д.Назарбаева министрге 25 сұрақ қойды: Ақпарат құралдарының жеке меншік иелері кімдер екендігін білу керек екен дейсіз, оны білгеннен соң не істемексіз? Осы секілді сұрақтарға министр саяси жағдай шиеленісіп қалса ақпарат құралдары кімнің мүддесін қолдап кететіндігін білмейтіндігін, олардың қожайындары министрге белгісіз болып отырғандығын айтқан. Мәжіліс депутаты Д. Назарбаеваның оны сіз қандай әдіспен білгелі отырсыз деген сұрағына министр жауап беруден бас тартты. Министрдің жауаптан тайқығаны Д.Назарбаеваның әріптестеріне ұнамағанымен, Ертісбаевтың ұлттық қауіпсіздік қамы қынжылтатындығын ескерген 53 депутат ақпарат туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Қарсы шыққан үшеудің есімі белгісіз» деп жазды «Республика» газеті.
Бұл уақытта Қазақстанның журналистер қауымының заң жобасына қарсы наразылық шеру өткізгелі жатқандығы «Караван» газетінде айтылды. «Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейтқазы Матай сөз бостандығын қорғауды көздеген шарану өткізу туралы өтініш Алматы әкімі аппаратына жолданғандығын айтқан. Оның пікірінше, мәдениет және ақпарат туралы заң жобасы сөз бостандығын тұншықтыруға бағытталған. Ал ақпаратты қолдау орталығының заңгері Сергей Власенконың айтуынша, министрліктің ұсынып отырған жобасы қабылданатын болса, бірінші кезекте бұл аймақтардағы ақпарат көздеріне соққы болып тиеді» делінген «Караван» газетіндегі мақалада.
Баспасөзде кең көлемде талқыланып жүрген тақырыптың бірі – А.Сәрсенбайұлының өліміне қатысты сот. Осы тақырып төңірегінде «Караван» газеті былай деп жазды: «Сәрсенбайұлының өліміне қатысты алғашқы сот отырысы жанжалмен басталды. Алматы облыстық сотына зардап шеккендер жағынан ешкім келген жоқ, ал осы іске қатысы бар бірқатар адамдардың адвокаттарына шақырту жіберілмеген. Адвокаттар соттың болатындығын баспасөзден ғана естіген. Ал Сәрсенбайұлының жақындары болса қаржы тапшылығынан Алматы мен Талдықорған арасындағы жол күреңін өтей алмайтындығын жеткізген. Соған қарамастан сот осы істің қаралуын екі айдан артық созбауды жоспарлап отыр» деп жазды «Караван» газеті.
«Сәрсенбайұлының өліміне қатысты істі жүргізіп жатқан сот барлық адвокаттарды істің күнделікті қаралатындығын, соған байланысты басқа жұмыстарын кейінге ысырып қоюын ескертті» делінген «Zonakz» тәуелсіз интернет сайтындағы мақалада. «Келесі аптаның дүйсенбісінен бастап жұма аралығында таңертеңнен кешке дейін сот жүретін болады. Мұндай асығыстықтың неден екендігін ешкім түсіндіріп жатпады» деп жазды «Zonakz» интернет сайты.