Америка Құрама Штаттарында тіркелген үкіметтік емес “Фридом хаус” немесе “Бостандық үйі” ұйымы мұнай-газ шикізатына бай Орта Азия мен Кавказ елдерінде және Ресейде, табиғи ресурстарының стратегиялық маңызы арта түскен сайын, демократиялық реформалар қарқынының бәсеңдей түскенін көрсетіп берген жаңа есебін жариялады. Үстіміздегі жылға арналған есепте Қазақстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Ресей бірінші кезекте қарастырылған.
“Транзиттік елдер-2006” деп аталатын есеп өздерінің көмірсутегі ресурстарына арқа сүйеген нақ осы 4 елдің экономикалық үстемдігін нығайта түскенін ерекше атап көрсетеді. Бірақ, сонымен бірге, құжат аталған елдердің баспасөз құралдары халінің нашарлығы мен сот жүйесінің тәуелді болуы және сыбайластық жемқорлықтың терең тамыр жіберуі салдарынан жапа шегіп жатқанын ескертеді. “Транзиттік елдер” есебінің редакторы Джанетт Герингтің айтуынша, ресми биліктің жауапкершілігін арттыру – бұқара халықтың әл-аухатын жақсартуға себеп болатынын аталған елдердің лидерлері түсіне бермейді.
- Оның орнына қуат көздерінің қымбат бағасын олар, туған халықтарының мұң-мүддесіне немқұрайды қарайтын және халықаралық сахнада абырой бермейтін авторитарлық билік орнату арқылы, өздерінің мүддесіне пайдаланады, - деп мәлімдейді Джанетт Геринг.
Кез-келген елдегі демократия деңгейінің не өскенін, не төмен құлдырағанын “өлшеу” үшін “Фридом хаус” ұйымы баспасөз құралдары мен сот жүйесі “қаншалықты тәуелсіз” немесе ерікті және сайлау қаншалықты “ашық та әділ өтті” дегендей қоғам өмірінің кейбір саласын бағалап қарайды. Осы көрсеткіштердің әрқайсысы демократияның даму деңгейін нұсқап көрсетеді және “7” деген ең төменгі баға – авторитарлық режимнің нышанын байқатады. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан да, Түркіменстан да соған жақын баға – Қазақстан 6.39, ал Түркімен елі – 6.96 балл баға алған. “Транзиттік елдер” баяндамасында Қазақстан мен Түркіменстанның Орта Азиядағы демократия деңгейі төмендеген жалғыз 2 ел еместігін атап көрсетеді, дейді оның редакторы Джанетт Геринг.
“Орта Азия елдері демократиялық бағыттан авторитарлық басқару формасына көшті. “Транзиттік елдер-2006” есебі мұндай процестің Орта Азия аймағында жалғасқанын, тіпті үдей түскенін көрсетіп берді”.
“Фридом хаус” ұйымының есебінде Қазақстанға қатысты нақты мысал келтіріліп, 2005-інші жылы президент Н.Назарбаевтың 7 жылдық мерзімге қайта сайланғаны елдегі демократияның дамуына күрт шектеу қоятынын хабарлайды.
“Ресми билігі әлеуметтік және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға ұмтылған Қазақстан орталық биліктің қадағалауын күшейтіп, елдегі барлық демократиялық еркіндікті шектеуге мәжбүр болды. Бұл, іс жүзінде, елдің тұрақты дамуына бөгет болатын құрылымды қалыптастырады”.
“Фридом хаус” ұйымының баяндамасы Қазақстандағы осындай ахуалдың оппозициялық партиялар мен тәуелсіз баспасөзге деген қысымның күшейе беретінін байқатып отырғанын сілтейді. Сондай-ақ, ол елдің барлық деңгейіндегі билігі мен сот жүйесі президент Н.Назарбаевқа жақын тұлғалардың саяси және іскерлік мүдделері үшін қызмет атқара береді дегенді білдіреді.
Түркіменстанға арналған тарауында “Фридом хаус” ұйымының баяндамасы “Түркіменбасы” деген атымен танылған президент С.Ниязовтың туған халқын сыртқа шығармай, әлі де болса оқшау ұстауға тырысып бағатынын нұсқайды. Қуат көздерінің экспорты бұл елдегі ахуалды өзгерте алмайды, деп ескертеді “Транзиттік елдер” баяндамасы.
Аталған баяндаманың Әзірбайжанға арналған тарауында, айыппұл салу, саяси оппозициямен байланысқан жастарды университтерден шығару, соққыға жығу сынды ресми биліктің ұзаққа созылған қудалау саясаты салдарынан осы елде азаматтық қоғам құрылымдарының тынысы күрт тарылғаны баяндалады. Әсіресе, мемлекеттік шенеунектердің арасындағы терең тамыр жайған жемқорлық - демократия жолында тұрған ең үлкен тосқауыл болып қалып отырғаны жазылған. “Фридом хаус” ұйымының айтуынша, Әзірбайжанда 2005-інші жылдың қараша айында болып өткен парламент сайлауы халықаралық стандартқа лайық болмады. Баяндамада Әзірбайжандағы демократия “5.93” деген көрсеткішпен бағаланды. Демократия деңгейі “5.75” деп бағаланған Ресейде, “Фридом хаустың” Будапешттегі бөлімінің директоры Кристи Эвенсонның айтуынша, саяси еркіндіктің тынысы тарыла түскен.
Сонымен, аталған елдерде экономикалық ахуал жақсарған сайын, керісінше – демократиялық процестердің қарқыны неге бәсеңдей түсті? Оған Кристи Эвенсон:
- Биліктің қолындағы қаржы-қаражат көбейген сайын, бұқара халықтың онша көп наразылығын туғызбай, авторитарлық үстемдік орнатуы да жеңілдей түседі, - деп жауап қатты.
Бірақ Эвенсон, егер бар байлық биліктегі шағын топтың қолына шоғырланатын болса, мұндай әлеуметтік жағдайдың ертең зор қысымға тап болуы әбден мүмкін деп ескертеді.