Грузия президенті М.Саакашвили сейсенбі күні С.Петерборда орыс лидері В.Путинмен кездесуге тиіс болатын. Бұл кездесу - екі елдің өзара қарым-қатынасы әбден суыған кезде өтпекші. Ресми Мәскеу мен Тбилисидің арасындағы осындай саяси салқындық қарапайым орыс халқына да әсер етті. Таяуда грузин виносы мен минералды суының экспортына тосқауыл қойылуы – сол салқындықтың бір көрінісі ғана. Орыстардың басым көпшілігі грузин мәдениетінің бұрынғы Совет Одағындағы өмірдің құрамдас бөлігі болғанын аңсап есіне алады.
Марина өзінің туған күнін құрбы-достарымен бірге Мәскеудегі қаншама грузин мейманханасының бірінде тойлап жатыр. Олар қазір ғана “Менің Грузиям гүлдене берсін! Грузия Ресеймен, Ресей- Грузиямен бірге болсын!” деп тост көтерді. Олардың дастарханы өте бай, музыкашылар олардың сүйекті грузин әндерін орындап жатыр. Бірақ дастарханда бір-ақ нәрсе жетпей тұр: ол - наурыз айынан бері экспортына тыйым салынған грузин виносы жоқ.
“Бізге грузин виносы жетпей тұр. Жалпы бізге грузин мәдениеті де жетпей жатыр. Осындай грузин мейманханаларына келгенімізде және Ресейге осындай грузин ансамбльдері келіп жатқанда, менің өз басым оған қуана-қуана барамын. Біздің барлығымыз грузиндердің де, молдовандардың да, украиндардың да мәдениетін, виносын бойымызға сіңіріп өстік. Мұның бәрі отанымыздың бір сынығы”, - дейді Марина.
40 жастағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Марина – Ресейде грузин виносын сүйіп ішетін жалғыз адам емес. “Денсаулыққа қауіпті қоспалары бар” деген желеумен наурыз айында грузин және молдован виноларының экспортына тыйым салынғаннан бері бұл мейманханада түскі асын ішетіндердің қатары күрт сиреді. Оған қоса мамыр айының ортасында Ресей “сапасы төмен” деген сылтаумен Грузияның “Боржоми” және “Набеглави” деген минералды суларының экспортына да тосқауыл қойды.
Ресей мен Грузиядағы бақылаушылардың басым көпшілігі Мәскеудің бұл әрекетін Грузияның Ресейден аулақ болуға бағытталған қадамдарына саяси қысым көрсету деп қарастырады. Кремльдің грузин виносына шектеу қоюы – вино экспортына тәуелді Грузия экономикасына шынында да ауыр соққы болды. Ресей – грузин виносын ең көп тұтынатын ел және жылына Грузиядан 100 млн. доллардан да асатын өнімді импорттайды. Грузин виносы мен минералды суы экспортына тыйым салу Тбилиси мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың салқындай түсуіне себеп болды.
Екі жақты қатынастың салқындауына кім кінәлі? Ресейдегі ең беделді “Огонек” деп аталатын апталық журналы редакторының өкілі Сергей Агафоновтың пікірінше, В.Путин мен М.Саакашвили бір-біріне ащы сөздер айтып, онсыз да суып тұрған қарым-қатынасты ушықтырып жіберді. Бірақ, оның айтуынша, Грузияға қарағанда, Ресей көбірек қате жіберді.
“Кімде-кімді 100 пайыз айыпты деп толық айтуға болмайды. Бірақ, менің ойымша, бұл іс үшін Ресейдің кінәсі басымырақ. Өйткені, Абхазияда не болғанын ұмытпауымыз керек және Осетиядағы ахуалдың қалай өрбігені тағы бар... міне содан осы жерде Грузиямен арадағы қатынасын қалай орнатуға ұмтылғаны, тіпті, осында отырған бізді де ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Өйткені, көрші елмен олай сөйлесуге болмайды... және майда-шүйдеге бола оны арандатуға болмайды”, - деп атап көрсетеді С.Агафонов.
Мәскеу “Ресейден бетін кейін бұрды” деп Грузияға өкпесін білдіріп жатса, өз кезегінде ресми Тбилиси Мәскеудің Грузиядан бөлінген Абхазия мен Оңтүстік Осетияның сепаратистік лидерлерін көптен бері қолдап отырғанына ашулы. Әйтсе де, барлық проблеманың тамыры, деп санайды С.Агафонов, Ресейдің бұрынғы советтік республикаларды “өзінің меншікті ауласы” деп қарастыруында жатыр.
С.Агафонов: “Ресей өзін Кавказды уысында ұстап отырған “держава” деп қарастырды. Бірақ мұның бәрі келмеске кетті. Шындығына келгенде оны мойындауға және “бұрынғыны ұмытайық!” дей алатындай саясаткерлердің жаңа ұрпағы мен жігер керек. Қазіргі биліктегі адамдар ескі жүйеде қалыптасып жетілді. Сондықтан да, бұрынғы ықпалын “қалпына келтіруге” немесе “өзгелерді жібермеу керек” дегенге ұмтылуын түсінуге болады”, деп атап көрсетеді.
Марина мен оның құрдас-құрбылары саясатпен онша қызықпайды және қолы тигенде Ресей мен Грузия арасындағы саяси дағдарысты талқыламайды. Маринаның әріптесі – Нинаның айтуынша, саяси жанжалдар орыстар мен грузиндерді бір кісідей біріктіретін жылы да достық қарым-қатынасқа ешқашан салқан көлеңкесін түсіре алмайды.
“Бұ жерде кімді кінәлі, кімді кінәсіз деп айтуға болмайды. Бұ жерде не орыстар, не грузиндер айыпты емес... солай болып шықты. Барлығын да экономика билейді... экономика мен саясат. Ал қарапайым халық – Грузияны қалай сыйласа, солай сыйлай береді... ештеңе өзгермейді. Уақытша саяси салқындық көп ғасырдан бері келе жатқан достыққа әсер ете алмайды”, - деп ой бөліседі Нина.
Одан бірнеше қадам қашықтықта 65 жастағы грузин әншісі Гиви мен грузин аспаптарында ойнайтын оның 2 серігі тұр. Өткен 10 жыл бойы Ресейде тұрған Гиви Ресей теледидарында Грузияны тым қаралап көрсетіп жатқанына қатты көңілі қалады. Соған қарамастан ол орыстар мен грузиндердің тарихи достығы әлі де мызғымай қала беретініне сенеді.
“Жоғарғы жақта не болып жатқанын және неге солай болып жатқанын түсінбеймін. Жоғарғы жақта, бәлкім, қандай да бір өзгерістер болған шығар. Бірақ халықтың арасында оны сезбеймін. Халық бізді сүйеді, құрметтейді, осында келіп бізді – грузин өлеңдерін тыңдайды... сыр бөлісеміз, құшақтасып, сүйісіп жатамыз”, - деп сыр шертеді Гиви.
Әйтсе де, Гиви М.Саакашвили мен В.Путиннің сейсенбі күні кездесуі екі елді аз да болса жақындата түсер деп үміттенеді. Грузин виносына тыйым салынғанымен, грузин әніне тыйым салу әлі жоқ деп күледі 65 жастағы грузин әншісі.