Сейсенбі күнгі баспасөзде мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан журналистері дайындаған ақпарат туралы заң жобасын сынға алса, журналистер қауымдастығының аталған министрлік дайындаған жобаны жаратпаған үндеу жарияланды.
Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтің «БАҚ туралы» заң жобасына қатысты сұхбаты «Казахстанская правда» газетінде жарық көрді. Онда министр «өтпелі кезеңде тұрған мемлекет жүз жылдан астам уақыттан бері жүргізіп келген ақпарат саясатынан бір сәтте демократияның сәніне елігіп бас тарта алмайтындығын» айтқан. «Менің түсінігімдегі сөз бостандығы моральдық принциптердің бостандығы дегенді білдірмесе керек. Сөз бостандығы адамның қадірін балағаттау немесе оның жеке өміріне килігушілікпен ұстасып жатпаса керек. Ал, Қазақстандағы ақпарат құралдарында мұндай қателіктер көп кездесіп жатады» деген министр. «Егемен Қазақстан» газетіндегі сұхбатында Е.Ертісбаев: «Мен Қазақстан журналистері конгресі, «Әділ сөз» және «Американың Қазақстандағы заңгерлері» атты әлдебір ұйымның жасап, Парламентке ұсынған заң жобасымен таныстым. Оның БАҚ-ын тіркеуге байланыстысын айтсақ, ол хабарландыру сипатын алған. Біздің жағдайымызда ол жарамсыз» деген. Ал аталған заңға өзгерістер мен толықтырулар қашан қаралады деген сұраққа министр қазанның 20-ына дейін қаралады деп жауап берген «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.
Бұл уақытта Қазақстан журналистері осы заң жобасына қатысты Президент Н.Назарбаевқа үндеу жазып, ол құжат «Zonakz» тәуелсіз интернет сайтында басылды. Онда журналистер қауымы президенттен заң жобасын қайтарып тастауын сұраған. Құжатта мәдениет және ақпарат министрінің ұсыныстары тежегіш сипатқа ие екендігі жазылған. «Қазақстанның ақпарат құралдарына қатысты заңнамалары бұрыннан реформаларға сұранып тұрғаны рас. Мұндай өзгерістер демократиялық даму және экономикалық өрлеу жолындағы Қазақстанның жаңа кезеңіне сәйкес болуы керек. Осы талаптар Қазақстанның қоғамдық журналистері одағының жасаған заң жобасында табылады. Ал мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынып отырғаны – тотолитаризмге қарай кері қадам» делінген Президентке жазылған үндеуде.
Сөз болып отырған заң жобасына қатысты «Жас Алаш» газеті былай деп жазды: «Өткен аптада мәжіліс депутаттары әбден қызылкеңірдектеніп, ақыры Ертісбаев ұсынған заң жобасын қарайтын болып келіскен. Ашық айқас кезінде жобаны Ғаділбек Шалахметов қана қолдаған сияқты еді. Дауыс беру кезінде қолдаушы жақ таразы басын басып кетті. Ақпарат құралдарында жобаны 35 адамның қолдағаны көрсетілген. Қарсы шыққандар саны - 25» деп жазды «Жас Алаш».
Аталаған газеттің тағы бір мақаласында Коммунистік партияның басшысы Серікболсын Әбділдин ақпарат министрі болған Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы демократиялық күштер үшін де ауыр болғандығын, бұл оқиғадан кейін демократиялық күштердің белсенділігі қайта серпін алып, бұрынғыдан күшейе түскендігін айтқан. Ал газет тілшісінің «Нұрлан Балғынбаевтың оппозиция қатарына өтуі мүмкін бе?» деген сұрағына С. Әбділдин: «Балғынбаев – ел алдына шықпаса да, бүгінгі саясатқа көзқарасының қайшы келетінін білдіріп жүрген азамат. Демократиялық оппозициядағылармен қарым-қатынасы жақсы. Одан арғысын өзі шешіп жатар» деп жауап берген. Әрі қарай әңгіме «Бақай», «Шаңырақ» елді мекендері төңірегіндегі оқиғалар тақырыбына ауысқанда С.Әбділдин 90-жылдары Алматының төңірегінде мыңдаған жұмыссыз жастар пайда болғандығын, сол кездегі қала әкімі Заманбек Нұрқаділов барлығы «Шаңырақтың» орнынан жер бөліп беру туралы қаулы шығарып бергендігін жеткізген. Кең байтақ жері бар Қазақстанда бастарына лашық тұрғызып, өлместің күнін көріп отырған азаматтарын далаға лақтырудан артық қиянат жоқ деп есептейтіндігін Серікболсын Әбділдин «Жас Алашқа» берген сұхбатында айтқан.
Баспана нарығындағы толқулар туралы мақала «Литер» газетінде басылыпты. «Осы уақытқа дейін ешкімнің бақылауында болмай келген үй салушыларға қарсы парламент пен үкімет бір майданда соғысуда» делінген аталған газеттің мақаласында. Келесі жылдан бастап қоғамдық қатынасты «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатынас туралы» тағы бір заң күшіне енетін болады. Құжаттың дайындалып біткені сол-ақ екен, парламент қабырғасында әрқилы пікір туғызып үлгерді. Маусымның 12-күні көптен күткен жобаның таныстырылымы өткен болатын. Онда ірі құрылыс компанияларының өкілдері аталған заң үлескерлердің ғана мүдесін қорғауға арналғандығын мәлімдеп үлгерді» деп жазды «Литер» газеті.