Осы аптаның басында, дүйсенбі күні, Чешенстанның сепаратистері қуғындағы үкіметтің құрамына өзгеріс енгізіп, Ахмед Закаевтың сыртқы істер министрі болып тағайындалғанын жариялады. Өзіне Ұлы Британиядан саяси баспана берілген Ахмед Закаев осы жылдың басында үкімет құрамынан аластатылғанға дейін мәдениет министрі болып қызмет етті. “Азаттық” Радиосының Солтүстік Кавказ редакциясының директоры Аслан Дукаевқа телефон арқылы берген сұхбатында жаңа сыртқы істер министрі А.Закаев өзіне жүктелген жаңа міндеттері мен сепаратистік қозғалыс лидерлерінің “чешен жанжалының” бейбіт шешімін қарастырып жатқаны жайында сыр бөлісті.
Чешенстан сепаратистерінің жаңа тағайындалған сыртқы істер министрі Ахмед Закаевқа “Азаттық” Радиосынан: «жаңа сыртқы істер министрі ретінде Сізге қандай міндеттер жүктелді?» - деген сауал қойылды. Оған Ахмед Закаев:
“Менің атқарып жатқан міндеттерім мен жұмысым бұрынғы қалпында қалды. Олар өзгермейді және өзгеруге тиіс емес. Президент Абдул-Халим Садуллаев пен үкімет (яғни сепаратистік үкімет) мызғымас стратегияны ұстанады. Оған сәйкес, шетелдерде атқарылған барлық іс-қимыл бір агенттіктен басқарылады. Басқа министрліктер және әсіресе министрлік басшылары елде (яғни Чешенстанда) қалуға тиіс. Олар майдан шептеріндегі ахуалды бақылап отырады және оған орталықтан басшылық етеді”, - деп жауап берді.
“Азаттық” Радиосы Ахмед Закаевтан: “Сіздер “Чешен жанжалының” бейбіт шешімін табуды әлі жалғастырып жатырсыздар ма?” - деп сұрады. Оған сепаратистік чешен үкіметінің сыртқы істер министрі:
“Мен чешен жанжалын және тұтастай алғанда Солтүстік Кавказдағы жанжалды тек қана бейбіт келіссөз арқылы шешуге болады деп сенемін. Біз әлі де болса бейбітшілікке ұмтылып жатырмыз және мен басқа ешқандай жол жоқ деп санаймын. Менің ойымша, оны Ресей билігі де жақсы түсінеді, және Ресейде жанжалдың бейбіт шешімін іздеген адамдардың қатары өсіп келеді. Үкіметтік емес ұйымдарды айтпағанда, Ресей үкіметі өкілдерінің осы проблеманы өз ішінде талқылап жатқанын да мен білемін”, - деп тіл қатты.
“Азаттық” Радиосы чешен сепаратистерінің сыртқы істер министріне: “Чешенстан жанжалын” бейбіт жолмен шешуге деген Сіздің көзқарасыңыз өзгерген жоқ па?” –деген сауал қойды. Оған Ахмед Закаев:
“Соғыстың сонау басында-ақ, Аслан Масхадов (чешендердің бұрынғы президенті) “барлық проблема келіссөз арқылы шешілуге тиіс” дегенді ұсынды. Содан бері біздің көзқарасымыз өзгерген жоқ. Чешенстанның қазіргі президенті Абул-Халим Садуллаев осы бағытты қолдайды. Біздің бейбітшілік пен келісімге қарсы емес екенімізді ол бірнеше рет шегелеп айтты. Ескеретін жалғыз мәселе – біз олардан келіссөзді тағы да сұрамаймыз. Егер қарсыластарымыз осы проблеманы шешу үшін саяси амалды қолданғысы келсе, онда біз, әрине, ондай шешімді қолдаймыз. Сондай-ақ біз үкіметтік емес ұйымдармен арадағы жұмысымызды жалғастыра береміз және осы мақсатта қолдан келгеннің барлығын атқарамыз”, - деп ойын қорыта жауап айтты.