Сейсенбілік баспасөз төрағалық ету тізгіні Қазақстанға ауысқан ТМД ұйымының болашағы қандай деген сауалға жауап іздеген. Астана мен Тегеран арасындағы байланыс тақырыбы да назарға ілігіп отыр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс бабымен Ресейге сапарына «Егемен Қазақстан» газеті ерекше маңызды және жемісті сапар деген баға берген. Осындай бағанамен басталған мақалада Қазақстан мен Ресей басшылары жыл басынан бері төртінші рет кездескендігі айтылады. Мемлекет басшыларының келесі жүздесуі «Үлкен сегіздіктің» Санкт-Петербургтегі саммитінде, және қазақстандық «Казсат» ғарыш кешенінің Байқоңырдан ұшырылу кезінде өтеді. Бұдан басқа күзде Оралда болатын губернаторлардың дәстүрлі кездесуіне де қатысу жоспарланған» деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Сұхбатта ТМД-ның басқару органын қайта құру бағытында жұмыс істелетіндігі туралы айтылып, арнайы құрылған сарапшылар тобы осы ұйымды реформалау жөнінде ұсыныстар дайындап жатқандығы сөз болған.
Сочиде өткен кездесуде Қазақстан ТМД ұйымына төрағалық тізгінін ұстады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының болашағы туралы «Алтын Орда» газеті «біртұтас ТМД елдері жікке бөлініп барады» деп жазады. Аталған басылымда саясаттанушы Берік Әбдіғали да «Еуропа, Америка бірігіп жатқанда бізге де бірлігімізден айрылмауымыз керек. Қазір ТМД-да Ресейдің ықпалы басым болып кетеді деген үрей ғана» деген. Саясаттанушы Әзімбай Ғали мынадай пікір айтады: «ТМД-дан кетер болсақ, бұл бізге пайдасын да, зиянын да тигізбейді. Құр дабыра, айқай-шу болып қалмақ. Назарбаевтың ТМД-ға қатысты ұстанып отырған саясаты дұрыс». Әзімбай Ғалидің пікірінше, Қазақстанның ТМД ұйымынан іргесін алыстатқан Грузияға инвестиция құюы саяси тәуекелге барып отырғанын көрсетеді. «Бұл күткендегідей нәтиже бермесе де, Қазақстанның шешімі дұрыс» дейді саясаттанушы.
Бұл уақытта «КазТрансГаз» компаниясы грузия астанасының газүлестіруші кәсіпорынының мегшік иесі атанды» деп хабарлады «Казахстанская правда» газеті. «Грузия үкіметі «Тбилгазды» қазақстандықтарға 12 жарым миллион долларға сатуға шешім шығарған. «КазТрансГаз» компаниясының Бас директоры Серік Сұлтанғалиевтің айтуынша, Тбилисидегі газ мәселесі жақын арада оң шешімін табады. Ол үшін қазақстандықтар 20 миллион доллар инвестиция құйған. Бес жылдың көлемінде тағы да 62 миллион доллар қаржы құймақшы. Компания басшылары грузияға қазақстандық көгілдір отын сатылуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Қазақстандықтардың меншігіне өткен «Тбилгаздың» тақырға отырғандығы туралы шешім өткен жылы қабылданған болатын» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.
Ал Иран мемлекеті болса жыл сайын қазақстанның 1 миллион тонна астығын сатып алғысы келетіндігі туралы «Экспресс К» газетінде жазылды. Мақалада сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев жұмыс бабымен Тегеранға баруды жоспарлап жатқандығы және Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше болғысы келетіндігі сөз болған. Сонымен қатар, Иран Президенті Махмуд Ахмадинеджаттың маусым айында Азиядағы сенім шаралары кеңесіне қатысу үшін Алматыға келуі де мүмкін екені айтылған. Ал «сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бұған дейінгі аралықта Тегеранға барып, екіжақты қарым-қатынастарды пысықтап қайтады. Иранның халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған ядролық бағдарламасы да осы сапар барысындағы әңгімеге арқау болады» деп жазады «Экспресс К» газеті.
«Қазақстанда атом қаруын жасаудағы басты шикізатт саналатын уранның 750 мың тоннасы бар» деген мәліметті де аталған басылым келтірді. «Уран өндірісі ұзақ жылдар бойы құпия сақталып келген. Елуінші жылдардың өзінде Қазақстанда 15 уран көзі табылған. Ал оны өндіру жұмыстары алпысыншы жылдары басталған. Қазіргі таңда әлемдік рыноктағы уранның он пайызы Қазақстанда өндіріледі. Базарда 1 тонна уранның құны 100 мың доллар тұрады. Оның қасында мұнай бағасы 250 есе арзан» деп жазады «Экспресс К» газеті.