“Әндіжан оқиғасынан” 12 ай өткеннен кейін бір-ақ нәрсе айдан-анық: болған оқиғаның ресми билік жариялаған желісі мен оқиғаны көздері көрген адам құқын қорғаушы белсенділер мен қарапайым өзбектердің айтқан әңгімелерінің арасында аспан мен жердей айырмашылық бар. Көргендердің айтуынша, армия қарусыз бейбіт халыққа оқ жаудырып, жүздеген халықты қырып салды. Ал Ислам Кәрімовтің билігі Батыстың бұқаралық ақпарат құралдарын бұрмаланған мәлімет таратты деп айыптап, Әндіжанда 187 адам, оның өзінде де негізінен лаңкестер немесе милиция қызметкерлері және армия жауынгерлері қаза болды деп мәлімдеді. “Әндіжан қырғының” 1 жылдығы қарсаңында “Азаттық” Радиосының тілшісі Әндіжанда ақиқатында не болғанын саралап көрген еді.
13-інші мамырдағы қарсылықты қанға тұншықтырып басудың алдында жергілікті 23 кәсіпкердің сотына қарсы қоғамдық наразылық болды. Бұл кәсіпкерлерге тыйым салынған исламшыл “Акрамия” ұйымына мүше болды деген айып та тағылды. Оны айыпталғандардың бірі де мойындамады. 2005-інші жылдың ақпан айында сот үрдісі басталмай тұрып, әлгі кәсіпкерлердің компаниялары күштеп жабылып, меншікті дүние-мүліктері түгел тәркіленіп, компания қызметкерлері үйлеріне қайтты. Сөйтіп олар Ферғана жазығындағы онсыз да қаптаған жұмыссыздардың қатарын толықтырды.
Адам құқын қорғайтын белсенділер ресми билікті кәсіпкерлердің активтерін тартып алу үшін оларға жалған айыптар тағып, іс қозғады деп айыптады. Кәсіпкерлердің жақындары мен компаниялардың бұрынғы қызметкерлері соттан олардың ісін әділ қарауды талап етіп, сот ғимаратының сыртына жиналып, талай апта бойы митингілер өткізді. Әндіжанда тұратын адам құқын қорғайтын белсенді Лутфулла Шамсиддинов осы соттың барысын бақылады. Ол халық толқуы мен оны қарудың күшімен басып-жаншудың қарсаңында ғана – 10-ыншы мамыр күні “Азаттыққа” сұхбат берген болатын.
“Cоттың төңірегінде 5 мыңдай адам болды. Жақсы ұйымдасқан түрде олар өздерімен алып келіп орнатқан ұзын сәкілерге қатар отырды. Ешқандай тәртіпсіздік, айқай-шу болған жоқ”, -деп суреттеді сот маңындағы көріністі Шамсиддинов.
Сот 11-інші мамырда шешім шығаруға тиіс болатын, бірақ кейінге ысырылды. 12-нші мамыр күні “кәсіпкерлердің туыстары мен достары ұсталыпты” деген сыбыс тарап, жұрттың ашу-ызасын қоздырды. 13-інші мамырға қараған түні белгісіз біреулер милиция бөліміне, әскери горнизонға және әлгі 23 кәсіпкер отырған түрмеге шабуыл жасады. 14-інші мамыр күні өткізген баспасөз-маслихатында президент И.Кәрімов Әндіжандағы халық толқуы үшін Орта Азияда “Ислам халифатын” орнатуды көздейтін және Өзбекстанда заңнан тыс жарияланған Хизб-ут-Таһрир ұйымын айыптады. Лондонда орналасқан Хизб-ут-Таһрир ұйымы оны мойындамады.
Көп ұзамай Өзбекстанның Бас прокуроры Рашид Қадыров 13-інші мамырдың ертесінде болған оқиғаның ресми желісін естіртті. “Шабуыл барысында қылмыскерлер кезекші бөлімнің 4 қызметкерін өлтірді, төртеуі ауыр жараланды. 264 дана қаруды, 40 қол гранатын, 8 мыңнан астам оқты басып алды. Содан кейін қаруланған банда жақын орналасқан әскери бөлімнің территориясына басып кіріп, көп қару-жарақты, оның ішінде 53 тезатарды, 4 мылтықты және 2 мыңнан көп оқ-дәріні, сондай-ақ ЗИЛ-130 жүк мәшинесін қолға түсірді”, -деп мәлімдеді Р.Қадыров.
Өзбек үкіметінің хабарлауынша, шабуылдағандар 600-дей тұтқында, оның ішінде әлгі 23 кәсіпкерді түрмеден босатты. Кейінірек “Азаттыққа” берген сұхбатында кейбір тұтқын абақтыдан күтпеген жерден босатылғанын және өздерін босатқан адамдарды көрмегенін айтты. Халық толқуы барысында сол күні кешкісін бірнеше автокөлік пен жергілікті кинотеатр өртелді. Бір топ ер кісі Әндіжандағы облыс әкімшілігін басып алды. Басып алғандардың бірі “Азаттыққа” берген сұхбатында өзі бастаған топтың 23 кәсіпкерге тағылған айыптарды түгел жоюды талап еткенін хабарлады. Бірнеше сағаттан кейін оққа ұшып өллген тағы да сол адамның айтуынша, әкімшілікті басым алған топ, сондай-ақ, Ресейден өзбек үкіметімен келіссөз өткізуін талап етті. Жағдай ушыға түсті. Бірақ “қала И.Кәрімов келіпті” деген сыбыс шыққанда, әкімшіліктегі топ өз туыстарын орталық алаңға шығуға шақырды. Қала орталығына шыққан халықтың саны қызық қуған жұрттың есебінен өсе түсті. Жиналған халық тұрмыс жағдайын жақсарту, өз құқықтарын бұзуды доғарып, сыбайластық жемқорлықты ауыздықтау сынды саяси талаптар көтере бастады. Кейбірі тіпті Кәрімовтің биліктен кетуін талап етті.
Халық: “Кәрімов құрысын! Кәрімов құрысын. Ол кетсін! Біздің ешқандай қаруымыз жоқ! Біз өзіміздің құқымызды ғана қорғаймыз! Ол бағаларды түсіруге тиіс. Ол жабылған фабрик пен зауыттарды ашсын!” Осы жиынның барысында ішкі істер министрі Закир Алматов әкімшілікті басып алған топтың жетекшісі Қобыл Парпиевпен келіссөз өткізді. “Әндіжан қантөгісінен” кейін Қырғызстанға қашқан Парпиев “Азаттыққа” берген сұхбатында министрдің өз тобына қауіпсіз дәліз ашып беруге уәде бергенін хабарлады.
“Ол бізге сендер шығып кетіңдер, мен қазір Әндіжанға 20 мыңдық әскерді шоғырландырдым, деді. Керек болса, әскердің санын оп-оңай 65 мыңға жеткізе алатынын айтты. Ол өзінің ешқандай наразылықты немесе кез-келген келіссөзді қолдамайтынын мәлімдеді. Ол бізге, әрқайсың қаласаңдар, Ошқа қарай кетіңдер, керек болса, біз дәліз ашып береміз, деді. Мен оның өтірік айтып тұрғанын сездім. Дәліз ашып, автобус береміз деді. Егер автобусқа отырсақ, барлығымызды қырып салатынын сездім. Содан біз мәжбүр болдық: бұл бізді алдап отыр, оның бізге оқ ататыны анық болды, енді қашу керек деген оймен біз жұртты тарқатуға әреукет жасадық. Ол бізден талаптарың бар ма деп сұраған жоқ, - деп, Парпиев ішкі істер министрімен болған әңгімесін айтып берді.
Осы әңгімеден кейін көп ұзамай, үкімет күштері оқ ата бастады. Журналист Ғалима Бұхарбаева атыс басталған жерде болды.
“Шамамен сағат 5.30 болатын, жүұрт БТР-лердің келіп жатқанын байқады да барлығы айқайлап қаша бастады, біз де жапа-тармағай қаштық. БТР-лердің бірінші легі екеу не үшеу болды ғой деймін. ...өйткені, мен де халықпен қаша бастап, дұрыс көрмедім. Бірақ, кейінірек, 5 минуттай өткенде, басқа БТР-лер көріне бастады да, қашқан халықтың соңынан оқ жаудырды. Оқтар менің маңайымнан ысқырып өтіп жатты. Бұл жан түршіктірді”, - деп Ғалима өзінің басынан кешкенін есіне алды.
Халық қаланың орталығынан жан-жаққа қашып тарады. Кейбірі оққа ұшты. Өзгелері Қырғызстанға қашып құтылды. Шекара бойындағы Тешиктош қаласына жеткендердің бірқатары өздерін қарулы жасақтың тосып алғанын айтады. Қарулы жасақ жұртты қоршап алып, қалай болса солай оқ жаудырған. Әндіжаннан шыққан 33-жастағы Махбуба Зокирова деген келіншек сотта берген жауабында “қауіпсіздік күштері бейбіт халықты қарусыздандырыпты” дегенді жоққа шығарды.
“Біз Тешиктошқа жеткенімізде, ешкімде ешқандай қару болған жоқ. Әйелдер, қартайған кемпірлер, аяғы ауыр әйелдер мен балалар болды. Олар орамалдарын қолдарына алып, одан ақ байрақ жасап, ерлер: “Олар оқ атпайды. Біз шекараға әйелдерді жіберейік. Егер олар оқ атса, бізді ата берсін”, деді. Біз жылжығанда, олар ақ байраққа қарамастан, ата бастады. Ең сорақысы, тіпті Гитлер де ақ байрақ көтергенге оқ атқан жоқ еді. Олар атты. Мен оны өз көзіммен көрдім. Мен өзімнің 4 баламмен ант етемін, олар оқ атты. Олар атып тастады. Бұл сұмдық болды”, - деді Махбуба Зокирова. “Әндіжан қырғынында” және оның ізінше болған оқиғалардың барысында нақты қанша адамның қаза болғанын ешкім айта алмайды. Ресми биліктің хабарлауынша, 187 адам көз жұмған. Ал бірқатар куәгерлер мен адам құқын қорғаушылар, бірнеше жүз халық қырылғанын айтады. Әндіжандағы дәрігер әйел Гүлбаһор Тораеваның айтуынша, қаладағы №15-інші мектеп уақытша мәйітханаға айналды. Бұл әңгімесін дәрігер-әйел “Азаттық” Радиосына “Әндіжан қантөгісінен” 2 күн кейін айтқан болатын.
“Егер біз сол оқиғаны айтатын болсақ, мен Әндіжандағы № 15-інші мектепке өз аяғыммен бардым. Мен сол жерде үйіліп жатқан өліктерді көрдім, мен оны өз көзіммен көрдім. Мен барғанда, 500-дей өлік болды... 500-дей, тіпті одан да көп болды”, - деп, көзі көргенін айтады Гүлбаһор Тораева.
Әндіжаннан Қырғызстанға қашып құтылғандардың 400-ден астамы кейін шетелдерден, оның 15-сі Чехия Республикасынан “саяси баспана” алды. Олардың ауыр жағдайына біз келесі хабарымызда тоқталатын боламыз.