Грузияның ауыл-шаруашылық министрі Михаил Свимонишвили (Mikheil Svimonishvili) Ресейдің грузин шарабының импортына тыйым салынуына байланысты келіссөз өткізу үшін Мәскеуде жүр. Бейсенбі күнгі бұл жабық келіссөз – жоғарғы деңгейдегі алғашқы келіссөз болып отыр. Өйткені Мәскеу грузин шарабының импортына 27-нші наурыз күні тосқауыл қойды. Егер Мәскеудің бұл шешімі күшінде қалатын болса, ол Грузияның шарап өнеркәсібіне орны толмастай нұқсан келтіруі мүмкін. Өйткені грузин шарабының басым бөлігі Ресейге экспортталады. Ресми Тбилиси Мәскеудің әлгі шешімінде “саяси мүдде жатыр” деп мәлімдеді, бірақ сәрсенбі күні Грузия кейбір шарап зауытының сапасыз шарап шығарып келгенін мойындады.
Ресеймен арадағы 2 аптаға созылған “шарап соғысынан” кейін Грузия үшін ақыр аяғында жол ашылған сияқты. Грузин премьер-министрінің сапарын кейінгі ысырып, Грузия жағының ресми тұлғаларымен кездесуден жалтарып келген Мәскеу қиын “ойын” ойнады. Дегенмен де бүгін Ресей келіссөзге дайын тәрізді. Бейсенбі күні Мәскеуге табан тіреген грузин делегациясының құрамы – Тбилисидің алдында тұрған проблеманың маңызын аңғартқандай болады. Грузияның ауыл-шаруашылық министрі Михаил Свимонишвилиге серік болып оның орынбасары, денсаулық сақтау вице-министрі, сыртқы істер министрлігі мен шарап өнеркәсібінің өкілдері және парламент депутаттарының тобы да келді.
Егер бұл ойынның аты “саяси қысым” болса, онда ол көздеген мақсатына жетті. Шарап импортына бөгет қою – Грузияның шарап өнеркәсібін тығырыққа тіреді. Оның күтпеген салдары болды. Грузин президенті М.Саакашвили, Қытайға барған мемлекеттік сапары кезінде, яғни 12-нші сәуір күні, қорғаныс министріне грузин шарабын өткізетін жаңа базар іздеу міндетін тапсырғанын атап көрсетті.
“Елдегі шарап өндіру бизнесі – премьер-министрдің жұмысы, бірақ мен жаңа базарды іздестіріп көру мақсатымен жеке топқа арнайы жауапкершілік жүктеймін. Және мен Ираклий Окруашвилиден осы топқа басшы болуын өтіндім. Бұл - оған жүктелетін қосымша жауапкершілік және НАТО-ға барған сапарынан елге оралған бойда мен оның Украинаға, Шығыс Еуропаға және Балтық теңізі елдеріне бірнеше рет барып қайтқанын қалаймын”, - деді Грузия президенті М.Саакашвили.
Одан да зоры – шарап импортына қойылған бөгет грузин үкіметінің ішінен жік шығаруы мүмкін. Саакашвилидің осы мәлімдемесі Зураб Ногайделидің орнына премьер-министр лауазымына Ираклий Окруашвилиді отырғызу жоспары бар деген қауесет туғызды. Ногайдели болса – бейқам адамның кейпін көрсетіп отыр.
“Президент Саакашвили Ираклий Окруашвилиге үкімет мүшесі ретінде грузин шарабы үшін жаңа базар табу міндетін тапсырды. Президенттің жүктеген міндетін Ираклийдің ақылмен шеше алатынына мен сенімдімін. Бұл мәселені біз президенттің Қытайға барары алдында талқыладық... Мен тағы қайталап айтамын: Ираклий Окруашвили - өзінің басқа міндеттерін атқара білгеніндей, бұл міндетті де сәтті орындай алатынына мен сенемін”, - дейді Зураб Ногайдели.
Бұл шараның грузин үкіметіне бататыны күмән туғызбайды. Сонымен бірге Тбилиси грузин шарабының импортына Мәскеудің бөгет қоюында “саяси мақсат-мүдде бар”, Грузияның бетін Батысқа қарай бұрған саясаты үшін және Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіру мәлімдемесін қолдамаған Тбилисиді жазалауды көздеп отыр деп санайды. Ресей дүкендерінде сатуға тосқауыл қойылған грузин шараптары бүкіл Еуропа мен АҚШ-та емін-еркін сатылу үстінде. Бірақ грузин үкіметінің әлсіз жері - өзінің өте тиімді шарап өнеркәсібін толық бақылауына ала алмай отыр. Өркендеп келе жатқан Ресей үшін жалған шарап шығару Грузияға өткен 10 жылда көп пайда түсірді. Енді жалған шарап шығаратын бірқатар зауыт жабылып, бірақ, министр Ираклий Окруашвили атап көрсеткендей, ондай зауыттар түгел жабылған жоқ.
“Жалған шарап шығаруға қарсы күрес аяқталған жоқ және оған қарсы қатаң шара қабылдау керек. Менің ойымша, Гориде әлі күнге дейін жалған шарап шығарып жатқан бірнеше шарап зауытын жабу керек және Сенакиде шараптың кейбір түрін өндіруді тоқтатқан дұрыс”, - дейді министр Ираклий Окруашвили.
Грузия – аграрлық саласы әлдеқайда басым ел болып қала береді және шарап шығару – жүздеген, тіпті мыңдаған жылдан бері жалғасып келе жатқан төл кәсібі болып табылады. Шарап өнеркәсібінің маңызы мен әлеуетін жақсы түсінетін грузин президенті М.Саакашвили Ресейдің шарап импортына тыйым салған шарасын Мәскеудің Грузияға қарсы “істеген ең жеркенішті әрекеті” деп бағалады. Ал шындығына келгенде, Грузия - әлсіз ел. Кейде ол Ресейдің көңіл-күйіне қарауға мәжбүр болады.