АҚШ президенті Дж.Буш көп жылдан бері өзінің күш-жігеріне еш күмән келтірмейтін тұлға ретінде көрсетіп келді. Кейбіреулер оны тіпті кісі танымайтын тәкәппар деп те санап жүрді. Ираққа қарсы соғыс ашу мәселесіне келгенде өзінің үйреншікті одақтастары – Германия мен Франция АҚШ-ты қолдамаған кезде де Дж.Буш еш асып-саспаған сыңай байқатты. Бірақ Ирақта шийтттер мен сүнниттердің өзара жанжалы басталған соңғы бірнеше айдан бері және ішкі саясатының сан түрлі мәселесіне қатысты өзін қолдайтын Республикалық партия жағынан Дж.Буш жақсы хабарлардан гөрі, жаман жаңалықтарды көп алады. Өзін қолдайтындардың қатары сейілген сайын, кейбір хабарға қарағанда, қараша айындағы сайлауға байланысты науқанын бастаған Республикалық партияның кейбір өкілі президенттен аулақ жүруді ойластырып жатқан көрінеді. Өткен аптада Ақ үйде өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буш өзіне деген сенімнен айырыла бастаған сыңай көрсеткендей болды. Осыған байланысты біздің Вашингтондағы тілшіміз “президент Буш өзінің саясатына көңілі қалғандардың қысымын сезе ме?” деген сауал бойынша 2 саяси бақылаушымен тілдескен болатын.
Өткен аптадағы баспасөз-маслихатын президент Дж.Буш ішкі-сыртқы саясаттың түрлі проблемасына байланысты мәлімдеме жасаудан бастап, оның ізінше журналистердің сауалдарына жауап берді. Ең бірінші болып Ақ үйдегі қарт тілші Элен Томас (әйел) сауал қойды. Алғашқыда Дж.Буш Э.Томаспен дос ретінде сөйлеспек болды. Бірақ әзіл әңгіме ұзаққа созылмай өткір пікір алмасуға ұласты. Тілші әйелдің атап көрсетуінше, Дж.Буштың ең басты проблемасы – жойқын қаруы бар және С.Хусеиннің “Әл-Қаида” ұйымымен байланысы бар деп Ираққа басып кірген соң, Ирақта ешқандай қару болмай шықты. Соған байланысты Э.Томас Дж.Буштан:
“АҚШ әкімшілігіне келген сәтінен бастап неге соғысқысы келді?” деп сұрады.
Президент оған жауап бере бастап, тілшінің өзін бөлмек болған әрекетіне қарамастан кідірмей сөйлей берді.
“Менің ойымша, Сіздің сауалыңызды сыйлауыма және, Сіздің өмір-бақи журналист екеніңізді ескере отырып, өзіңізді сыйласам да, Сіздің болжамыңыз ақиқат емес... мен соғысты қалаған жоқпын. Мені соғысқысы келді деп санау, Элен, Сізді қатты құрметтесем де, тіпті дұрыс емес... (осы сәтте Э.Томас оның сөзін бөлгісі келді), бір секунд шыдай тұрыңызшы, өтінемін! Кешіріңіз, кешіріңізші! Ешбір президент соғысқысы келмейді. Сіз естігеннің барлығы да жай адасқандық”, - деді Дж.БУШ.
Өзге бір журналист Дж.Буштың Америка азаматтарының Ирақтағы соғысқа деген көзқарасын жақсарту мақсатында сөз сөйлеген Кливленд қаласындағы залдың сыртында жұртшылықпен сөйлескенін мысалға келтірді. Журналист Дж.Бушқа деген сенімін жоғалтқан әйелмен әңгімелескенін айтып, президенттен:
“Осы әйелдің сенімін қайта ояту үшін Сіз не айтар едіңіз?” - деп сұрады.
Бұл сауалға Дж.Буш өз әкімшілігі Ирақтан келіп жатқан жақсы жаңалықтарды жоққа шығаратын қанқұйлы бүлікке ойсырата тойтарыс беруге тырысады деп тіл қатты. Оның атап көрсетуінше, жақсы жаңалықтар теледидардан көрсетілмейді.
“Олар (яғни бүлікшілер) – бейбіт өмірді жаруға әзір, міне осылар сіздің телешоуларыңыздан көрсетіліп жатады. Сол себепті де бұл Кливлендтегі Сіз сөйлескен әйелдің жанына батады. Біздің шынында да жеңе алу мүмкіндігіміздің америкалықтарды толғандырғанын мен түсіне аламын. Менің ойымша, америкалықтардың басым көпшілігі біздің жеңіске жетуге тиіс екенімізді түсінеді. Бірақ олар біздің жеңе алатынымызға алаңдайды. Міне, менің бүкіл елді аралап, Кливлендте болуымның көп себебінің бірі - өзімнің неліктен жеңіске жете алатынымызды түсіндіру болып табылады”, - деп жауап қатты Дж.БУШ.
Нью-Йорктің мемлекеттік Кортленд (Cortland) университетінің саяси ғылымдар профессоры Роберт Шпитцердің (Robert Spitzer) пікірінше, бұл жолы Дж.Буш әдеттегісіне қарағанда көбіне ақталып, қорғанғандай болды. Өзінің “Азаттық” радиосына берген сұхбатында профессор Шпитцер атап көрсеткендей, бұдан былай Дж.Буш өткен жарты жылдан бері жиналған барлық нашар жаңалықтың ауыртпалығын, зілдей салмағын сезінуге тиіс. Бірақ, деп ескертеді саясаттанушы ғалым, Дж.Буштың өзіне айтылған сын пікірлерге төтеп бере алмағаны бірінші рет емес. Мысалға, дейді Роберт Шпитцер, 2004-інші жылғы президент сайлауы науқаны кезінде президент Дж.Буш Демократиялық партиядан ұсынылған өзінің бақталасы, сенатор Джон Керридің теріс бағаларына да дәл осылайша сасқалақтағандай жауап беріп келген еді. Профессордың айтуынша, қоғам өкілдерімен сөйлескенінде Дж.Бушқа өзінен бұрынғы 2 президент – Рональд Рейган мен Билл Клинтонның кем дегенде 2 қасиеті жетпей тұрады. Оның себебі: Дж.Бушты әдетте оған ерекше берілген және оған сын жолатпайтын көмекшілері қоршап жүреді.
“Ол өзінің аяғы сияқты бәріне бірдей шапшаң емес. Менің білуімше, ол – жақсы спикер, ол – сәлемі түзу әрі достыққа адал жолдас... бірақ ол Билл Клинтондай бола алмайды және де қойылған қиын (өткір) сұраққа өзіне ұпай беретіндей жауап қайтара алатын қабылеті болған Рональд Рейганға да тіпті жақын ұқсамайды дер едім. Бұл шынында да оның (Дж.Буштың) ең мықты жағы болған емес және бұл – президент билігінде отырған бірінші мерзімінде баспасөзбен тікелей байланысуға жиі бара қоймаған көп себебінің бірі. Кейде ол өзін баспасөзден аулақ ұстады. Енді соңғы айлардағы оқиғалар оның осылай істеуін тіпті қиындатып жіберді”, - дейді Р.ШПИТЦЕР.
Тағы бір саяси бақылаушы Ларри Сабато (Larry Sabato) Дж.Буштың іс-қимылын тіпті басқаша сипаттайды. Л.Сабато – Вирджинияның Шарлоттесвиль (Charlottesville) университетінің саяси сарапшысы. Оның есептеуінше, өткен аптадағы баспасөз-маслихатында Дж.Буш өзін өте жинақы ұстады. Алайда, оның пікірінше, Дж.Буштың Элен Томаспен сөз таластырып қалуы – тіпті басқа мәселе.
“Мен оны одан да бетер қызбаланып тұрғанын көрдім. “Шығыс бөлмеде” немесе тағы басқа жерде өткізген баспасөз-маслихаттарында ол, менің білуімше, шынында да ашуға беріліп, қозып тұрғанында әрдайым бет қаратпайды. Элен Томастың қатысымен болған әлгі баспасөз-маслихатында ол айтарлықтай жұмсақ болды, яғни – ол өзін сырт көзден тыс, тек жақын көмекшілері ғана көретін түрін көрсетті. Ол, жақсы мәлім, мінезі қатты адам және өзімен келіспеген адамдардың бетін қайтарып тастайды”, - деді Л.САБАТО.
Сабатоның айтуынша, егер Дж.Буш өзіне онша сенбесе, өз әкімшілігі атқарған іске көңілі толмаса, онда ол өзінің ең басты көмекшілерінің кейбірін қызметтен босатар еді. Егер ол бірқатар көмекшісін қызметтен босатса, оның саясатында өзгеріс болады дегенді білдірмесе керек, деп ойын қорытады Ларри Сабато.