Қыс маусымын ауа райы жылы да қолайлы Африка құрлығы мен Оңтүстік Азияда өткізген жыл құстары көктем жақындаған соң Еуропаның солтүстігі мен Ресейге және Орта Азияға қарай ұша бастайды. Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау саласының және жыл құстарын зерттейтін орнитолог мамандар жыл құстарының қайтып оралуына айтарлықтай алаңдап отыр. Жыл құстары кейін оралған күнде “құс тұмауының” жайылуы бұрынғыдан да өршіп, бүкіл Еуразия құрылығана таралуы ықтимал. Біздің тілшіміз міне осы проблема бойынша жыл құстарын зерттейтін ғалымдармен тілдескен болатын.
Жыл құстарын зерттейтін орнитолог-ғалымдардың көбі бұрынғы Совет Одағының республикаларына деген үлкен 2 сауалы бар. Оның бірі: жылы аймақтардан қайтқан жыл құстары осы елдерге қашан ұшып келеді? екінші сұрақ: “құс тұмауының” вирусын осы жыл құстары тарата ма?
Жабайы құстарды қорғайтын халықаралық ұйымның жыл құстарын зерттейтін маманы Ричард Томастың (Dr. Richard Thomas) айтуынша, Африка құрлығын қыстап шыққан жыл құстарының көктемде Еуропа мен Азияға қарай қайтуы енді ғана басталады.
Р.ТОМАС: “Жыл құстарының алды Еуропаның оңтүстігіне – Испанияға жетіп жатыр. Олар бірте-бірте солтүстікке қарай ұшады. Олардың Ресей мен Орта Азияға және одан әрі қарай жетуіне әлі талай апта кетеді. Өйткені ол аймақтарда әлі өте суық. Жыл құстарының алды ол жақтарға көкек-мамыр айларына дейін жете қоймайды”.
Р.Томастың атап көрсетуінше, Орта Азияға ұшып баратын құстар үшін Еуропа құрлығы жалғыз жол емес. Оңтүстік Азияда қыстап шыққан жыл құстары тағы бар.
Р.ТОМАС: “Оңтүстік Азияны, Үнді субконтинентін қыстап шыққан құстардың үлкен толқыны болады. Бангладеште қыстаған суда жүзетін құстар көп және, мысалға, Оңтүстік-Шығыс Азияны қыстап шыққан құстар да жетерлік”.
Алайда “құс тұмауымен” ауыратын да, “құс тұмауының” вирусын ең басты таратушы да жыл құстары” болып табылады деген теорияны Ричард Томас дәлелденбеген теория деп санайды. Оның айтуынша, ғалымдар “құс тұмауы” қалай тарайды?” деген сауалға жауап таппай жатыр. Өз тарапынан Р.Томас осы теорияға қарсы болжамын ұсынады. Оның мәлімдеуінше, егер “құс тұмауы” дертін жыл құстары тарататын болса, олардың көбі қысты өткізген Азияда қырылып қалуға тиіс еді. Ал Азияда әлгі дерттен қырылған құстардың басым көпшілігі әлі қанаты қатаймаған шөже кезінде өлді.
Р.ТОМАС: “Өткен күз бен қыста біз нені көрмедік? - Сіздің алдын-ала болжағаныңыздай-ақ, “құс тұмауының” вирусын Оңтүстік-Шығыс Азияға Ресейден және кейін Ресейге жеткізген бірде-бір суда жүзетін жыл құсының Оңтүстік-Шығыс Азияда өліп жатқанын көрген жоқпыз. Біз Үндістанда да дәл солай өлген жабайы құсты көрмедік. Олардың барлығы үй құсын ұстайтын коммерциялық құс фермаларында қырылды немесе ауладағы үй қыстары болатын”.
Осы пікіріне мысал ретінде Р.Томас “құс тұмауының” вирусы Африка құрлығындағы Нигерия мен Нигерде және Мысырда коммерциялық құс фермаларында аңғарылғанын нұсқайды. Міне осының барлығы, деп мәлімдейді Р.Томас, “құс тұмауының” шөжелерге жұғуына шынында жыл құстары айыпты ма? деген сауал туғызады. Әлде – керісінше ме? Р.Томас Қытайдың үй құсын темір жол арқылы Еуропаға және Азияның өзге аймақтарына экспорттауы – “құс тұмауының” вирусын таратудың ең басты жолы болуы да әбден мүмкін деп ойлайды.
“Құс тұмауының” вирусы Қытай тауығының шөжелерімен жетті ме әлде оны жыл құстары алып келді ме, бәрібір, осы көктемде жыл құстарының қайта оралуымен құс дертінің таралу қаупінің де арта түсетіні анық. Р.Томастың айтуынша, жыл құстары оралысымен жұрт өлген құсты немесе қылығы өзгерген құсты байқап жүруге тиіс. Ондай құсты атуға болмайды. Өйткені жиналған құстар үркіп ұшып, вирусты басқа жерлерге жеткізуі мүмкін. Өлген құсты жергілікті мал дәрігеріне тапсырған соң, жұрт қолындағы резеңке қолғабын, бетіне киген маскасын және сыртқы киімін өртеуге тиіс.