Бұрынғы Югославия республикаларының көпшілігі Еуроатлантикалық одақ құрамына қол жеткізетін ұзақ жолдың алдында 2006-ншы жылға аяқ басқалы отыр. Бұл республикалар көздеген осы мақсат-мұратына жете алатынан онша сенбейтін сияқты.
1980-інші жылдардың соңында сол кездегі Югославия жайында мынадай әзіл болды:
Сауал: - “2010-ыншы жылы Еуропада қанша ел болады? Жауап: - Тоғыз! Еуропада Босния мен Герцоговина, Хорватия, Косово, Македония, Черногория, Сербия, Словения және Воеводина”.
Арада 20 жылдай өткен соң бұл әзіл-сықақ бұрынғы Социалистік Югославия үшін негізінен ақиқатқа айналған сияқты. Әрине, Словения – Еуроодақтың да, НАТО-ның мүшесі болды. Демек, Еуроатлантикалық одақпен бірігу туралы басты мақсатына қол жеткізе алды. Хорватияның да осындай мақсатқа жетуіне - бас сауғалап жүрген әскери қылмыскерлерді, оның ішінде бұрынғы әскери қолбасшы Анте Готовинаны ұстап беруден жалтаруы басты бөгет болып тұр. 2010-ыншы жылдың соңына дейін Хорватияның Брюссельде орналасқан екі ұйымның толық мүшесі болып отыра қоятынына бақылаушылардың көпшілігі күмәнмен қарайды. Егер Воеводинаның толық тәуелсіздік ала алуына қандай да бір мүмкіндік болған күнде немесе ол жайында тіпті сөз болуы мүмкін болмаған күнде де, басқа республикалар туралы жоғарыдағы әзілдің 2 есе артық іске асатын түрі бар. Іс жүзінде Югославияның ыдырауы әлі жалғасуда. Еуроодақ тарапынан Сербия мен Черногорияның бір мемлекет болып қалсын деген қысымның болуына қарамастан, олардың бір-бірінен тәуелсіздігі не күшейе түседі, не 2006-ншы жылдың соңына қарай біржола бөлінеді.
Косово өлкесіндегі ахуал одан да күрделі әрі анық. Оны Черногориямен салыстырғанда күрделі дейтін себеп, ресми Белград Сербияның Косовоны өзінің құрамдас, бөлінбес бөлігі деп қарайтын қоғамдық көзқарасын табанды түрде қолдайды. Бұл жердегі ең басты проблема – 2006-ншы жылы жаппай сайлау өтуге тиіс. Ал “Косово мәселесіне” қатысты ұлтшылдық идеология әлі кең қолдау табады.
Оған қоса, егер Косовоның егемендігін мойындауға мәжбүр болғанның өзінде де, Сербия Косовоның үлесінде қалатын тау-кен өнеркәсібін айтпағанда, Косоводағы шағын серб диаспорасы мен тарихи ескерткіштері үшін осы өлкеге деген өзінің ықпалын сақтап қалуға тырысады. Сонымен бірге, қисынсыз көрінгенімен де, Черногорияға қарағанда, Косоводағы ахуал әлдеқайда айқын. Өйткені, Косово халқының 90 пайызын этникалық албандар құрайды және өлкенің тәуелсіздікті көздейтініне ешкім күмән келтірмейді. Премьер-министр Воислав Коштуница сынды Сербияның кейбір саясаткері “косовалықтар өз істерін басқара алмайды” деген желеумен Косово халқының тәуелсіздік туралы талабын үзілді-кесілді жоққа шығармақ болып тырысады. Осындай саясаткерлердің мәлімдеуінше, “тәуелсіз Косово – бүкіл Балқандағы әсіре ұлтшылдықты қоздырып, ұйымдасқан қылмыс пен қылмыскерлерге пана болып, Балқан түбегінің тыныштығын бұзуы мүмкін”.
Қалай дегенмен де, Косово өлкесінің мәртебесі туралы шешуші келіссөз БҰҰ-ының өкілі Мартти Ахтисаари бастаған делегацияның дәнекер болуымен 2006-ншы жылдың басында басталуы мүмкін. Қуатты халықаралық күштердің қадағалауымен “тәуелсіздік беру” – осы келіссөздің қоытындысы болуы мүмкін. Өйткені, Косовода қалатын серб диаспорасының проблемасын шешу және сербтерді албандықтардың қырғын салуынан қорғау үшін, сондай-ақ, өз кезегінде албандықтарды серб күштерінің қайта басып кіруінен қорғау керек болады. Бұл жерде көпшілік үшін аса маңызды сәт: Косованың тәуелсіздік алуы – шынында да іске аса алатын мәселе және халықаралық күштердің басқаруын доғаратын мезгіл жетті. Оның себебі, БҰҰ-ының басқаруы - басқыншылық және ысырапшылдық ретінде бағаланып келеді.
Еуроодаққа және НАТО-ға қабылдануға болашақта мүмкіндіктің болуы – Косово үшін саяси тұрғыдан да, психологиялық тұрғындан да өте маңызды. Өйткені мұндай мүмкіндік, Албанияны қоса айтқанда, бұрынғы Югославия республикаларының барлығына да беріліп отыр. Өткен қараша айында Босния мен Герцоговина – “тұрақтандыру және ынтымақтасу Келісімі” бойынша (SAA) Еуроодақпен арадағы келіссөзді бастауға рұқсат алған Балқан түбегінің ең соңғы елдері болды. Брюссельмен арада мұндай келісімге келу – Еуроодаққа мүше болу жолындағы алғашқы үлкен қадам болып табылады. Дегенмен де Брюссельде орналасқан 2 одақтың біріне таяу болашақта мүше болып қабылдануға Хорватиядан басқа Балқан түбегіндегі бірде-бір елдің анық мүмкіндігі жоқ. Оны Брюссельмен арадағы келіссөзге барған Босния делегациясы басшысының өзі мойындап, “біздің ел толық мүше болу үшін шамамен 10 жылға созылатын “өтпелі кезеңнің” алдында тұр” деп атап көрсетті.
Бірақ Боснияның осы жағдайы байқатқандай және осыған дейін өзге оқиғалардың да көрсетіп бергеніндей, “тұрақтандыру және ынтымақтасу келісімі” бойынша келіссөзді бастау және Еуроодаққа толық мүше болуға деген мүмкіндік - аталған елдер үшін саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға ынталандыратын зор құрал болып табылады. Мысалға, Брюссельде орналасқан 2 одаққа (Еуроодақ, НАТО) мүше болуды аңсаған Македонияның 2001-інші жылы ішкі жанжалды бейбіт түрде басуына көмек болды.
Еуроатлантикалық одақпен ынтымақтасу мүмкіншілігі, іс жүзінде, Сербиядағы сияқты әсіре ұлтшыл топтарды алмағанда, бүкіл Балқан түбегі елдеріне зор саяси ынта-жігер беріп отыр.