Әзірбайжан, Грузия, Түркенстан және Қазақстан сынды кешегі совет республикаларының экономикалық жүйелері 2006-ншы жылы да қарқынды дами беретін болса, тұтастай ТМД елдеріндегі экономиканың даму қарқыны баяулайды. Батыстағы экономикалық жүйелердің көбі өсуін шамамен 1 пайызға дейін бәсеңдетеді. Міне осы көрсеткіштердің барлығы Лондонда орналасқан Экономикалық ақпараттар одағы Институтының соңғы экономикалық болжамынан алынып отыр.
Дафни Тер-Сакарян (Dafne Ter-Sakarian) – “Экономикалық ақпараттар одағы” (Economist Intelligence Unit - EIU) Институтының сарапшысы. Ол 2006-ншы жылға арналған болжам-есепті редакциялады. Дафни ханымның атап көрсетуінше, мұнай бағасының күрт қымбаттауынан шикізат өндірушілердің өздері де жапа шегеді.
“Бұл – мәселенің екінші жағы. Алдымен Сіз мұнай өндіресіз және Сіз одан мол табыс табасыз. Алайда, ақыр аяғында, егер бұл өзге елдерді күрт құлдырауға, Сіздің клиенттеріңіздің дамуын қатты баяулатса, онда Сіздің мұнайыңызды ешкім сатып ала алмайды. Демек осы тұрғыдан келгенде мұнайдың қымбаттауы жақсы емес”, - дейді Д.ТЕР-САКАРЯН.
Д.Тер-Сакарянның айтуынша, шикізаттың қымбаттауы мұнай сатып алушы елдердегі инфляцияны көтеріп, қаржылық-несие жүйесін тапшылыққа соқтырады. Мұндай жағдай “АҚШ-тағы тұтынушылардың сенімін өшіріп, Батыс Еуропадағы экономиканың дамуын баяулатуы мүмкін”. Уоруик университетінің экономикалық сарапшысы, профессор Эндрю Освальд “Экономикалық ақпараттар одағының” осы қорытындысымен келіседі.
“Қымбат бағаның тұтынушыларды үнемді болуға мәжбүрлейтінін кез-келген экономист мойындайды және бұл нарық заңдарының бірі болуға тиіс. Мұнай бағасының қымбаттауы қазіргі экономикалық жүйелердің дамуын тежейтініне тарихи айғақтар көп. Демек, бұл, мен ойымша, өте маңызды қолайсыз факторлардың бірі болайын деп тұр”, - дейді Э.ОСВАЛЬД.
М.Освальд қымбат мұнайдың мұнай импорттаушы елдерге деген жұмыссыздық тәрізді теріс әсері, әдетте, 1 жыл немесе одан да көп уақыттан кейін ғана көріне бастайды деп ескертеді. Мысалға, мұнай бағасының осы күні бірнеше ай бойы қымбат болып тұрғаны келесі жылы ғана сезіле бастайды. Ал Д.Тер-Сакарянның түсіндіруінше, қазіргі күні мұнай сатып алушы елдер бағаның құбылуына төтеп бере алды. Бірақ егер олар егер инфляция деңгейінің өсуін ауыздықтай алмаса, ол қатер болып төнеді. Әйтсе де, Дафни ханымның пікірінше, осы ахуалды қадағалап-бағып отырған Орталық банктердің қолынан көп нәрсе келеді. “Экономикалық ақпараттар одағының” соңғы болжамында міне осы мәселені нұсқап көрсетеді. Болжамға сәйкес, 2006-ыншы жылы Германия, Италия, Португалия және Жапония сынды елдердің экономикалық дамуы әлсіз болады – шамамен 1 пайызды құрайды.
Д.Тер-Сакарянның атап көрсетуінше, мұнай экспорттаушы елдердің көбінде, оның ішінде бірқатар ТМД елі де бар, даму қарқыны жоғары болады. Мысалға, “Экономикалық ақпараттар одағы” экономикалық даму қарқыны Қазақстанда 9 пайызға жуық, Түркіменстанда 9 пайыз, Грузияда 10 пайыз болады, Әзірбайжанда 25 пайызды құрайды, бірақ бұл елде қарқын баяулайды деп болжап отыр. Алайда Дафни ханым “Экономикалық ақпараттар одағы” Ресейдің даму деңгейіне байланысты айтарлықтай сын пікір білдіретінін ескертеді. Өйткені, Ресей дамуға деген әлеуетінің көбін босқа жұмсады.
“Мұнай бағасы мен жалпы ішкі өнім көлемінің көп жылдан бері жалғасып келген өзара байланысы енді бұзылды. Мысалға Ресейде, егер “ЮКОС” компаниясының “ісі” болмаса, егер құрылымдық реформалар тоқырап қалмаған болса, қазіргі қарқыны әлдеқайда жылдам болатын еді”, - дейді Д.Т.-САКАРЯН.
Д.Тер-Сакарянның пікірінше, оның өз сөзімен айтқанда, Ресейде Газпром, РАО ЕЭС немесе Ресейдің “Біртұтас энергия жүйесі” сынды советтік үлгідегі алып жүйелер сақталып қалды. Олардың ысырапшылдығы, икемсіздігі және олардың пайда бермейтін филиалдарының желісі экономикаға кері әсер етеді. Бұл – 2006-ышы жылға қарай тұтастай ТМД елдеріндегі даму қарқынының 6 пайыздан төмен құлдырауының бір сыры болып отыр. Мұнай экспорттайтын бірқатар елдің даму қарқыны жоғары болады, деп мәлімдейді Дафни Тер-Сакарян.
“Шешуші елдердің санатында - Қазақстан мен Әзірбайджан да бар. Бір Ресейге тәуелді болып отырмай, шикізат экспортының бірнеше бағытын ұстады көздеген Қазақстан үшін Қытайға қарай тартылған мұнай құбыры өте маңызды. Ресей бағыты осы күні проблема болып отыр. Баку-Джейхан мұнай құбырынан Грузия да пайда көріп отыр. Осылайша мұның бәрі мұнаймен тығыз байланыста”, - деген тұжырым жасайды Д.Т.-САКАРЯН.