Президенттің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың “Ақ жол” партиясы мен оппозиция өкілдерін сынға алатын мақалалары мен сұқбаттары республикалық басылымдарда әлі күнге дейін талқылануда. Сонымен бірге сайлау алдындағы саяси партиялардың қолға ала бастаған түрлі акциялары республикалық газеттерде әр алуан пікір туғызып отыр.
“Литер” басылымында президенттік “Отан” партиясы төраға орынбасарының кеңесшісі Болатхан Тайжан президенттің саяси мәселелер бойынша кеңесшісінің соңғы кездері ақпарат құралдарына берген сұқбаттары бойынша сын пікір білдіреді. Ол өз сөзінде Ермұхамет Ертісбаевтың “барлық сұқбаттарымен таныс” екендігін айта отырып, “саяси күрестің мұндай насихаттау әдісі қоғамдағы ахуалды тұрақтандыруға, партиялардың қарым-қатынасын реттеуге әкелмейтіндігін” жеткізеді. Сондықтан, Ертісбаевтың “өз оппонеттереріне кінә тағып, күш көрсету тұрғысынан ашық түрде ұруға ұмтылуы көңілге күдік ұялатады”, - дейді “Отан” партиясы төраға орынбасарының кеңесшісі. “Ассанди таймс” газеті Ертісбаев мырзаның “Отан” мен “Асар” партияларын ақпарат құралдары арқылы мадақтауы мемлекеттік қызметкерлердің сайлау науқанында белгілі-бір партияның шашбауын көтеріп, насихат жұмысын жүргізуіне тиым салатын заңға сәйкес келмейтіндігіне тоқталады. Басылым кеңесшінің өзінің бір сұқбатында: “Ақпарат құралдарында саяси мәселелер бойынша белсенді түрде сөйлеу - тікелей өз міндетіне кіретіндігін” айтқанын тілге тиек ете отырып, “яғни, кеңесші мырзаға оппозицияны жеңу үшін қызмет бабымен заң бұзуға тура келіпті”, - деген қорытынды жасайды.
“Жас алаш” газетінде президент кеңесшісінің аты-жөні осы газетті “ұлтараздықты қоздырушы” деп айыптау оқиғасына орай кезекті мәрте аталып өтеді. Онда жазушы Ғаббас Қабышұлы “демократия жолындағы “Жас алаш” пен “Ақ жолды” “Қособада” тоспақшы болған Ертісбаев мырза “көкейіндегі өзіндік ойын айта алмай отырғандай көрінеді”, - дейді. Ол соңғы кезде “өз ойын қорғанбай ашық, адал айта алмайтын” адамдарды жиі кездестіретіндігін тілге тиек ете отырып, “оларды кәніәлау қиын. Жеп жүрген нанын ақтау үшін тыраштанады”, - деп пайымдайды. Сонымен бірге осы газет “Еуразия” рейтинг агеттігінің мемлекеттік қайраткерлердің ықпалдылық реті бойынша келтірген зерттеу қорытындысын жариялай отырып, онда президент кеңесшісінің ықпалды елу адамның қатарына іліге алмағанын айтады.
“Асар заманы” газетінде “Алтын орда” апталығының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы болса, “Жас алаш” газеті “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаевтың құзырындағы басылым дей отырып, бұл партияның жұмыс ісетегіне көңілі томайтындығын білдіреді. Оның айтуынша, “президентті сынаса, нақтылы бір мысалды, нақты бір қателегін алып сынау қажет”. Ол: “ешкім “Ақ жол” партиясының келесі бір теңтөрағасы Болат Әбіловтің дүниенің бәрін тонап, байығанын айтпайды, қит етсе Гиффенді айтып шығатын болды”, - дейді. “Гиффеннің біздің президентке қатысы бар ма, жоқ па – алдымен оны дәлелдеу керек”, - деп есептейді “Алтын орда” газетінің бас редакторы “Асар заманы” газетінде. Алайда, ол “Ақ жол” партиясы бағдарламасының қазақша жағы президенттік партиялардың ескермеген нәрселерін ескергенін аңғарыпты.
“Егер бүгінде биліктің “Отан” партиясы баспана бағасын арзандатуға уәде етіп, жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы мәртебесін көтеруді ойласа, “Ақ жол” мүлдем өзгеше, өз жолымен кетті”, - дейді “Казахская правда” газеті. Олар “отандықтар” сияқты жарқын келешкекке иек артпай-ақ, бүгіннен бастап іске кірісіп, “Бутя - капитал” қорының салымшыларының төлемін қайтаруға даяр”, - дейді газет тілшісі. Оның пікірінше, сайлау науқаны қарсаңында осы акцияны бастай отырып, “Ақ жол” барлығын өте мұқият есептеген. “Яғни, “Бутя капитал” қорының салымшылары қолдарына дивиденттер алғаннан кейін кімге дауыс беретіндіктері айдан анық болады”, - дейді мақала авторы. Ол “Ақ жолдың” “Асар” партиясын басып озып, президенттік “Отан” партиясымен иық тіресуі мүмкін, - деп есептейді.
Ал “Отан” партиясына қарасты “Дала мен қала” газеті болса, саяси сарапшылардың сайлауға түскелі отырған саяси партиялардың ішінен салиқалалысы “Отан”, ал оның төрағасы президент екендігін, әкімшілік күш-қуаты барлығын алға тарта отырып, кей оппозициялық партиялардың сайлауға бойкот жариялау туралы айта бастауы олардың сайлауда жеңіліске ұшыраудан сезгендіктен болар деп топшылайды. “Дала мен қала” газеті “партиялар көбейген сайын олардың блоктарға бірігуі мүмкін” деген болжамның расталатын түрі бар деп есептейді. Басылым Азаматтық және Аграрлық партияның ортақ блок құруы соңғы одақ еместігі күдік туғызбайды деген пікірде.
Ал “Отан” партиясына қарасты “Дала мен қала” газеті болса, саяси сарапшылардың сайлауға түскелі отырған саяси партиялардың ішінен салиқалалысы “Отан”, ал оның төрағасы президент екендігін, әкімшілік күш-қуаты барлығын алға тарта отырып, кей оппозициялық партиялардың сайлауға бойкот жариялау туралы айта бастауы олардың сайлауда жеңіліске ұшыраудан сезгендіктен болар деп топшылайды. “Дала мен қала” газеті “партиялар көбейген сайын олардың блоктарға бірігуі мүмкін” деген болжамның расталатын түрі бар деп есептейді. Басылым Азаматтық және Аграрлық партияның ортақ блок құруы соңғы одақ еместігі күдік туғызбайды деген пікірде.