Мерзімді баспасөз беттерінде үкіметтің кезекті отырысында Министрлер кабинетінің басшысы Даниал Ахметовтің «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасына орай әріптестеріне шүйліккені кеңінен сөз болады. Мәселен, газеттердің бірі премьер бағдарлама жүзеге аспай қалса, үкіметтің отставкаға кетуі мүмкіндігін астарлап жеткізді десе, келесі бір басылым Білім министрінің ғана үкімет басшысынан жоғары баға алғанына назар аударыпты. Алайда, Білім министрінің премьерден жылы лебіз естуіне мүмкіндік берген Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы кейбір басылымдардың көңілін көншітпей отыр.
«Бүкіл ел демін ішіне тартып, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының орындалуын асыға күтіп отырған кезде индустрия және сауда министрлігі оны жүзеге асыру іс-шаралары бойынша берілген тапсырмаға ат үсті қараған», - дейді «Литер» газеті Индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековтің баяндамасын үкімет отырысында премьердің шұғыл түрде теріс бағалағандығына тоқатала отырып. «Қолға алынатын шаралар мен оның құрылымы бағдарламамен сөзсіз қарама-қайшылықта», - депті үкімет басшысы Даниал Ахметов «Үшке дейін санаймын» деген мақалада.
Премьер, газет тілшісінің баяндауынша, министрлерге жарты айда орындалмағанды үш күн мерзім ішінде тәмамдап, «үкімет атқаратын іс-шаралар мен тұрғын үй бағдарламасын толық сәйкестендіруге тапсырма берген. «Бірақ отырыстан соң «сол жауапты министрлер» үкімет басшысын мерзімді, үшінші тоқсанға дейін ұзартуға көндіргенін білдік», - деп хабарлайды «Айқын» газеті «Бағдарлама үкіметті неге үркітті?» деген мақалада. Газет тілшісі Айхан Шәріп премьердің басқа министрлерге:
«Сендерде ар-ұят болсайшы. Мемлекеттік бағдарлама мәртебесін алған, ел президенті бекіткен құжатқа қалай жауапсыз қарадыңдар!» - деп шүйліккеніне егжей-тегжейлі тоқталады.
Оның айтуынша, отырыста «Даниал Ахметов билік үшін, бүкіл мемлекет үшін өмірлік маңызы бар жобаның жүзеге аспай, орта жолда қалуы үкіметті отставкаға жібере алатындығын астарлап жеткізген».
Министр Әділбек Жақсыбеков болса, кілтипанды облыс басшыларынан көрсе керек. Ол «облыс әкімдерінің республикалық бюджеттен бөлінген ақшаны игеруге ғана күш салып, басқа қаржы көздері арқылы жүргізілетін тұрғын үй құрылысына маңыз бермейтінін» атап өткенін жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
Үкімет басшысы индустрия министрі мен оның басқа әріптестеріне «қанағаттандырарлықсыз» деп баға қойғанымен, жақында республика бойынша бірыңғай тестілеу өткізуге бастамашы болған Білім министрі Жақсыбек Құлекеевтің үздіктер қатарынан табылғанын баяндайды «Экспресс к» газеті «Министрлер үшін емтихан» атты мақалада. Мақала авторы «Даниал Ахметовтің оның жұмысын жоғары бағалай отырып, бұл маңызды іс-шара бүкіл білім беру жүйесіне берілген тәуелсіз баға болды» дегенін, сөйтіп, жаңа білім акциясының қорытындысына риза болғанын айтады. Алайда, «Аргументы и факты Казахстан» басылымы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы көңіл көншітпегенін тілге тиек етеді. Мақала авторының сөзіне қарағанда, «тестілеу нәтижесі білім саласындағы өрескел кемшіліктердің бар екендігін көрсеткен». Оның мәліметтеріне қарағанда, әр төртінші түлек жоғары оқу орындарында білім алуға мұрсат беретін 40 балдық межені аттай алмаса, оқушылардың тек 0,7 пайызы ғана үздік баға алған. Ал, мысалы, «2000-ші жылы жоғары балл алғандар 0,9 пайызды құрапты». Газет тілшісі: «Алтын белгі» алуға ұмтылған 2443 мектеп түлектің де тек 748-і ғана жоғары мәртебеге ие болғанын айта отырып, бұл мәселеде оңтүстік қазақстандықтар алдына жан салмағанын аңғарыпты. Әсіресе Шымкенттің бір түлегі балл жинаудан абслоютті чемпион атанған.«Сонымен бірге бұрынғы кездегідей орыс мектептерінің түлектері жоғары білімдерімен көзге түсті», - деген қорытындыға келіпті «Аргументы и факты Казахстан» басылымы тестілеу нәтижелеріне үңіле отырып. Оның есесіне, «Егемен Қаазқстан» газеті үздіктердің басым бөлігі қазақ мектептерінің түлектері болып шыққанына назар аударады. «Казахстанская правда» газеті болса, бұл мәселе үнемі назарда болғандықтан, оған егжей-тегжейлі тоқталуды жөн көрмегендерін айтып, тек «Ұлттық бірыңғай тестілеуге республикалық бюджеттен 539 миллион теңге кеткенін» хабарлаумен шектеліпті.