Алдыңғы хабарларымызда президент әкімшілігінің баспаөз қызметі әкімшіліктің оппозициялық басылымдардың үстінен шағымдауынан бейхабар болып шыққан. Бұл жолы президент әкімшілігінің баспасөз қызметкері Александр Иванов «Азаттық» радиосына әкімшіліктің баспасөзбен және жамиғатпен байланыс бөлімінің меңгерушісі Қосубаев мырзаның өзі қол қойған «Ассанди» газеті мен «Нивигатор» газетінде жіберліген хатта «барлығы айтылған, басқа түсіндірме бермейміз» деген сәлемін жеткізді. Алайда, онда президент әкімшілігі редакциядан «кешірім сұрауды» ғана талап етіп, сотқа шағымдану құқы бар екенін ескертіп қойған.
Дегенмен, бүгінде президент әкімшілігінің сотқа арызданып, бүгінде «сотқа дейінгі дайындық жұмыстарының» басталып кеткендігінен хабардар етті Алматы қаласының Медеу аудандық сотының төрешісі Марат Мақсұтов.Оның сөзіне қарағанда, дайындық кезеңі жеті күнге созылады, егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, онда бұл мерзім 20 күнге дейін ұзартылады. «Іс-шаралардың аясында екі жақ өз уәждері мен айғақтарын соттың назарына ұсынады, - дейді сот төрешісі. Екі таппен әңгімелесу маусымның 18-не белгіленіп отыр. Төреші бұл істі азаматтық істер қатарына жатқызғанымен, онда қылмыстық іске қатысты тұстардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
«Сот отырысы барысында екі тараптың бірінің қылмыстық іске қатыстылығы айғақталса, сот қылмыстық іс қозғау жөнінде полицияға немесе прокуратураға өтініш жасай алады»,- дейді сот төрешісі.
Бірақ әзірге, оның айтуынша, президент әкімішілігінің «Ассанди таймс» газетінің жасанды санын шығаруға әкімшіліктің қатысы бар деген айыпты орынсыз тағып, абыройға нұқсан келтірді деген шағым бойынша іс қаралмақ. Яғни, «әкімшіліктің талабы қанағаттандырылуы немесе одан бас тартылуы мүмкін». Президент әкімшілігі бүгінде өз талап арызында «Ассанди таймс» газетінің баспасөз хабарламасында айтылған жәйттарды оппозициялық газеттердің шындыққа сәйкес емес деп табуын, президент әкімшілігінен жариялы түрде кешірім сұрауын ғана өтініп қоймай, оппозициялық газеттерден моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өндіріп алу мен редакцияның дүние-мүлкін тұтқындау көзделгендігін тілге тиек етті «Ассанди таймс» газетінің бас редактор орынбасары Галина Дырдина.
«Қазақстан» газетінің бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков газеттің таратқан хабарламасында ешқандай айыптаудың орын алмағанын, сондықтан, президент әкімішілігінің сотқа шағымдану арқылы сайлау алдында танымал оппозициялық газетті жабуды мақсат тұтып отыр деген пікірде. «Ассанди таймс» оның арына тиген жоқ. Болуы мүмкін деген варианттың ішінде ғана айтты», - дейді Серғазы Мұхтарбеков.
Оның сөзіне қарағанда, «Ассанди таймс» газетінен басқа да оппозициялық басылымдарға қысым көрсетіле бастаған. «Мысалы, «Сөз» газеті мен біздің газетті салық орындары тексеру үстінде. Мұның барлығы сайлау алдындағы қозғалыс», - дейді оппозициялық бағыттағы «Қазақстан» газетінің бас редакторы.
«Журналистер апатта» қорының жетекшісі Розлана Таукина сайлау қарсаңындағы ақпараттық тазарту науқаны басталып, биліктің нысанына алдымен ел ішінде танымал «Ассанди таймс» газеті ілікті деп есептейді. Оның айтуынша, тап осындай оқиғалар алдыңғы парламенттік және президенттік сайлау қарсаңында да орын алған. Сол кезде Қазақстанда 30 телерадиокомпания мен 40-қа жуық басылымдар жұмыстарын тоқтатыпты.