“Наурыз” банк басшысы әрі президенттік “Отан” партиясының саяси кеңес мүшесі Оразәлі Ержановтың президент әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтің үстінен шағымданып, президентке хат жазды деген ақпарат республикалық басылымдарда қайшы пікір туғызып отыр. Сонымен бірге газеттерде сайлау қарсаңында Қазақстандағы кейбір партиялардың күшейіп, кейбіреуінің керісінше жойылып кету қаупі бар екендігі де айтылады.
Әділет министрі Оңалсын Жұмабековтің әзірше беймәлім бірнеше саяси партияға “заңсыз түрде шетелден ақша алды”, “күштерін қоғамдағы тұрақтылықты бұзуға әдейі жұмсап отыр”, “жала жауып, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың ар-намысына тиеді” деген сыңайда айып таққанына тоқталады “Айқын” газеті. Мақала авторы, министрдің “егер заңсыз қаржы алғандары дәлелденсе, кейбір партиялардың жойылуы мүмкін екендігін” айтқанын жеткізеді. “Бұдан былай, - дейді “Айқын” газеті, - өкілетті органдар елдегі саяси тұрақтылықты бұзуға бағытталған кез-келген әрекетті қатаң тыйып отырмақ”. Бірақ “саяси тұрақтылықты бұзуға бағытталған әрекет” дегеннің шеңберіне қандай іс-қимылдар кіретіні айқын емес”, - деп есептейді “Айқын” басылымы.
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те “Начнем с понедельника” газетіндегі сұқбатында Қазақстанда “соншалықты көп саяси партия құрудың қажеті қанша?” – дейді.
Оның ойынша, партиялардың, әсіресе президенттік партиялардың тұғырнамалары арасында айырмашылық жоқ. Сондықтан да, Әубәкіров олардың да Ресейдегідей үлкен бір партияға бірігуін дұрыс санайды. Алғашқы қазақ ғарышкерінің өзі күзде ғарышқа, бірақ бұл жолы саясаттың көгіне көтерілуді көздеп отыр екен. Бұл идеяны, яғни, Парламент сайлауына түсуді президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсыныпты. Сонымен бірге сұқбатта президент оған сайлауға ешқандай партияның атынан бармауға кеңес бергені сөз болады.
“Литер” газеті соңғы кезде президенттік “Отан” партиясының күшейе бастағанын тілге тиек ете отырып, оның маусымның 15-і күні болатын кезектен тыс съезінде президент партияның сайлау алдындағы тұғырнамасымен таныстыратындығын жазады. Сонымен бірге партия төрағасының бірінші орынбасарлығына бірінші вице-премьер Ахметжан Есімовтің келетіндігі президенттің өз партиясына, парламенттік сайлауға өте үлкен мән беріп отырғандығын көрсетеді деп есептейді “Литер” газеті.
“Ақ жол Қазақстан” газеті “Отан” партиясының саяси кеңес мүшесі әрі “Отан” партиясының саяси кеңес мүшесі Оразәлі Ержановтың президентке үндеу хат жазғанына тоқталады. Онда президент әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов “Қазақстен темір жолы” компаниясының басшысы Ерлан Атамқұловпен екі жыл бұрын банктің жарғылық капиталына 25 миллион доллар көлеміне қатысуға ұсыныс жасағаны баяндалыпты. Газетте келтірілген деректерге жүгінсек, бастапқыда олар банкке үлес ретінде 10 миллион доллар салғанымен, қалған 15 миллионды таба алмайды. Сондықтан, Тасмағамбетов пен Атамқұлов мырзалар биылғы жылдың наурыз айында акциялардан мүлдем бас тартып, бастапқы 10 миллионды қолма-қол ақша түріндей қайтарып беруді талап ете бастайды. Ал бұл үндеуде айтылғандай, банкті қаржылық зардаптарға ұшыратып, ондаған мың банк салымшыларын жапа шектіруі мүмкін екен. Сол себептен, газеттің баяндауынша, банкир аттары аталған екі азаматқа 10 миллионды заңды түрде банктің жүйдегі ретпен қайтаруға ұсыныс жасайды. Алайда, мақалада президент әкімшілігі жетекшісінің ақшаны тез қайтарып алу үшін мемлекеттік органдарды жұмылдырғаны сөз болады. Үндеуде банкте соңғы екі айда 5 тексеріс болғаны, оның үшеуін прокуратура жүргізгені баяндалған. Хатта “шаруашылық етуші субъектілерді жылына бір мәрте ғана тексеруге құқылы прокуратураның” әрекеті президенттің жарлығына қайшы деп табылыпты.
Алайда, “Караван” газеті соңғы санында бұл үндеудің жалғандығы жайлы мәлімдемелер жасалғанына назар салады. Газет тілшісінің сөзіне қарағанда, банкир Ержанов өзінің хатқа ешқандай қатысы жоқтығын айтып, “Отан” партиясы төрағасының орынбасары әрі парламент мәжілісінің спикері Жармахан Тұяқбайдың атына хат жібергеніне тоқталады.
“Караван” апталығы, үндеуді парламентте жариялаған депутат Төлен Тоқтасыновты “Парламентті біресе коммерциялық, біресе саяси есеп-айырысудың алаңына айналдырды” деп айыптайды. Дегенмен, депутат Тоқтасыновтың өзі “Ақ жол Қазақстан” газетінде хатқа Ержановтың өзі қол қойғанын тілге тиек ете отырып, оның өз сөзінен бас тартуының себебін оған қысым көрсетілуі немесе үндеуде айтылған мәселелердің шешілу мүмкіндігінен көреді.