Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров республикалық басылымдардың назарын өзіне аударыпты.
Мәселен, “Айқын” газеті Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің облыстың төлтаңбасын жасауға бел шешіп кіріскенін баяндайды.Төлтаңба үшін жарияланған бәйгенің мақсаты – “аймақтың айрықша тарихын бейнелеп, облыстағы барша ұлттың бабын табатын жергілікті елтаңбаны дүниеге әкелу”, - дейді хабарды таратушы “Айқын” газеті. Ал “Жас алаш” газетінде Тайыр Мансұровтың өзіне қарасты облыста орынсыз әспеттелетіндігі сөз болады. Оған президент Назарбаев пен әкім Мансұровтың Қызылжардан шығатын “Северный Казахстан” және “Добрый Вечер” газеттерінде аттарының аталу мөлшеріне қарап, көз жеткізуге болады деп есептейді газет тілшісі. Мәселен, “Северный Казахстан” газеті Нұрсұлтан Назарбаевтың фамилиясын бір айда 49 рет атаса, Мансұровты 79 мәрте жазыпты. Мансұровтың суреті аталған газетте 13 рет жарияланып, Қазақстан президентінің суреті бірде бір рет жарық көрмеген”, - дейді “Жас алаш” газеті. Сонымен бірге газет Тайыр Мансұровтың Ресейде елші қызметінде жүргенде “сыртқы саясатқа аз нұқсан келтірмегенін” айтып, қазір соның құзырындағы облыста реформалар баяулап, әлеуметтік мәселелер ақсап жатқандығына тоқталады. “Мансұровтың партияларды бөле-жара қарап, кейбірінің соңына шам алып түсу арқылы демократиялық ұстанымдарға қарсы шығып жатқанын да жасыра алмаймыз”, - дейді “Жас алаш” газеті.
“Аргументы и факты Казахстан” басылымы болса, Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың Америкаға ресми сапары барысында Америка Құрама Штаттары мемлекеттік хатшысы Колин Пауэллдің Қазақстанда демократияны нығайтуда айтарлықтай прогресс бар екнідігін айтқанын хабарлайды. Әсіресе президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын қабылдамай тастауы мен сайлау процесін жақсартатын “Сайлау туралы” заңға қол қоюы айрықша аталып өтті”, - дейді “Аргументы и факты Казахстан” басылымы. Газеттің мәліметтеріне қарағанда, маңызды сапар барысында Тоқаев Буш әкімшілігінің өкілдері мен АҚШ конгресінің бірқатар ықпалды мүшелерімен кездескен.
“Үлкен шулы сот процесі қарсаңында ұрымтал министрдің Америка Құрама Штаттарына сапары айрықша мәнге ие болды”, - дегенді айтады Сапа Мекебаев “Время” газетінде. Алайда, “бұл сапардың жалғыз мақсаты “қолдап-қолпаштауды тыңдау” сияқты әсер қалдырды, - дейді газет шолушысы. Оның пікірінше, мадақ сөздерді сол жердегі елші Қанат Саудабаевтың өзі-ақ бос уақытында жиып-теріп қоюына болады ғой. Немесе “телефон арқылы тілдесу министрдің ұшып барып-келуінен мемлекетіміздің қазынасына әлдеқайда арзанға түсер еді”, - деп есептейді мақала авторы. Сонымен бірге ол Қасымжомарт Тоқаевтың жылы лебіздерді АҚШ президенті кеңесшілерінің бірінің орынбасары Стивен Хэдли мен Когресс мүшесі Генри Хайдтен де естігенін тілге тиек ете отырып, енді Буш пен Пауэлл мырзалар Қазақстанға келетін болса, олардың кездесу деңгейі президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев және Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовпен әңгімелесу деңгейінде өтетін шығар деп топшылайды.
“Комсомольская правда Казахстан” басылымы Тоқаевтың Стивен Хэдли мен Генри Хайдпен кездесуіне кеңірек тоқтала отырып, АҚШ президенті кеңесшісінің орынбасарының “Америка Құрама Штаттары Қазақстанның өткен он жылдағы дана экономикасына қол соғатындығын” айтқанын жеткізеді. Ал американдық заң шығарушы Хайд болса, Қазақстанының “қазіргі халықаралық тұрақсыздық аясында әлемдік рынокқа энергия қуатын тұрақты тасымалдауда маңызды рол атқарартындығын” мәлімдепті.
“Литер” газеті, Астанада өткен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша жиналған жұмысшы тобының кезекті отырысында Тоқаев мырзаның осы орайдағы даулы мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жариялағанын хабарлайды. Мәселен, газет тілшісінің хабарлауынша, Мәскеу Каспийді қарусыздандыру жағын көтергенімен, Астана оған анық қарсылық білдіріпті. Сол сияқты бұрын Ресей жағы құп көрмеген теңіз түбімен мұнай құбырын жүргізу идеясын да Қазақстан жағы асықтыра түсуде екен. “Қазақстан бұл құбырды жүргізу үшін барлық Каспий жағалауындағы елдердің экологиялық сараптамасын күтіп отырмай, магистраль өтетін елмен келісуді ақылға қонымды көреді”, - дейді “Литер” газеті. “Бірақ Ресейдің діттегені өзгере қоюы неғайбыл. Сол себептен, әңгіме әлі қиын, әрі нәтижесіз болатын шығар” деп топшылайды газет тілшісі. Ал “Түркістан” газеті болса, Каспий мәселесіне арналған жиындарға мемлекет атынан сыртқы істер министрлігінің қатысатындығын тілге тиек ете отырып, “Қазақстанның мүддесін алға таруы тиіс өкілдердің мүдде түгілі көлеңкеден аспайтындығына” қынжылыс білдіреді. Газет тілшісінің пікірінше,олар “Ресей өкілінің ығынан шыға алмай отырады”. “Бүкіл ұсыныс Ресейдікі сияқты көрінеді де, біздің тараптың өкілі бас шұлғудан әрі бара алмайды. Немесе біздің өкілдер өз уәждерін дербес ұсынудан жұрдай”, - деген қорытындыға келіпті “Түркістан” басылымы.