Қазақстандағы кезекті парламенттік сайлау науқаны қарсаңында саяси партиялардың өзара және билікпен қарым-қатынасы қалай қалыптасуда? Бұл сауалға партияларға қатысты соңғы кезде орын алған түрлі кикілжіңдерді баяндап, партиялардың бүгінгі қызметін сарапатйтын мақалаларды жариялаған республикалық басылымдарды парақтай отырып жауап іздеуге болады.
«Жас алаш» газеті ұсынған Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының зерттеу қорытындысына қарағанда, әлеуметтік сұрауға қатыстырылғандардың басым бөлігі танымал саяси қайраткерлердің қай партияға жетекшілік ететінінен хабарсыз көрінеді. Тек «Асар» партиясының төрайымы Дариға Назарбаеваны жұрттың барлығы білетін болып шыққан. Сұралғандардың көпшілігі, яғни, 23,5 пайызы «Асар» партиясының бағдарламасымен таныс екендерін айтқан, - дейді «Жас алаш» газеті. Ал саяси партиялардың бағдарламаларына салыстыра-сараптау жұмысын жүргізіп жатқан жатқан саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, «қазақстандағы саяси партиялардың «ерекшелігі» партияны бағдарламасына қарап емес, жетекшісіне қарап бағалау басым». «Халық саяси партияны бағдарламасы арқылы бағалауды әлі күнге дейін білмейді», - деген қорытынды жасайды саясаттанушы.
Сонымен бірге осы газет «Мемлекеттік хатшы Оралбай Әдікәрімовтің Президенттің партиясын тәртіпке шақырғанын» тілге тиек етеді. Ол өткен жылғы сайлау кезінде президенттік партияның мүддесіне орай кей жерлерде әкімшілік ресурстардың пайланылғанын мойындай отырып, алдағы сайлауда мұндай әдістерден бас тартып, әділ сайлау өткізуге үндепті. Ал «Экспресс К» газетінде Азаматтық партияның өкілі, парламент депутаты Мұхтар Тінікеев «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбіловтің саяси партиялардың сайлау кезіндегі тәртібі туралы Хартия талаптарын бұзғандығына шағымданады. Оған Болат Әбіловтің теледидардан:
«Қарағандыға барған кезімде, парламентке өту үшін билік бір-екі таныс жігіттерден 200 мың доллар сұраған. Ал сол сайлауда жеңіп шыққан Тінікеев дауыс беруге бірнеше күн қалғанда жергілікті билікке беру үшін 50 мың доллар, Астанаға апару мақсатында тағы да 50 мың доллар іздеп шапқылағаны мәлім», - деген мәлімдемесі мұрындық болыпты.
«Экспресс К» газетінің хабарлауына қарағанда, депутат Тінікеев егер Болат Әбілов жариялы түрде кешірім сұрамаса, ар-ожданыма нұқсан келтірді деп сотқа беруге дайын. Газет тілшісі екі партия өкілдері арасындағы қақтығыстың сайлау алдындағы оқиға екендігін екшелей отырып, оның әрі қарай даму кезеңі маусым айынан ерте болмайтындығын жеткізеді.
Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Ақ жол» партиясын сынға алатын бірнеше республикалық басылымдарда жарияланған әйгілі мақаласы, саясаттанушы Нұрболат Масановтың «Время» апталығындағы пікірінше, сайлау алдында партияларды жаппай даярлыққа келтіруді мақсат тұтады. Ал саясаттанушы Сәбит Жүсіпов сын мақаланың жазылуына «Ақ жол» мен «Асар» партиясының жақындасу ықтималдығы себеп болды деген ойда. Оның айтуынша, мұндай одақ Астанадағы идеологтардың алдын-ала жазылып қойған сценарийге нұқсан келтіреді. «Мұндай үйлесімді альянс «Отан» партиясының парламенттік мандат үшін күрестегі сөзсіз жеңісі жолында кедергі болуы мүмкін. Егер «Асар» «Ақ жолмен» шынайы ынтымақтасса, биліктің нөмір бірінші партиясы қиын жағдайға қалады», - деп есептейді саясаттанушы Сәбит Жүсіпов «Время» газетінде. «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов те «біз биліктің алдағы сайлауларға даярлаған сценариіне сәйкес келмей жатқан шығармыз», - деп топшылайды. «Время» газетінің мәліметтеріне қарағанда, Президенттің кеңесшісі Ертісбаевтың атақты мақаласын жариялауға бірқатар республикалық және аймақтық газеттер нұсқау алған.
«Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиевтің осы газеттегі сөзіне қарағанда, қазіргі кезде тек «Отан», «Асар», Азаматтық, Аграрлы партияларға ғана ешқандай да қысым жоқ. Ал қалған партияларға қатысты барлығын күтуге болады деп есептейді партия лидері. «Азат» газетінде оппозициялық бағыттағы Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы мүшелерінің қысым көретіндігінің кезекті мысалы келтіріледі. «Әр мүшеміздің үйіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері телефон соғып, өзімізді қойып, бала-шағамызға дейін қорқытады», - дейді осы партияның Астана бөлімшесі басшысының орынбасары Мәукен Омаров.
Сонымен бірге осы газет Тараз қаласында Ғалымжан Жақияновты түрмеден босатуды талап еткен митингінің өткенін хабарлай отырып, бұл жиын Қазақстанның үш партиясының, яғни, Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы, Қазақстанның коммунистік және «Ақ жол» партияларының «бұдан былай қарай біріге қимылдайтындықтарын сезіргендей болды», - деп пайымдайды.