“Сенбі күні болатын Қазақстан патриоттар партиясының 5-ші съезінде Запастағы әскерилер Одағының барлық мүшесі партия қатарына қабылданады”, - деді “Азаттық” радиосына Ғани Қасымов жұма күні Одақтың Алматыда өткен 3-ші мәслихатынан кейін. Бүгінде запастағы әскерилер Одағы қатарында 27 мың запастағы офицер бар.
“Бүгінде патриоттар партиясына 7 генерал, 20 полковник мүше, ал жалпы қанша әскери бар екенін нақты айту қиын. Бірақ съезден кейін олардың қатары сөзсіз артады”, - дейді Ғани Қасымов. Ол әскерилер Одағымен арадағы байланысты “бүгінде әскерилер мәселесімен тек Патриоттар партиясы ғана айналысатып отырғанымен” түсіндірді.
Мәслихатта сөз алған әскери қызметкерлер өздерінің әлеуметтік жағынан қағажу қалып отырғандарын баяндады. Мәселен, “Генералдар Кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Рүстем Қайдаров “әскерилердің конституциялық құқығының кемсітушілікке ұшырап отырғанын” айтып, олардың әлеуметтік жағдайындағы қайшылықты “Зейнетақымен қамтамасыз ету” заңындағы олқылықтармен байланыстырды. Мәселен, сол заңға сәйкес әскерилер айлық жалалықыларының 20 пайызын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. “Яғни, олар жәй азаматтар 50 жылда жинайтын қорларын 25 жылда жинайды. Бірақ заңда олардың ерте шығатындығы көрсетілмеген. Ал әскерилер 45 жастан кейін жарамсыз болып қалады. Ал оларды зейнеткерлік жасы – 63-ке келгенше азаматтық жұмысқа жастарына қарай алмайды”, – дейді генерал-майор Қайдаров. “Әскерилер мүддесін қорғайтын депутаттар керек. Өйткені, бүгінде Парламентте әскери мәселеден жақсы хабардар бірде-бір депутат жоқ”, - дейді Генералдар Кеңесінің төрағасы. Сол себептен, мәслихатта әскерилер кезекті Парламент сайлауына Патриоттар партиясымен берлесе отырып қатысып, өз өкілдерін сайлау додасына қосуды жоспарлап отырғандары айтылды.