Өлім жазасына кесілгендердің жоғары жаза түріне мораторий жарияланғаннан кейінгі жағдайы қандай? «Комсомольская правда Казахстан» басылымы соңғы санында осы мәселе төңірегінде қалыптасқан кереғар жағдайға тоқталады. Газет мәліметтеріне сенсек, бүгінде Қазақстанда өлім жазасына кесілген 20 адам бар. «Өлімге кесілген қылмыскердің мораторий жарияланғаннан кейін бірден басқа жоғары жазалау түрін, яғни, өмір бақи түрмеде отыру жазасын алуы қисынды сияқты. Алайда, барлығы біз ойлағандай оңай емес», - дейді газет тілшісі Вадим Береговой.
«Өлім жазасына кесілгендер мен өмірлік жаза алғандарды шатастыруға болмайды, - депті Әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов газетке берген түсіндірмесінде, - Егер мораторий алынып тасталған жағдайда өлім жазасына бұйырған үкімдер қайта күшіне енеді. Ал өмір бойы абақтыда отыруға жазаланғандар өлімнен қорықпауларына болады. Олар өмірлерінің соғы күндеріне дейін жазаларын өтейді».
«Вице-министр Сабыржан Бекбосыновтың сөзіне қарағанда, өлім жазасына бұйырылғандар қатарындағы ауыр қылмыс жасағандарға арнап Шымкенттегі қаңырап тұрған ескі тергеу изоляторын қайта жабдықтайды. Бірақ Қостанайда 200 орындық арнайы жазалау учаскесі дайын әрі бос тұрса, тағы бір айрықша қорғалатын мекемені салудың қанша қажеті бары түсінксіз. Әлде, өлім жазасына кесілгендерді өмір бақи жазасын өтеуге тиісті қылмыскерлерге қарағанда ерекше күзету керек пе?», - дейді газет тілшісі.
«Айтпақшы, бірнеше жылдан соң өмір бойы жазасын өтеушілерге арналған тағы бір колония іске қосылады. Бұл жолы Павлодарда. Өйткені, Қостанай облысындағы жаза өтеу орны – уақытша ғана», - деп тәмамдалады «Өлім жазасына тартуға да, рақымшылық жасауға да болмайды» деген мақала.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үлкен көлемде қаржы жымқырған деп айыпталған Талапкер Иманбаевты елге беру туралы сұрауын қанағаттандырудан АҚШ мемлекеттік департаменті бас тартты деп хабарлайды «Экспресс К» газеті Бас прокурордың орынбасары Әбдірашит Жукеновтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып. «Әзірге біздің қаһарманымыз қазақстандықтардан ұрлап алған ақшасын шетелдегі бірнеше банктердегі шоттарға бөліп қойып, толассыз шашуда.
Ал жалпы Ішкі істер министрлігі мен экономикалық және сыбайластық пен жемқорлық қылмысымен күрес Агенттігінің жариялаған іздеуіне бүгінде 3952 адам ілігіпті», - дейді газет тілшісі. «Оқу, оқу және оқу. Қазақстанда он екі жылдық білім беру концепциясы қабылданды». «Экспресс К» газетінің алғашқы бетінде орналасқан бұл мақалада «Үкімет білім берудің жаңа моделін мақұлдағанын, енді оны енгізуге қанша ақша кететін есептеу мен жұмыс істеу қалғанын, ал алда он бір жыл бар екенін» жазады.
«Білім тұжырымдамасы Үкіметтен қолдау тапты» деген мақалада «Егемен Қазақстан» газеті үкімет отырысында білім берудің жаңа моделіне көшуге дайындықтың сөз болғанын жазады. «Денсаулық сақтау министрі Досқалиев тұжырымдама дер кезінде жасалғанын, Отанымыздағы 80 пайыз ұл мен қыз 5 жастан дайындық тобында болатынын, 6 жастан мектепке әзір екенін, ол мұны мамандардың сараптауына сүйеніп айтып отырғанын» жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
Алайда, мәселен, «Оңтүстік Қазақстанда барлығы 989 мектеп бар, оны 78-і өзбек мектептері. Бірақ оның бірде-біреуі он екі жылдықты енгізу экспериментіне қосылуға дайын емес. Экспериментті кейінге қалдыруға тура келді. Өйткені, жаңа бағдарлама бойынша жазылған оқулықтар жоқ» - деп хабарлайды «Аргументы и факты Казахстан» басылымы. «Білім беру реформасының концепциясын педагогтар ортасы салқын қаблдады. Өйткені, оны жүзеге асырғаннан мұғалімдер үлкен бір өзгерістер күтпейді – ешімге кәсіби өсу, сағат жүктемесін азайту немесе жалақы көлемін арттыру уәде етілген жоқ», - деп жазады «Известия Казахстан» басылымының тілшісі Полина Корн «Педагогикалық поэма. Үкімет білім берудің даулы концепциясын қабылдады» деген мақалада.
Газет тілшісінің пікірінше, «Реформа жобасымен танысқан мұғалімдердің бәрі бір ауыздан бұл реформаларды өмірге кім енгізеді деп айта жаздады. Өйткені, бүгінде мектептерде негізінен орта немесе егде жастағы адамдар жұмыс істейді. Жастардың мұнда келмейтініне сегіз-тоғыз жыл болып қалды. Өйткені, қазіргі мұғалімдер алатын жалақыға отбасын асырау былай тұрсын, дұрыс киіну мүмкін емес». «Екіншіден, мұғалімдерді дайындайтын жер жоқ. Педагогикалық жоғары оқу орындарының көпшілігі баяғыда-ақ университеттерге айналған», - дейді «Известия Казахстан» басылымы.
Ал «Нөлдік білім» деген мақалада «Казахстанская правда» газеті Оңтүстік-Қазақстан гуманитарлық академиясын тәмамдағалы отырған студенттерінің білімін тексеру кезінде «тестілеуден өткендердің қалыпты көрсеткіш жетпіс пайыздан төмен болмауы тиісті жағдайда олардың білім көрсеткіштері нөл пайыз бен 17,39 пайыз аралығында құбылғанын» жаза отырып, «Тіптен тегін білім алса да, мұндай мамандар кімге керек? Жалпы мұндай жеке меншік оқу орындары республикаға қажет пе?» деген сауал тастайды.