Мерзімді басылым беттерінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі туралы, “БАҚ туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына қатысты кереғар пікірлер берілген материалдар жарық көрді.
“Караван” апталығы Ішкі істер министрлігіндегі реформалардың жалғасатындығын хабарлайды. “Жаңа жыл қарасаңындағы министрдің жарлығына сәйкес жол полициясы қатарында тек ақылды, күшті және бойы 170 сантиметрден төмен емес жігіттер істей алатын болады”, - дейді Татьяна Тен. Ал бүгінде Қазақстандағы жол полицейлерінің 65 пайызының жоғары арнаулы білімі жоқ. 15 пайызы тек орта мектепті ғана тәмамдаған. “Бүгінде жол полициясында кім істемейді дейсің?! Мал дәрігерлері, мұғалімдер, бухгалтерлер... Мысалы, Батыс-Қазақстан облысындағы жолда тіптен хореография училищесінін бітірген биші де тұр”, - дейді Ішкі істер министрлігінің жол полициясы департамент басшысы Өмірзақ Тұсымов мақала авторына.
“Қазақ әдебиеті” газетінің хабарлауына қарағанда, Алматы қаласындағы тарихи жәдігерлердің бірі – “30-шы жылдары нақақтан жала жабылып, ұсталған алаштың ардақты азаматтары Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, бірінші прокурор Есқараев тергеуде отырып, азапталған НКВД-ның “ішкі түрмесі” жермен-жексен болып бұзылып жатыр”. “Мәдени мұра” бағдарламасын қолға алып жатқанда, “кешегі жантүршіктірер зұлымдық пен хайуандықтың ордасы болған, әр кірпіші мен әр сүйем жеріне дейін алаш боздақтарының қаны тамған” орынның қиратылуы – тархимызға, халықтың ұлттық санасына жасалып жатқан қиянат деп білеміз”, - дейді Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығы төрағасының орынбасары Жұмабек Ашуұлы. “Қазақстан халықтары ассамблеясы – достық діңгегі, түсіністік тірегі” деген мақалада газет тілшілері Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясынан репортаж ұсынады. “350-ден астам Ұлттық-мәдени орталықтардың жұмыстары жанданып жатқандығы – Ассамблея атқарып жатқан жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл қоғамдық ұйым бүгінгі таңда Қазақстандағы 130-дай ұлт пен 40-тан астам діндер мен конфессиялар арасындағы достықтың діңгегі, түсіністіктің тірегі, қатынастың құралы”, - дейді Ұлықбек Есдәулет пен Қуаныш Ахметов. Ал “Ассанди таймс” газетінің шолушысы Мұхаметжан Әділовтің айтуынша, “оппозиция Ассамблеяны баяғыдан бері президент әкімшілігінің қарамағындағы қоғамдық ұйым, аса мәртебелі есімге арнап шағымдар мен ұсыныстар айту құқығы бар, оның штаттан тыс бөлімі деп есептейді. Ассамблеяның атынан басқа ештеңесі жоқ екенін ескерсек, елдегі этникалық теңдік, ұлтаралық тыныштық пен діни өзара түсінушілік оның қызметінің нәтижесі деп айту қиын”. Мақала авторы Ассамблеяның кезекті басқосуында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзінің маңыздысы баяндаманың ресми мәтініне кірмегеніне назар аударады. “Мысалы, Қазақстан президенті халықаралық ұйымдарға қаратып былай деді: “Бізді дұрыс түсініп, ішкі істерімізге араласып, қандай заңдар қабылдап, қандайын қайтарып алуға кеңес бермеуді өтінеміз”. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық және шетелдік журналистердің, журналистік және құқық қорғаушы орындардың Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңға қарсы біріккен акциясына жауап берді. Ал осыдан мынандай қорытынды жасауға болады: демокартиялық еркіндік пен адам құқығын шектеу бағыты жалғаса береді”, - дейді “Ассанди таймс” газеті.
“Ақ жол Қазақстан” газетінің тілшісі Нәзия Жоямергенқызы “Қош бол, демократия” деген мақаласында былай дейді:”Ақпарат министрлігі ұсынған БАҚ туралы жаңа заң Қазақстандағы демократияның дамуына кері әсер етпек. Адам құқығы бойынша халықаралық ұйымның Қазақстандағы жетекшісі Евгений Жовтистің айтуынша, Халықтар Ассамблеясы жиылысында президент Назарбаевтың “халықаралық ұйымдар бізде қандай заң қабылданатындығына қатысты бұйрық бере алмайды” деген сөзі алаңдаушылық тудырды. Демек, сарапшылар тарапынан сынға ұшыраған заң жобасына Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюы әбден мүмкін. Ондай жағдайда қазақ қоғамына қош бол, демократия дегеннен басқа сөз айта алмаймыз.”
“Келер жылы “халықтың көзі һәм құлағы” саналатын БАҚ-тың тағдырын ақпарат минстрлігі ашса алқанында, жұмса жұдырында ұстай ма, әлде журналистер бірігіп ереуілге шыға ма? Ереуіл демекші, әзіл-шыны аралас осы пікірді Қостанайда болған бір кездесуінде Дариға Назарбаева айтып қалып еді”, - деп еске түсіреді “Начнем с понедельника” газетінің тілшісі Асхат Еркімбай.
“Қаңтардық 1-нен бастап “Жарнама туралы” және “БАҚ туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңдарға сәйкес ақпарат құралдарында алкоголь өнімдерін, электронды ақпарат құралдарына тіптен темекі өнімдерін жарнамалауға тиым салынады. Алайда, жарнамалар жалғаса береді”, - деп есептейді “Новое поколение” газетінің тілшілері. Олардың айтуынша, “бүгінгі күннің өзінде ішімдіктер жарнамалық роликтерде өз атымен аталмайтын болды. Енді сыра – жаһұттас, нұр шашып тұрған ішімдік.”
“Панорама” апталығы 1 доллардың бағамы соңғы үш жылда алғаш рет 144 теңгеден төмендегенін, сарапшылар жаңа жылға дейін оның құлдырай беретіндігін айтқанын жазады.