Мерзімді басылым беттерінде Шымкенттің қатардағы тұрғыны үкіметті сотта жеңіп шығып, 300 мың теңге өндіріп алғаны туралы хабар және жуырда Қазақстан үкіметінің басшылығы кезекті мәрте ауысуы мүмкін деген болжам айтылған талдау материал жарық көрді.
“Ассанди таймс” апталығы оқырмандар назарына бірнеше саяси болжамдар ұсынады. Мәселен, “Қаржы полициясы агенттігі тарқап, оның орнына Ішкі істер министрлігінің 9-шы бөлімшесін қоса қылғытатын Сыбайластық пен жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес Агеттігінің құрылатыны ресми түрде жарияланды. Оның тізгінін қазіргі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, жақында президенттің отбасымен құдандаласқан Берік Имашев алатын шығар”, - деп есептейді газеттің саяси шолушысы Дулат Мұстаев. Алайда, оның айтуынша, бұл орынға жақында туған күнін тойлаған Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиевтің келуі де мүмкін. Сондай-ақ, келесі жылдың қаңтар, әрі кетсе, ақпан айында премьер-министр Даниал Ахметов орынтағын босатуы, ал оның орнын қазіргі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов басуы мүмкін деп топшылайды шолушы. “Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын” деген мақалада Нұрахмет Кенжеев “Ақ жол”, Коммунистік партия және Қазақстанның патриоттар партиясының сайлауға байланысты ортақ акциясы – жаңа саяси ұйымның басы деп есептейді. Сонымен бірге осы мақалада ол бейсенбі күні Алматы қаласында экс-премьер Нұрлан Балғымбаев “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаевпен кездесті дегенді айтады. Газеттің бас мақаласы Қазақстан президентін қаралау мақсатында “Компромат.ру” сайтында жарияланған оның екінші отбасы туралы материалды қайтара шығару кімге тиімді деген мәселеге арналады.
Ал “Начнем с понедельника” газетінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтің экономикалық болжамдары айтылатын “Қазақстан реформа бойынша бірініш орын алады” деген сұқбаты жарияланған. Мәселен, министрдің айтуынша, келесі жылдың соңына дейін Ұлттық қорда 4 миллиард доллар жинақталуы тиіс. Оның айтуынша, экономикалық дағдарыс бола қалған жағдайда әлеуметтік төлемдерді қиыналмай төлеу үшін шамамен осыншалық қаржы қажет. Сондай-ақ министрдің мәліметтеріне қарағанда, келесі жылдың бюджетіне сайлау науқаны үшін 1 миллард 200 миллион теңге бөлу жоспарланған.
“Көрші Ресейдегі сайлау додасын тамашалауға ең ынталы топ – қазақстандық парламент мүшелері болып шықты”, - деп жазады “Новое поколение” газетінің тілшісі Талғат Қалиев “Былғанған алмалар” деген мақаласында. Оның айтуынша, “депутат Ерасыл Әбілқасымов Дума мандаты үшін күрес нәтижесін сараптай отырып, ресейлік Оңшыл күштер Одағы мен “Яблоко” және отандық Қазақстан демокртиялық таңдау қозғалысын байланыстырады.”
“Шымкент тұрғыны үкіметті сотта жеңіп шықты”, - деген ақпарат таратады “Панорама” апталығы. Газет мәліметтеріне қарағанда, полиция Валерий Григорянды оның қалыңдығының өліміне қатысы бар деп орынсыз күдіктеніп, оншақты күн қамап қойғаны үшін жапа шегуші үкіметтен 300 мың теңге айыппұл талап етіп, оған қол жеткізген.
“Бөтен елдің кедейлері қажет емес, республика тек бай шетелдіктерді құшағына алуға даяр” деген мақалада “Караван” апталығының тілшісі Андрей Петренко Қазақстанды ұзақ тұрақтағысы келетін шетелдіктерге арнап үкіметтің жаңа ереже әзірлегенін жазады. Ол бойынша республиканы мекендегісі келген басқа елдің кез-келген азаматы ішкі істер орындарына Қазақстанның бір банкісінен өзінің жеке шотында 1320 мәртелік айлық есеп көрсеткіш көлемінен кем емес қаржысы бар екендігін айғақтайтын анықтама әкелуі тиіс. Қазір бір айлық көрсеткіш 872 теңгені құрайды.
“Деловая неделя” апталығында белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың көлемді сұқбаты жарияланған. Онда ол қазіргі әдеби-мәдени процестерге баға берумен қатар, кейбір саяси мәселелерге тоқталған. Мәселен, ол өзінің еуразиялық интеграцияның жақтасы екенін айта отырып, Орталық Азия аймағына Еуропалық Одақ моделі үлгі бола алатынын тілге тиек етеді.
“Қазақ әдебиеті” газетінің тілшісі Дәурен Қуат “Көркем әдебитеттің көлеңкесінде қалған қазақ журналистикасы” деген мақаласын: “Тіл деп шулаймыз. Баспасөздегі мемлекетік тіл мәртебесін ұлықтауға ынталымыз. Бірақ тіл мен ақпараттық технологияны қалай үйлестіреміз, көркем әдебиеттің көлеңкесінде жамбастап жатып ұйықтаған, ендігі халі тым жұпыны қазақ журналистикасын қайтсек дамытамызға саятын сауалдарға жауап тапай әр нәрсені жақауратып жүрміз. Амал қане?” – деп тәмамдайды.