Мерзімді басылым беттерінде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Алтынбек Сәрсенбаевтың өз еркімен отставкаға кетіп қана қоймай, мемлекеттік қызметпен мүлдем хош айтысқанына қатысты оның қазақстандық басылымдарға берген сұқбаттары және тағы басқа қоғамдық-саяси оқиғаларға орай хабарлар жарық көрген.
«Қазақстанның Ресейдегі елшісі Алтынбек Сәрсенбаев өз қалауымен отставкаға кетіп қана қойған жоқ, ол мүлдем мемлекеттік қызметтен кетті», - деп хабарлайды «Новости недели» газеті. Газет: «Елшінің өз қалауымен қызметтен кетуі - жаңа Қазақстанның тарихындағы алғашқы оқиға», - дей отырып, оқырмандардың назарына «саяси сенсацияның айыпкері» Сәрсенбаев мырзаның өзімен шағын сұқбат ұсынады. Онда бұрынғы елші отставкаға кету себебін: «Ең бастысы, мен мемлекеттік қызметкер мансабын тәмамдап, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуды жөн көрдім», - деп түсіндіреді.
«Біздің қоғамымыздың азаматтық институттарын нығайтуға үлес қосуға тырысамын. Мен президентке де тап солай айттым», - дейді Алтынбек Сәрсенбаев. Ол президентпен болған әңгімесіне түсіндірме беруден бас тарта отырып: «Президент менің тұжырымдарыммен келісті ғой деп ойлаймын», - деп қысқа қайырады. Сондай-ақ «қарашаның 9-ы күні өтетін «Ақ жол» партиясының съезінде оны партияның жетекші қызметіне ұсынады деген әңгіменің бар екендігі» туралы сауалға ол: «Бұл сұраққа түсіндірме бере алмаймын. Әлі ерте», - деп жауап беріпті.
Ал осы сауалды қойған «Экпресс К» газетінің тілшісіне: «Белгілі бір уақытқа дейін бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Жалпы алғанда партия қызметімен айналысу жоспарымда бар», - деп жауап берген. Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі осы газеттің тілшісіне берген сұқбатында президенттің оған Мемлекеттік қызмет бойынша агенттікті басқаруды ұсынғанын жасырмапты.
Ал «Егемен Қазақстан» газеті 2004-ші жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланатындығын, «осы мақсатта алдағы жылдың қаңтар айында Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин келетіндігін, Қазақстандағы Ресей жылының ашылу салтанаты осы сапарға сәйкестендірілетіндігінен» құлағдар етеді.
«Тәуелсіз мемлекеттер достастығы энергетиктерінің интерграциясы экономикалық мәселелерге орай тежелуде», - деп жазады «Изветия Казахстан» газеті «Энергетикалық тәуелділік» деген мақалада. Газет тілшісі Татьяна Абраменконың айтуынша, «бүгін барлығы бір-бірімен жақындасып, Еуропалық Одаққа ұқсағылары келеді. Алайда, барлық энергетикалық компаниялар бұған пісіп-жетілген жоқ. Өйткені, бұл үшін тек тілек қана емес, алдыңғы қатарлы тәжірибе, ақша және ақша, ең бастысы – уақыт қажет».
Қазақстан адам сауда-саттығы бойынша, АҚШ мемлекеттік департаментінің «қара тізімінен» шығып, «енді құл сату бойынша күрес жүргізіп отырған екінші топтағы мемлекеттердің қатарына қосылды», - дейді Наталья Соколова
«Комсомольская правда Казахстан» газетіндегі «Буш Қазақстанды қара тізімнен сызып тастады» деген мақалада. Ал «Аргументы и факты Казахстан» газеті Астана қаласында өткен кәсіпкерлердің кезекті форумында Қазақстан президентінің «жеке меншікті жария етуді қолдап, тіптен капиталды жария етуді қайтара өткізуді ұсынғанын» «Жария ету, екінші акт» деген мақалада тілге тиек етеді.
Сондай-ақ осы газетте Талдықорғанда велосипедпен жүретін полицейлер отрядының қызмет ететіндігі генерал Әлік Ішпекбаевтың сұқбатынан белгілі болады. «Заң газетінде» жарияланған «Жол бойындағы «жылу жинау» жоғала ма?» деген мақалада Қалбай Әділ МАИ қызметіндегі парақорлық мәселесіне тоқталады. Мысал ретінде ол «Алматы - Қарағанды» тас жолындағы Шамалған бекетінде МАИ қызметкерлерінің өткен-кеткен көліктерден «салық» жинайтындығын, «тіптен автобустардың шопырының полицейге қолына 200 теңге ұстатып, ақша жинайтын қолбаласын жібере салатын үрдіс шыққанын» тілге тиек етеді. «Егер салық заңды болса, олар ең болмаса мысықтың құлағындай қағаз бермей ме? Жүргізушілер түгел бұл әдетке үйренген. Кәдуілгі болуға тиіс тірліктей көреді», - дейді «Заң газетінің» тілшісі.