«Қазақстанның демократиялық таңдау қозғалысының лидері Ғалымжан Жақиянов жаңадан қозғалған 4 қылмыстық іс бойынша өтетін сот процесіне дайын екендігін айтты», - дейді Парламент сенатының депутаты Зәуреш Батталова дүйсенбі күні «Азаттық» радиосының тілшісіне.
Сенатор Батталова Жақияновпен қазанның 31-і күні Құсмұрын түрмесінде кездескен. Бұл сапарының себебін ол былай түсіндіреді:
«Ең бірінші мақсатымыз – депутат ретінде Ғалымжанның жағдайын білу. Ол жүдеу көрінгенімен, «халім жақсы» дейді. Оның өкпе ауруымын науқастанғаны бәрімізге белгілі».
Бірақ әзірге дәрігерлік сараптау жүргізілмей отыр, оппозиция лидерінің түрмеде қайтара өкпе дертімен ауру қаупі бар деп есептейді сенатор. «Өйткені, түрмеде осы жұқпалы аурумен науқастар бар. Олар арнайы изоляторда тұрып, емделеді. Дегенмен, түрменің қазіргі жағдайына қарағанда, Жақияновтың өкпе дертімен ауру қаупі үлкен».
«Бұл бізді қатты алаңдатады», - дей отырып депутат, Жақияновтың президентке жазған рақымшылық жасау туралы өтініші жаңадан қозғалған 4 қылмыстық істі желеу етіп, қараламай жатқандығын еске түсірді. «Жақиянов жағдайдың қиын екенін түсініп отыр. Бірақ мойымай, сотқа әзірленіп жатқандығын айтты».
Зәуреш Батталованың сөзіне қарағанда, Жақиянов өзінің бұрынғы адвокаты Елена Ребенчукпен қатар тағы бір кәсіби адвокатты және Қазақстанның демократиялық таңдау қозғалысының саяси кеңес мүшесі Петр Своикті қоғамдық қорғаушы ретінде алу жөнінде тергеушінің атына арыз жазған. «Ғалымжан Жақияновтың өзі жаңадан қозғалған қылмыстық істер бойынша өзін айыптымын деп есептемейді».
Петр Своик жексенбі күні өзіне Жақиянов телефон арқылы қоғамдық қорғаушы болуы туралы өтінішін жеткізгенін растады. «Мен, әрине, келістім. Өйткені, менің бұл орайда тәжірибем бар. Алайда, мені тергеу ісіне жібереді деген сенімім үлкен емес», - дейді Своик. Оның айтуынша, «тергеу ісі ғана емес, мен қорғаушы ретінде құқығым бойынша шағымдана алатын прокуратура да, сот та тәуелді екені мәлім».