Мерзімді басылым беттерінде Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында суық қару қолданып, адам өлтіру жиіліп кеткендігіне, Қазақстан президентінің жұбайы, «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның Дүниежүзілік сыйлықпен марапатталғанына, қызы Дариға Назарбаеваның «Асар» партиясының құрылтай съезін өткізгеніне қатысты мақалалар жарық көрді.
«Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы жасөспірімдердің қолынан төрт адам мезгілсіз көз жұмса, биылғы жарты жылға толмас уақыт аралығында қайғылы көрсеткіш беске жетіпті. Оған бес ауыр дене жарақатын қосыңыз», - деп хабарлайды «Алтын орда» газетінің тілшісі Роза Бекетаева. Оның айтуынша, «статистика жасөспірімдер қылмысының 70 пайызы облыс орталығы – Шымкент қаласында болатынын көрсетеді.
Қылмыс себебі - әр түрлі: лидерлікке таласу, ұрлық, әлеуметтік тапқа бөліну, әлімжеттік т.с.с». «Облыстық прокуратураның анықтағанындай, мектеп оқушыларының арасында бұзықтық жасайтындардың көпшілігі дәулетті отбасының балалары болып шықты және олар әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, есепке де түрмаған. Сонда, байдың баласына сот жоқ па?» - дейді журналист.
Ол мысал ретінде тамыз айында Шымкентте 25 оқушының жаппай төбелес шығарып, оқ атысқанын, содан бір жасөспірімнің қаза болғанын айтады. Қылмыс болған орында мемлекеттік нөмірлі ВАЗ – 21099 автокөлігінен екі кесілген мылтық (обрез) пен қолдан жасалған пышақ табылған.
Ал «Эспресс К» газеті соңғы санында Шымкент қаласында үш оқушының «2030» базарының күзетшілерінен «Сайга» қаруын тартып алу үшін қолдан жасалған пышақ, арқан пайдаланып шабуыл жасамақшы болып тұрған кезде ұсталғанын хабарлайды. Полицейлерге олар: «Біздің мектебімізге келіп, үнемі қоққан-лоққы көрсетіп, балалардың ақшаларын тартып алатын жігіттер бар. Егер күшті қаруымыз болса, біз қару-жарағы бар оларға төтеп бере алар едік», - деп уәж айтқан.
«Егемен Қазақстан» газеті: «ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор, академик Лихачев, Рим папасы Иоанн Павел екінші, Уортер Мэй, Джордж Сорос тағы басқа әлемнің әйгілі азаматтарының қатарында енді Сара Алпысқызы да бар», - деп хабарлайды. Себебі, бұл жолы Қазақстан президентінің жұбайы Сара Назарбаева «өзіндік таным пәлсафасы мен кітап оқу мәдениетіне қосқан айтулы табысы үшін Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапатталыпты». Сыйлықты табыс ету рәсіміне жазушының өзі Шыңғыс Айтматов пен академик Рустан Рахманалиев қатысқан. «Өз кезегінде сөз алған Сара Алпысқызы қонақтарды ұрпақ қамы жолындағы атқарған еңбегін елеп-ескергені үшін ризашылығын білдіріп, 13 миллионға таяу балалары бар Орта Азиядағы кітап оқу мәдениеті орталығының төрайымы болуға келісімін беріпті».
«Новости недели» газеті «Абай атындағы опера және балет театрының енді балет пен операны ғана емес, партиялық иедяларды да еске салатындығын жазады». Газет тілшісі Асқар Омаров онда сенбі күні «Асар» партиясының құрылтай съезі өтіп, оған «Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаева ойлағанымыздай, төрайым болды», - деп жазады. Газет тілшісі басқа партиялардың съезіне қарағанда, бұл жиында «тәртіп көбірек болып», «дауыс берудің «Кім қостайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды? Бір ауыздан» деген жаңылтпаш ырғағында өткенін, кім илгіштің жанында тегін чех сырасы мен футболкалардың таратылғанын» тілге тиек етеді.
«Аргументы и факты Казахстан» басылымында Виктор Гербер «Бір сынақтың баяны» деген мақаласында 2001-ші жылы сынақ түрінде енгізілген ауыл әкімдерін сайлау кезінде әкім болған ақтөбелік азаматтың бүгінгі тіршілігінен хабардар етеді. Сонымен бірге осы газеттегі «Алыс елде не іздейміз?» деген мақалада жуырда Қазақстан қарулы күштерінің инспекторлық тобының Ирақтан келгенін, олардың айтуынша, «біздің жауынгерлер Ирақта өздерін жақсы сезінетіндіктері соншалықты, үйге қайтуға асықпайтындықтарын» жазады.
«Жас алаш» газетінің тілшісі Көсемәлі Сәттібайұлы Жамбыл облысында Мойынқұм өңірінде жергілікті тұрғындарға үкімет сексеуіл жинауға тиым салғанын, ал сол жақта Андасай мемлекеттік қорығы ауқымында ауқатты араб азаматтарының аңшылық құратындығына наразылығын білдіреді. Ал «Заң газетінде» Құттыбай Сыдық «Тоқылдақ пойызға тоғытылдық» деген мақалада Қызыорда облысындағы теміржол саласындағы келеңсіздіктерге тоқталады.