Алдыңғы хабарымызда зейнетақыны қайта есептеуге байланысты парламент депутаттарының пікірлерін ұсынып, осы хабарымызда осы мәселе бойынша бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері Николай Родостовец пен Әлихан Бәйменов өз ойларын ортаға салатындығын айтқан едік. Соған орай редакциямызға көптеген тыңдармандар телефон соқты.
«Зенетақы тағайындау деген әрдайым әділдікпен жүргізілуі керек. Адамның еңбекқысына, қызметіне, жасына қарай... Қайта есептеу жүргізіп, барлығының зейнетақысын бірдей теңестіре түстік дейді. Менің сұрайын дегенім: осының өзі әділдік пе?» - дейді алматылық зейнеткер Кәкімбек Наржанов. Ал экс-министр Николай Радостовец Әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген зейнетақыны қайта есептеу механизмін толығымен әділ деп есептейді. Оның айтуынша, «мұндай механизм әзірлегендер сала бойынша коэффициент арқылы әділдік орнатуды көздеп, жалпы алғанда, олар мақсаттарына жетті. Өйткені, жаңа механизм зейнеткердің еңбек ету мерзімін, жалақы көлемін, зейнеткерлікке шыққан кездегі жұмыс істеген саласындағы орташа жалақыны ескереді». Ал Әлихан Бәйменовтің пікірінше, «сала аралық қарым-қатынасты алайық, ондағы орташа жалақыны алып бөлудің өзі дұрыс емес. Неге? Өйткені, кеңес дәуірінде салалардың арасындағы жалақы айырмашылығы еңбек өнімділігіне немесе сол қызметке деген сұранысқа байланысты болмай, саяси түрде бекітілді емес пе?! Мысалы, танк пен трактор жасаушы токарьдің жалақысы екі түрлі. Ол - танк жасаудың пайдасына шешілді. Өйткені, қорғаныс саласындағы жалақы жоғары болды.»
Оның айтуынша, «қайта есептеу мәселесінде Үкімет әзірліксіз келген. Алдымен есептемей жатып, айтып жіберіп, сонан кейін әзірлікке кіріскен. Мысалы, үкіметтің жұмысынан кейін туындайтын мәселе – келесі жылғы тағайындалған зейнеткерлерге не болады деген сауалға жауап бермейді. Өйткені, бұл қаулы қабылданғанға дейінгілерге ғой. Ал одан кейінгілерге не болады? Сондықтан, мұның жаңадан мәселелер тудырғаны анық.»
Алайда, Николай Родостовец көптеген зейнеткерлер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәлімдеме жасамаса да, «бұрынғы біркелкілікті жойып, ақыры әлеуметтік орнатқанына президентке риза екендіктеріне кәміл сенімдімін», - дейді. Десек те, редакциямызға тефон шалған ардагерлердің басым көпшілігі жаздағы қайта есептеу нәтижесінде зенетақыларына үстеме ақы ала алмағандарына қынжылып, шағымданады. Мысалы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер аулының тұрғыны, Соғыс ардагері әрі мүгедегі Әбдінұр Матаев зейнетақысына қосымша үстеме ақы ала алмағанын айтты. «Ауданда көпшілігіне қоспай жатыр. Неге олай екенін түсінбейміз. Әрі-бері ізденіп көріп едік…Ауданнын фондысына қарай дегенді шығарып жатыр, әйтеуір. Халықты қинап, алакөңіл жасап отыр.»
Сонымен бірге телефон шалушылардың келесі тобы үстеме ақының қосылуына қарамастан, оның мардымсыз күйде қалуын тілге тиек етті. «47 жыл дәрігер болып қызмет еттім, - дейді телофон шалған Фатима есімді қартаң әйел, - 1993-ші жылы зейнеткерлікке денсаулығм нашарлап, мұгедек болғандықтан ерте шықтым. Ақыры 5 жарым мың теңге зейнетақы алып келдім. Ал 10 мың теңгеге қол жеткізгеніме екі ай. Бірақ осы зейнетақы жеткілікті деп ойлайсыз ба? Азық-түлік қымбаттай түсуде, дәрі-дәрмек пен дәрігер қызметінің құны тағы белгілі. Сондықтан, зейнетақы үстеме ақыға қарамастан жеткіліксіз»
«Зейнетақы біздің елде және шекаралас басқа елдерде қандай екенін әрдайым ескеру қажет», - дейді Николай Родостовец. Мәселен, оның деректеріне қарағанда, «біздің елімізде ең төменгі зенйетақы 37 долларды құраса, Белороссуияда 27 доллады, Ресейде – 18, Өзбекстанда – 11, Тәжікстанда – 1 долларды, Молдовада – 9, Қырғызстанда – 4 долларды құрайды. »