Қыркүйектің 7-сі күні Варшава қаласында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының адам құқығына арналған кезекті жиынында қазақстандық құқық қорғаушылар мәлімдеме жасауда.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының оған мүше елдердегі адам құқығына қатысты кезекті жиыны өтуде деп хабарлады Адам құқығы мен заңдылықты сақтау бойынша халықаралық бюро жетекшісі Евгений Жовтис Варшава қаласынан қыркүйектің 7-сі күні. Оның мәліметтеріне қарағанда, жыл сайын өтетін ресми бұл жиынға ұйымға мүше 55 ел өкілдерімен бірге бірқатар үкіметтік емес қоғамдық бірлестік өкілдері қатысуда.
Евгений Жовтистің айтуынша, басқосудағы басты мәселе - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше елдер ұйым алдындағы адами өлшемдер, дәлірек айтқанда, адам құқығы бойынша міндеттемелерін қалай орындайды деген сауал төңірегінде ой бөлісу.
«Орталық Азия елдерінде адам құқығы бойынша жағдай онша жақсы болмағандықтан, құқық қорғаушы ұйымдар, үкіметтік емес бірлестік тарапынан көптеген наразылықтар бар», - дейді бюро жетекшісі.
Мәселен, «дүйсенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықты сақтау ұйымының бұқаралық ақпарат құралдары бойынша арнайы өкілі Фрайнет Дуве Қазақстандағы, Өзбекстандағы, Қырғызстандағы, Түркіменстандағы жағдайды өткір сынға алды», - дейді Жовтис мырза.
Ол Орталық Азиядағы сапарынан кейін осындай ой түйіпті. «Сонымен бірге халықаралық құқық қорғаушы Хьюман Райтс Отч ұйымының өкілі де Орталық Азия аймағындағы жағдайды қатты сынаған.. Оның баяндамасында саяси тұтқындар, оппозицияның саяси қызметке араласу құқығы және Орталық Азия елдерінің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының алдындағы міндеттемелерін бұзуына қатысты барлық мәселелер қамтылды», - дейді Жовтис мырза.
Оның сөзіне қарағанда, «жиын нәтижесінде ұйымға мүше елдердегі адам құқығына қатысты ахуал сарапталып, кеңестер қабылданады. Бұл Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтамақтастық ұйымының оған мүше елдерге қатысты саясатына әсер етеді».
Қыркүйектің 6-сында, яғни, жиынның алғашқы күні сайлау процесі, сайлау туралы заңнама, ұйымға мүше елдердің өз азаматтарының сайлау және сайлану құқығын қамтамасыз ету мәселесі көтерілген. Қыркүйектің 7-сі күні адамдардың қоғамдық ұйымдарға бірігу, бейбіт шеруге шығу құқығы қаралуда. Осы мәселе төңірегінде өтетін дөңгелек үстелде Алматыдан барған Евгений Жовтистің де баяндамасы қатысушылардың назарына ұсынылды. Сонымен бірге осы күні жиын аясында тікелей Орталық Азиядағы сөз бостандығына арналған дөңгелек үстел үстел өтіп, оған Қазақстан тарапынан «Әділ сөз» ұйымының жетекшісі Тамара Қалеева баяндама жасауда. Бейсенбі күні жиынға келгендер ұйымға мүше елдердегі тәуелсіз сот және жемқорлық пен сыбайластық мәселесін қозғауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ бұл үлкен жиынға ресми тұлғалардан Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымындағы миссия басшысы емес, қатардағы өкілі мен Қазақстанның адам құқығы бойынша омбудсманның ғана қатысуы Евгений Жовтистің таңданысын тудырыпты.