Мерзімді басылым беттерінде Ұлттық қауіпсіздік өкілдерінің «оккультті секта өкілдерін жауапқа тартуға тырысып отырғандығы» туралы және Алматы өңірінде жуырдағы 3-5 жылда зілзала болу мүмкіндігі күрт артатыны туралы хабарлар берілген мақалалармен бірге елдің экологиялық, экономикалық мәселелеріне орай материалдар жарық көрді.
Мемлекет қарамағындағы «Жас алаш» газеті Қазақстанның Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысуының дұрыстығына және болашақта Ресеймен бірге Еуроодаққа ену мүмкіндігіне күмән келтіреді. «Әлгі төрттіктің ішінде Қазақстанның экономикасы басқаларына қарағанда, әжептәуір еңсе көтеріп қалды деп күнде айтып жүрген жоқпыз ба? Ендеше сол елдердегі ауы мен бауы жиналып бітпей жатқан ауыр экономикалық проблемаларға, соңына экономика саясатқа тәуелді болатындықтан, тіпті, саяси шиленістерге өзіміз бас сұқққандай болып жүрмейміз бе? «Ресей Қазақстанды қолтықтап, Еуроодаққа мүше болып қалуы мүмкін» деген әлгі бір әңгіменің құр қауасет, бәлкім, БЭК-ті тезірек құру үшін әдейі таратылған қауесет шығар», - деп тұжырым жасайды «Жас алаш» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек.
«Жуырдағы 3-5 жылда Алматы аймағында жер сілкінісінің болу мүмкіндігі күрт артады», - деп хабарлайды «Эспресс К» газетінің тілшісі Әсел Төлегенова Сейсмология ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне сүйене отырып. «Сейсмология институты зілзала болуы мүмкін үш учаскені белгілеп отыр: олар – Алматының оңтүстік жағындағы тауда, қаладан оңтүстік-батысқа қарай, Қаскелеңнің оңтүстігіне қарай және Шелек ауданында. Бұл аудандарды бақылауға алу мақсатында мемлекеттік бюджеттен 100 миллион теңге бөлінген. Тұп-тура осындай көлемдегі ақша бюджеттен «өндіріске енгізу үшін озық технологиялар жасауға» арнайы Ғылым қорына бөлінген екен. Бұл жөнінде «Начнем с понедельника» газетінің «Осындай ақшаға әлемдік деңгейдегі технологиялар жасауға бола ма?» деген сауланамасында айтылады. Газеттің қойған сауалына Парламент депутаттары Гусинский, Иванов, Тұрысов: «Әлбетте, мүмкін емес», - деп жауап береді. «Бұл ақша аз, оған қоса оны қайда жіберетініміз де белгісіз. Өйткені, оларды салатын дайын тұрған жобалар жоқ», - дейді Мәжілістің бюджет және қаржы комитетінің төрағасы Қаратай Тұрысов.
Павлодарда Ұлттық қауіпсіз комитетінің қызметкерлері оккультті секта мүшелерін жауапқа тартуға тырсуда деп хабарлайды «Комсомольская правда Казахстан» басылымы. Бұл қылмыстық іске шілде айында полицейлер павлодарлық әйелдің өлген қызының мәйітін үш жыл бойы үйінде сақтағаны негіз болған. Ал полицияға үш жыл бойы қарындасын көрмегенін айтып қыздың ағасы шағымданған. «Ұлттық қауіпсіз комитетінің мәліметтеріне қарағанда, әйел оккультті тәжірибеге қатысқандықтан, қызының өлімін ұзақ уақыт жақын туысқандарынан жасырып келген».
«Известия Казахстан» газетінде Игорь Воротой «халықаралық ұйымдар қазақстандық үкіметке республикада адам сатудың бар екендігін дәлелдеді», деп жазады. «Қазақстанның құқық қорғау орындары қазіргі құл сатушыларға байланысты қылмыстық іс сирек қозғайды, ал олардың сотқа жетуі мүлдем сирек», - дейді журналист. Қазақстанда былтырғы жылы 4-7 мың адам құлдыққа сатудың құрбанына айналған.
«Ойрандалған орман, қаусаған қарағайлар» деген «Заң газетінде» жарық көрген мақалада: «2003 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департментінде заңсыз орман шабуға байланысты 10 қылмыстық істің беті ашылып, соның салдарынан мемлекетке миллиондаған теңгенің шығыны келгенін», - хабарлайды департамент басшысы Есберген Алауханов .
«Қыркүйектің 20-сы күнгі мәліметтер бойынша, астықтың 90 пайызы жиналды. Алайда, солтүстік аймақтарда кейбір қалаларда нан бағасы қоса қымбаттады», - деп жазады «Казахстанская правда» газетінің журналистері бас мақалада. Мәселен, Павлодарда нан қыркүйектің ортасында 24-25 теңге тұрса, қазір олардың құны - 29-30 теңге.