Мерзімді баспасөз беттерінде саяси, экологиялық, әлеуметтік маңызды деректер жарияланған материалдар жарық көрді.
“Мен келістім” деген сөзді айтқан жоқпын. Ғалымжан Жақиянов көзбояушылыққа наразы” деген мақалада “Сөз” газеті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің “Қазақстан Демократиялық таңдау қозғалысының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жақиянов саяси қызметтен бас тарттым деп айтты”, - деген ақпаратының жалған екендігін хабарлады.
Газеттің айтуынша, қыркүйектің 19-ы күні сенатор Зәуреш Батталова Құсмұрын түрмесінде болып, тұтқындағы Жақияновпен жүзбе-жүз кездескен. “Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы “оппозиция лидерімен саяси сауда-саттық ұйымдастырмақшы болды”, - дейді Зәуреш Батталова.
Ал Жақиянов өзінің рақымшылық жасау туралы өтінішінің тек қана заңдық негізі бар деп, оның осы тұрғыдан шешілуін талап еткен. Сол кезде қауіпсіздік комитетінің мүшелері оның үстінен жаңа қылмыстық істер қозғалатындығын ескерткен. “Ғалымжан оған мән бермей, өз позициясында қалды”, - дейді Зәуреш Батталова. Сол кезде бейне таспаны өңдеу әрекеті жүзеге асқан. Яғни, “Сіз Дүтбаевпен кездесуге келісесіз бе?” деген сауалға Жақиянов: “Иә, мен келісемін”, - деп жауап берген. Ал қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мәтіннің тонын теріс аударып, журналистердің назарына әдейі өңделген бейнетаспаны ұсынған.
“Ғалымдар “Протон” зымырандарының құлаған жерлерінде кешенді зерттеу жүргізді. Дәрігерлер жергілікті халықты, биологтар мен экологтар топырақ, су мен ауаны бірнеше мәрте зерттеді, біз осы аумақта гептил мен оның өнімдерінің болу мүмкіндігін қарастырдық. Басты қорытынды: экологиялық апат болған жоқ”, - деп тұжырым жасайды Ұлттық Ғылым академиясының академигі Еділ Ерғожин “Аргументы и факты Казахстан” басылымында жарияланған “Байқоңырды сақтау керек” деген сұхбатында. Алайда, оның айтуынша, “алаңдауға негіз жоқ емес. Зымырандардың қалдығы түскен жерлердегі топырақтағы зиянды заттар белгіленген межеден 10-20 есе артық екендігі анықталды”, - дейді профессор Ерғожин.
“Арал теңізінің құрғауының кесірінен жыл сайын ауаға 1 миллион тоннаға жуық зиянды тұздар таралады”, - дейді Асқар Омаров “Новости недели” газетіндегі “Өліп бара жатқан теңіздің үлкен мәселелері” деген мақалады. Автор келтірген мәліметтерге жүгінсек, Арал аймағындағы құлазыған шөл даланың аумағы жылдам кеңейіп барады. 30 жыл аралығында Аралдың радиусы 150 шаршы метрге тарылып, оның айналасындағы 30 мың текше шаршы метр қу тақырға айналған.
“Жер кодексі” ауылшаруашылығы санатындағы жерге жеке меншік құқын беріп отыр, яғни, ол көптеген адамдадың көңілінен шығып отыр деген сөз”, - деп түйіндейді Парламент депутаты Ермек Келемсейіт “Жеріңді сақтағың келсе, оған иелік ете біл” деген сұхбатында. Алайда, “жер бағасының қымбаттағаны орта шаруалардың жер иесі болуына қиындықтар туғызуда. Қазір ең қымбат егістік жер – Оңтүстік Қазақстан облысында, оның бір гектары құнарлығына қарай 130,5 мың теңгеден 204, 4 мың теңгеге дейін бағаланған ”, - деп хабарлайды Мұхаммедсапа Абдуллаұлы “Қазақ елі” газетінде.
Ал “Эспресс К” газетінде Әсем Тоқаева “Айрықша ретсіздік” деген мақалада Өзбекстан елшілігі мен Қазақстан сыртқы істер министрлігі арасында орын алған түсініспеушілікке тоқталады.