Мерзімді басылым беттерінде жаңа тағайындаулар туралы және тағы басқа қоғам өміріндегі саяси-әлеуметтік, мәдени жаңалықтар жарық көрді.
“Елдің полицай туралы пікірі қалай болса, Зауытбек Тұрысбеков туралы пікірі де тап сондай. “Апама жездем сай” дегеннің кері келді”, - деп жазады “Жас алаш” газеті соңғы санында жаңадан тағайындалған Ішкі істер министрі жөнінде алғашқы мақаласында.
Осы мақаламен жапсарлас орналасқан “Тұрысбеков Тұрысовтардың мәселесін шеше ме?” деген материалда, Мәжіліс депутаты Қаратай Тұрысовтың баласы мен келінінің қарақшылардың қолынан қаза болған қылмыстық істің ашылмай қалғанына меңзей отырып:“Қайырбек кетті, іс қалды... Кеткенде де, атқарылмаған істердің қабырғасын ырситып, Зауытбектің ауласына тастап кетті. Ал Тұрысбеков Тұрысовтардың мәселесін шеше қояды дегенге сену тағы қиын”, - деген қорытындыға келеді “Жас алаш” газеті.
Сондай-ақ осы газетте Әмірхан Меңдеке Жаңабек Жетіруов деген режиссердің Кенесары туралы деректі фильм түсіретіндігін және оған “бұл жолы ешқандай шетелден маман шақырылмайтынын” қуанышпен жариялайды. Ал “Егемен Қазақстан” газетінде ақын Олжас Сүлейменов өзінің Махамбет туралы кино сценарийін жазғанын хабарлайды. Оның айтуынша, “фильмді “Қызыл жусан” деп атау ұйғарылған. режиссері - ресейлік Сергей Бодров дейтін танымал кинометографист.”Бұйырса, баба тойы қазанда Парижде жалғасатын болады. Баба поэзиясы француз тіліне аударылатын болады”, - дейді Олжас Сүлейменов “Егемен Қазақстан” тілшісіне.
“Қазіргі таңда Махамбет тектес тұлғаларды “тентек”, “тіл табуды білмейтін”, “бірдеңені бүлдіретін” жұғымсыз “ деп таниды”, - дейді Мәжіліс депутаты әрі ақын Фариза Оңғарсынова “Алтын Орда” апталығындағы “Мен оны туысымдай көретінмін” деген сұқбатында. Оның айтуынша, “қай заманда да билік тізгінін ұсатағандар қара халықтың, одан шыққан ақыл-парасат иелерінің пікіріне құлақ салудан жырақтайды. Билік деген - өзінен басқаны ойлатпайтын дерт”. Ал “саясат деген – жұтпа сор, оның маңына жақындаған адамның шырмауынан шығуы қиын” - деген ойға келіпті депутат Оңғарсынова “Алтын орда” апталығында.
Ұлттық қауіпсіздің комитеті төрағасының орынбасары Қозы-Көрпеш Қарбызовтың журналистермен кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Астана қаласында миллиардтаған теңге бюджет ақшасының қолды болғанын тілге тиек еткенімен, фактілердің мән-жайын “айтуға әлі ерте” деген желеумен осы тақырыптағы әңгімені жылдам доғарып, оның есесіне брифингтің басым бөлігін қазір түрмеде жатқан Қазақстан демократиялық таңдау қозғалысының бұрынғы жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың үстінен жаңадан төрт бірдей қылмыстық істің қозғалғанын егжей-тегжейлі баяндаумен өткізгенін хабарлайды Сергей Исаев “Экспресс К” газетінің соңғы санында.
“Президент не дейді, спикер не дейді?” деген материалда “Азат” газеті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың: “2004 жылға арналған барлық әлеуметтік шығыстар менің биылғы сәуірдегі Жолдауымда белгіленіп берілді... бұдан зорға бүгінгі күні қол созудың керегі болмас... Бүгін біздің жалақының, зейнетақының, әлеуметтік жәрдемақының жоғары деңгейін кім ұсынатыны төңірегінде жарыс ұйымдастыруымыздың ешқандай қажеті жоқ” деген пікіріне орай Парламент Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың: “Бәріміз осы сайлаушылардың, халықтың аманатын арқалап келген соң, әрине, ең басты біздің міндетіміз де, қолымыздан келсе, сол халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу, Қолымыздан келгенше. Тиісті жеңілдіктер жасау, Бұл бағытта депутаттардың ынтасына, солардың әлеуметтік мәселелерді көтерген ұсыныстарына кінә қоюға болмайды ”, - деген сөздерін береді.
Соңғы кезде Мәжліс спикері бастаған депутаттар тобының зейнетақыны қайта есептеуге байланысты заң бұзушылықтар дәлелденсе, қазіргі Еңбек және әлеуметтік министрін отставкаға жіберуге дайын екендіктерін танытқаны мәлім. Осыған сәйкес “Мен зейнетақыны қайта есептеу әділетсіз деп, “Министрді – отставкаға жіберу қажет!” дегендермен келіспеймін. Гүлжан Қарақұсова аз уақыт аралығында 1994-ші жылға дейін зейнетақыларын реттегендердің пайдасына орай зейнетақыны қайта есептеуді абыроймен жүргізді”, - дейді бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлерінің бірі Николай Родостовец “Казахстанская правда” газетінің соңғы санында.