Мерзімді басылымдарда адам ресурсын саудалау және тағы басқа заңсыздықтарға байланысты материалдар жарық көрді.
Жексенбіде республикамыздың барлық аймағында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына жаңадан сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталды. «Алматы ақшамы» тілшісінің хабарлауынша, Алматы қаласы сайлау комиссиясы өткізген мәжілісте үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуы уақыты үлкен сөз талас тудырған.
Мәселен, үмтіткерлердің әрқайсысына насихат жұмысын жүргізуге 86835 теңге бөлінген, оның ішінде қалалық басылымдарда бір рет насихатталуға – 19 мың теңге, радиодағы 10 минуттық хабарға – 15 мың теңге, телеарнадағы 15 минутқа 20 мың теңге қарастырылған.
Әрине, «Хабар» сияқты арналарда 20 мың теңге тек 4-ақ минутқа жететінін ескерсек, қалалық телеараналарға шығу тиімді, - дейді тілші. Алайда, қалалық телеарна өзінің эфирдегі 15 минутын бір үміткерді насихаттауға арнаса, онда ол басқа үміткерлерді насихаттауға да сондай жағдай жасауы керек,
«Біз жақтастарымызбен қосқанда 850 адам ұсынғанбыз, соның 650-ге жуығы тіркелді. Бірақ мәселе, тіркеу-тіркелмеуде емес. Егер заңды бұзып тіркемей жатса, онда сөз жоқ. Ал заңсыз жолмен тіркемей жатқандарға не дейміз?» - дейді «Жас алаш» газетіне берген сұқбатында «Ақ жол» партиясың теңтөрағасы Әлихан Бәйменов. «Суретің қисық екен» немесе «қосымша мінездеме алып кел» деген талаптар қалай болған да заңға тура емес», - дейді Бәйменов мырза.
Келесі бір заңсыздыққа тосқауыл қою үшін жедел тергеу қызметкерлерінің табан астында Араб Эмиратына жол тартуы керек деп хабарлайды журналист Тоқнияз Күшіков «Эскпресс К» газетінің соңғы санында. Сондықтан, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы шенеуніктері араб әріптестерімен жылдам келісімге келуі тиіс. Өйткені, халықаралық фирма қызметкерімін, шетелден қызмет тауып беремін деген алаяқ әйелдің арбауына түсіп, Араб эмиратына әкетілген талдықорғандық бойжеткен араб шейхтарының бұғауында қасірет шегуде. Осыған орай «Гарем.сом» деген мақаласында Күшіков қазақстандық қыздардың Араб эмиратына зорлықпен күңдікке сатылу оқиғасы бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалғанын тілге тиек етеді. Бұл іске қамаудан кезедейсоқ қашып шықан екі талдықорғандық қыз қозғау салған. «Тұтқындар бастан кешірген сұмдық жәйттарды жасырмады (қылмыстық істер материалдарында гарем өмірін сипаттайтын нақты мәліметтер бар)», - деп жазады газет тілшісі.
«Сыртқа кеткен сәбилер құқын кім қорғайды?» - деп жар салады «Егемен Қазақстан» газетінің алғашқы бетінде Алматы облысы үштөбелік журналист Мәкен Өсербаева. Оның айтуынша, «Америкада бала асырап алу процесі өте күрделі, әрі өте қымбат көрінеді. Қазақстанда арзан әрі оп-оңай. Арзан болғандықтан да осы іспен шұғылданатын арнайы ұйымдар, олардың бала іздейтін делдалдары бар. Демек, бала сатылатын болғаны ғой» «Үштөбедегі балалар үйінен шет елге алты бала кеткен екен. Ол туралы құжатқа Үштөбеде қалалық мәслихатының төрағасы қол қойған. Олай болса, жауапкершілік жергілікті өкімет орындарына түседі. Ал, олар сол алты баланың тағдырына алаңдап жүр ме екен? Жоқ, әрине», - дейді журналист.
Жамбыл облысында жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру кезінде аялақтық белең алғанын хабарлайды «Комсомольская правда Казахстан» газеті. Газет тілшісінің мәліметтеріне қарағанда, Луговая стансасының бір тұрғыны өзінің құлазып тұрған үйін мүлдем қиратып тастаған. Өзінің оғаш қылығын ол бюджет ақшасына ескі үйін жөндетудің орнына су жаңа пәтер алғысы келгенімен түсіндіреді. Ал зілзаладан жапа шеккен жерлерді қалпына келтіремін деген жалған желеумен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген бір кәсіпкер 4 миллион теңгені қалтасына басқан.
«Ауылда тұратын қатардағы қазақстандыққа өкімет облыс бюджеті мен арнаулы бағдарламаларға миллиардтаған қаржының бөлінгені жөнінде теледидардан есеп бергенімен, неге елді-мекендерде ауруханалар, жолдар, автобустар әлі сол күйі жоқ екені түсініксіз. Мектепті жөндеуге ақша тапшы. Өйткені, жұмыссыз ауыл адамынан алытын дәнеңе де қалмады», - деп жазылған «Деловая неделя» газетінің алғашқы бетіндегі редактор бағанында.
Бірақ соған қарамастан, «2002 жылы өнеркәсіптің өндірістік қуаты 60, 2 пайызға пайдаланылған.» Әсіресе түсті және қара металл саласындағы қазба байлықтар толығымен игерілген. Әйтсе де, «сіз бокситтер әкелінетін Торғай облысында, шойын, құрыш, мыс, мырыш өнідірісіне қажетті шикізат шығарылатын Қарағанды, Қостанай, Жезқазған, Шығыс Қазақстан облыстарында халықтың тұрмысы қандай деп сұрап көріңізші», - дейді «Деловая неделя».
«Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Қарасор ауылында жарықтың болмағанына сегіз жыл болыпты. Кезінде 80 түтіні бар бұл ауылда небары 12 отбасы ғана қалыпты. «Біздер радио мен теледидардың не екенін ұмыттық», - дейді Қарасор ауылының тұрғындары», - деп хабарлайды «Алтын орда» апталығының тілшісі «Ауылдың ақырзаманы» деген мақалада. Оның мәліметтеріне қарағанда, бүгінде Қазақстандағы ауылдардың төрттен үші су құбырымен қамтылмаған, 500 ауылдың аудан орталығымен байланыстыратын көлік жолы, 205 елді мекенде электр жарығы, 1370 ауылда медициналық мекеме, 2700 ауылда телефон желісі жоқ.
Алайда, «алдағы үш жыл ішінде ауылға 150 миллиард теңге бөлу жоспарланды, - деп жұбатады «Алтын орда» апталығының журналисі. Оның айтуынша, «бір ғана Қостанай облысына 15 миллиард теңге, ал Атырау облысына 7 миллиард 351,3 миллион теңге бөлініпті». Ал қазіргі Үкімет басшысы талай жетекшілік еткен Павлодар облысының бір ауруханасын жөндеу үшін 45 миллион жұмсалмақ.