АҚШ-тың күнделікті шығатын "Лос-Анжелес" басылымы осы аптада Иран ядролық қару жасауын аяқтап қалды, енді Пәкістан мен Ресей және тағы басқа да елдерден техникалық көмек күтіп отыр деп жазған. Және де көптеген ақпарат құралдарында кеңінен көтерілген бұл жанжалға Исламабад ашулы жауап беріп, өзінің Иранның бұл шаруасына қатысы бар деген әңгімені жоққа шығарды.
Иранның ядролық бағдарламасы жайында үш ай бойы зерттеулер жүргізген Лос-Анжелес газеті бүгінде Техран ядролық қару жасау қарекетін аяқтап қалды деп хабарлады. Құрама Штаттардың бұл күнделікті жарық көретін басылымының осы аптадағы деректерінде, Иранның алғашқы атом қаруын қашан шығара бастағанын ешкім нақ басып айта алмайтыны жазылған, дегенмен кейбір сарапшылар оны екі жылмен үш жыл арасындағы шаруа деп бағалап отыр. Қолда бар деректер көрсетіп отырғандай, бұл зерттеулер халықаралық мамандар мен тәуелсіз сарапшылардың әрі Иранның қуғында жүрген адамдары мен Таяу шығыс пен Еуропадан алынған бұлақ көздерінің құпия мәліметтерімен толыққан. Сонымен бірге, газетте Иран ядролық қару өндіру үшін Пәкістан, Ресей және Солтүстік Кореяның арнайы мамандарынан көмек алып тұрады деп жазылған. Демек, Иранға бұл елдерден ядролық қару эксперттері барып көмектеседі.
Бұл хабарларды ести сала, ресми Исламабад Пәкістанның осы іске қатысы бар дегенді жоққа шығарып, ол мәлімет дұрыс емес, әдейі қолдан жасалынып отыр деп ашулы мәлімдеме жасады. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің осы мәлімдемесінде, бұл айыптаулар орынсыз және жауапсыз, бәлкім бұл әдейі бізге қарсы ұйымдастырылған шаруа болуы мүмкін делінген. Және үкіметтің мәлімдемесі де осы тұрғыда айтылып, ең жоғары деңгейде белгіленген Пәкістан міндеттемелерінде қандайда бір технологияларды үшінші бір елге шығару мәселесі еш қаралмаған делінген. Ал, газеттегі зерттеулерде Орталық Батыс елінің атын атамаған бір ресми адамының Иранның ядролық қару жасауын дамытуда Пәкістанның атқарған ролі үлкен деген мәліметі айтылады. Яғни онда, Пәкістанның белгілі ядролық маманы Абдул Қадир Хан Иранға жиі барып тұрған деп жазылған. Лос-Анжелес газеті сонымен қатар, Иранға Мәскеудің рұхсатынсыз өтірік бір себептер тауып барып жүрген ресейлік ғалымдарды да айыптады. Ондағы зерттеулерде Ресейдің Иранның плутоний түріндегі қаруын жасап арнайы реакторын бітіруіне көмектесіп жатқаны сөз болған. Лос-Анжелес басылымының бұл мәліметтерін Ресей әзірге жоққа шығарған жоқ. Мәскеу Техранмен арадағы 800 млн долларлық келісім-шарт негізінде, Иранның батысындағы Бушехр портында жасалып жатқан 1,000 мегаваттық ядролық реакторына көмектесуде. Аталмыш газеттің сауалына Ресейдің атом энергиясы министрі Александр Румянцев бірнеше мәрте, Ресей Иранмен тек бейбіт қолданудағы ядролық технология бойынша ынтымақтасып отыр деп мәлімдеген. Газет зерттеулерінде шетелдік бақылаушылардың айтқандарына сүйенген мынадай мәліметтер де бар, яғни Солтүстік Кореяның әскери мамандары да жақында Иранда болып, бұл елдің ядролық соғыс қаруларының дамуына көмектескен. Өткен жылдың соңында өз елінен БҰҰ –ның қару тексеру инспекторларын шығарып жіберген Пхеньяннан да бұл зертеулерге орай, әзірге ешқандай комментарий болмады. Және Солтүстік Корея ядролық қаруды жою жөніндегі келісімнен шығып кеткен ел. Тағы бір жәйт, Пекин тарапынан да бұл зерттеулерге еш жауап болмады, себебі бұл газетте Қытайдың 1991 жылы Техранға 1,8 тонна ядролық материал жібергені де айтылған. Иранның ядролық қару бағдарламасы жайындағы Лос-Анжелес газетінің бұл хабарламасы аса үлкен халықаралық алаңдаушылық тудырып отыр. Иран өз мақсатын энергия көздерінің баламалы жолын дамыту деп түсіндірсе, бірақ, оған Вашингтон оның әскери мақсаты бар деп біледі. АҚШ президенті Джордж Буш өткен аптада халықаралық бірлестікті Иранның бұл ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіруге шақырды.
Мен қазіргі таңда ирандықтармен бұл мәселедегі келіссөздердің ең дұрыс жолы меніңше, басқа елдердің біздің айқын декларациямызға қосылуы және ирандықтарды ядролық қару өндіруді дамыту олардың мүддесі емес екеніне көндіру - дей келе АҚШ президенті Джордж Буш,
Мен шынымен де бұл мәселенің бейбіт жолмен шешіле алатынына сенемін. Бірақ, бұл проблеманы шешуде Құрама Штаттармен бірлесе іс атқару үшін әлемдегі елдердің біріккен күш-жігері керек болады, әсіресе Иран әкімшілігімен ашық сөйлесетін Еуропа елдерінің қолдауы қажет, – деді.
Американ әкімшілігі Иранға бұл қаруды дамытуға рұхсат берілмейді деуде. Оның айтуынша, Техранның ядролық бағдарламасына шек қоюды қолдайтын халықаралық бірлестік қатары көбейіп келеді. БҰҰ мен Халықаралық атом энергиясы агентігі маусым айында Иранның осы бағдарламасы жайында мәлімет беруден бас тартқанын қатты сынаған болатын. Енді Халықаралық атом энергиясы агентігі тағы да Иранға қайрылып, Техранның қайтадан қосымша хаттамаға қол қойып, бұл елдің ядролық бағдарламасын бақылауда ұстауға мүмкіндік беруін сұрады. Сонымен бірге газетте, БҰҰ инспекторларының Техрандағы соңғы тексерулерінде Иран бірқатар ғылыми-зертеу лабораторияларын көрсетпегені жазылған. Газеттегі қорытынды деректер, АҚШ пен Еуропа елдерінің назарын Иранның ядролық бағдарламасына аударып отыр. Бұл зерттеулердің қысқарған түрі Американың басты деген екі басылымында да жарық көрді.