Алдағы күндері Ауғанстандағы 29 елдік халықаралық бітімгершілік күштеріне бақылауды НАТО алғанға дейін, өткен аптада Латвия қорғаныс министрі Валдис Кристовскис сол аймақтағы өз елінің 8 адамнан тұратын дәрігелік тобының хал-ахуалын білу мақсатында Қабулға барып қайтқан.
Ирита Кроните Ауғанстан астанасы Қабулдағы халықаралық бітімгершілік күштеріне қызмет көрсетіп жатқан Латвияның 8-дәрігерінің бірі. Латвия армиясының мықты жағы- медициналық қызмет көрсету. Және Кронитенің айтуынша, жоғары сапалы құрал-жабдық пен дәрі-дәрмек оның медициналық командасына дер кезінде ауғандықтар мен шетелдіктерге медициналық көмек көрсетуге ықпалды әсерін тигізген. Бірақ, жұмыс оңай болмады дейді дәрігер Кроните Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында
Атыстарда қатты жараланған норвегиялықтарды ауруханаға әкелгенде және тікұшақпен тасылып бара жатқан мина үстілеріне құлаған жергілікті үш тұрғынды көру ең қиын жағдай болды. Әсіресе балалардың қиналғанын көру өте ауыр.
Мұндағы төрт әйел мен төрт ер адамнан тұратын Латвия тобы дәрігерлерінің енді бір-екі аптадан соң бітімгершілік күштеріне қызмет көрсететін алты айлық мерзімі аяқталады. Бұл жердегі ауыр жұмыс пен ауған ауруханаларындағы қиын жағдайға қарамастан, көптеген дәрігерлер бітімгершілік жасағының әскерлері мен ауған азаматтарының жылы қабылдауында болғандарын айтады. Латвиялық өкілетті офицер Андрис Лапса
Мен голландиялық жасақтармен бірге өзімді бұл жерде үйде жүргендей сезінем. Сонымен бірге сіздер осы жерде немістер мен испандықтарды да көресіздер. Онда біз сондай көп емеспіз, біз бір-біріміздің аттарымызды да білеміз. Барлық адам достық ниетте, мұнда қызмет ету үшін, осындай қарым-қатынас шынымен де бізді қанағаттандырады.
Алайда, Кроните пен Лапса және басқа дәрігерлер тобы енді Латвияға оралып, олардың орнына арнайы жоба бойынша таңдалынып алынған 8 адамнан тұратын жаңа дәрігерлік топ келеді. Өткен аптада Латвия қорғаныс министрі Валдис Кристовскис Қабулдағы өз елдерінің осы дәрігерлік
тобының жұмысымен танысқан болатын. Ол Қабулдағы Латвияның әскери жасағы мен осы медициналық команданың жұмысы елдің мұндай халықаралық тапсырмаларды орындауға қабілетті екенін толығымен танытты деген.
Латвия жасақтары осы миссиялары барысында өздерін өте жақсы көрсетті. Біздер біраз жақсы сөздер естіп жатырмыз, бұл деген - Латвияның қарулы күштері дамып, олардың халықаралық тапсырмаларды орындауға қабілетті екенін танытып отыр. Латвия туы басқа да елдердің туларымен қатар желбірей алады деген тұрғыда Латвия әскері енді марқаюына болады.
Қабулдағы халықаралық бітімгершілік күштерінің қауіпсіздік шараларының ұзаққа созылуы олардың міндетінің ұзақ та әрі қиын екенін көрсетіп отыр. 2002 жылдың басында БҰҰ-ның аясында Ауған астанасына орналасқан әр ұлтты бейбіт жасақтар бүгінде 29 елдің 5,600 жасағынан тұрады. Алайда халықаралық бітімгершілік күштерінің өкілі Томас Лобберинг Ауғанстан астанасы тұрақтылық пен қауіпсіздік жағдайынан әлі де алыс екенін мойындап, аймақтағы ахуал тіпті қиын деді. Томас Лобберинг бәрібір де бұл елде толығымен қауіпсіздікті қалыптастыру үшін Хамид Қарзайдың уақытша үкіметінің ықпалды әсері болуы керек деп біледі.
Хамид Қарзайдың Ауғанстан президенті екені нақты. Бірақ, бұл бәрі де ойдағыдай дегенді білдірмейді. Ол Қабулстан туралы айтудың шынайы емес екенін немесе Хамид Қарзай тек Қабулдың мэрі ғана деген ойдың бар екенін танытады. Бұл шындық емес.
Лобберингтің бұл мәлімдемесі Ауған қорғаныс министрі Мохаммен Қасым Фахимге де әсер етті. Латвия қорғаныс министрі Кристовскиспен кездесуден кейін ауған қорғаныс министрі Фахим құлдыраған елді қайта қалпына келтіру процесі оңай жасалып жатқан жоқ- деді.
Ауғанстанның әр саласы соңғы 20 жылда үлкен апатты жағдайға ұшырады. Экономика мен әскери сала бойынша да мемлекет қатты тоқырады. Осы жаман жағдай көрсетіп отырғандай, енді біз бәрін басынан бастауымыз керек.
11 тамызда НАТО Халықаралық бітімгершілік күштеріне бақылауды өзіне алады. Канада елі НАТО-ның аясында әскери күштерге басшылықты алатын бірінші ел болғалы отыр.