Біраздан бері сырқаттанып жатқан Әзірбайжан президенті Хейдар Алиевтің, 41 жасар ұлы Ильхам Алиев әкесінің соңынан елдегі жетекшілікті жалғастыру мақсатында 4-ші тамыз күні Әзірбайжан премьер министрі болып тағайындалды.
Әзірбайжанның басқару билігі дүйсенбі күні ұзақ уақыт ауырып жатқан ел президенті Хейдар Алиевтің, баласы Ильхам Алиевтің Әзірбайжан премьер министрі болып тағайындалғанын хабарлады.
Бұл жаңа тағайындаудың астарында 80 жасар ел президентінің беті бері қарамағаны байқалады. Әзірбайжан конституциясына сәйкес, егер президент қайтыс болса, онда алдағы болатын президенттік сайлауларда премьер министр президенттің орнына ел басқарады.
Хейдар Алиев 8-ші шілдеден бері Түркия ауруханасында жатыр. Тыныс алу жолдары мен жүрек ауруы бар Әзірбайжан президенті осыған дейін көкек айында, теледидар арқылы тікелей сөз сөйлеп жатқанда құлаған болатын. Оның қазіргі денсаулығы жайында ештеңе айтылмайды. Дегенмен Ильхам Алиев дүйсенбі күні, Парламенттің мақұлдауынан кейін сөйлеген сөзінде, әкесінің ұзаққа созылған ауруы туралы әңгіменің тігісін жатқызып, оның орнына елдің економикасына баса назар аударды.
Әзірбайжан економикасы өркендеп келеді, мен де енді осы бағытты жалғастыру үшін қолдан келгенді жасаймын. Үкіметте үлкен өзгеріс болады деп ойламаймын. Ал, президенттің денсаулығына келсек, ол қазір жақсы болып қалды. Президент бір екі күнде жұмысына оралуды жоспарлаған еді, әзірге дәрігерлер рұхсат етпей, қосымша ем қабылдау керек деп кеңес берді. Дегенмен, мен оның жақын күндері Әзірбайжанға қайта оралатынына сенемін.
Хейдар Алиев 1960 жылдары советтік тәртіпке сай, Каспий жағалауы елдеріне коммунистік жетекші болып, КГБ-ны басқарған. Ол биліктен қол үзген аз уақыттан соң, қайтадан 1993 жылы тәуелсіз Әзірбайжан республикасының президенті болды.
Қатыгездік пен сыбайласқан жемқорлық сияқты қоғамдық келбеті бар Хейдар Алиев, өзінің совет дәуіріндегі авторитарлық жүйесінің барлық жолдарын бүгінгі мұнайға бай елінің жаңа билігінде де қолданды. Билікті басқарған Алиевтің жаңа әзірбайжан партиясындағы коммунистік кезеңнен келе жатқан оның жақын үзеңгілестері елдегі саяси оппозиция мен парламентті басып тастаған. Осыған дейінгі үкімет басшысы Артур Расизаденің орнына Ильхам Алиевтің премьер министрлікке тағайындалуын парламентте мақұлдауда 125 депутаттың 101-і қолдап дауыс берді. Парламенттегі оппозиция өкілдері дауыс беруге қатысудан бас тартқан бірақ, олардың қарсылығына жаңа премьер министр мән бермеді.
Біздің Парламентте көп партиялар мен оппозиция өкілдерімен қатар тәуелсіз депутаттар да бар. Сондықтан мен мұндай көп дауыс аламын деп күтпеген едім. Дегенмен, маған дауыс бергендеріңізге үлкен алғысымды айтамын.
Батыстық бақылаушылар мен әзірбайжандық саяси оппозиция бұл елдегі саяси еркіндік өте шектеулі дейді. Олардың пікірінше, осы соңғы оқиға басқарушы билікті тек Хейдар Алиевке берілген саяси топтың қолында ұстап отыру әрекетін ашық көрсетеді. Лондонда орын тепкен экономикалық ақпараттық орталықтың жетекшісі, Әзірбайжан елі бойынша сарапшы Лейла Батт Хейдар Алиев өзінің соңынан осы бағытта жүруі үшін осы ұлын ұзақ дайындады дейді. Ильхам Алиев сонымен бірге, жаңа әзірбайжан партиясы төрағасының өкілі және мемлекеттік мұнай компаниясының вице-президенті.
Сарапшы Лейла Батт бас кезінде президент Хейдар Алиев династикалық мұрагерлікті демократиялық жолмен жасауға тырысты деп біледі. Бірақ оның пайымдауынша, президенттің денсаулығының тым нашарлап кетуі, оның ұлы Ильхам өзі өлгеннен кейін бірден ел басқаруға кепілдік болатындай, оны бас министр қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылдауға мәжбүр еткен. Көптеген сыншылар Ильхам Алиевтің қысқаша көркем жазылған өмірбаян деректеріне қарамастан, оған әкесінен саяси ептілік дарымапты дейді. Одан гөрі ол еркін уақытпен жүретін плейбой мен ойыншы ретінде жақсы танымал. Батт ханым сондай-ақ, президенттің мұрагерінің саяси биліктегі тәжірбиесі өте аз екенін айтады.
Және Лейла Батт Хейдар Алиев қайтыс болған жағдайда елдегі тұрақтылыққа кепілдік болып, өздері үшін билікті сақтап қалу мақсатында, басқарушы топ алдымен Ильхам Алиевтің артында қалады. Алайда жаңа әзірбайжан партиясының қатарында президенттік кеудемсоқтықтарын көрсете алатын біраз саяси белсенділер де бар. Олар әзірге Хейдар Алиев тірі тұрғанда ол ниеттерін танытуға қорқады. Дегенмен ол жағдай түбінде байқалатыны хақ дейді- сарапшы Лейла Батт
Үлкен Алиев бұл топтағы мүдделерді оңтайлы басқара алды. Енді кіші Алиев өзінің әкесі сияқты оларды нәтижелі басқара ала ма?
Лейла Батт өзі мен басқа да бақылаушылар, Ильхам Алиевке ең қауіпті бақталастар өз басқаруларындағы партияның ішінен табылады деп пайымдайтынын айтты. Өйткені елдегі оппозиция тым әлсіз және олар басып тасталған.
Қазіргі таңда біз бұл елдегі оппозиция Ильхамға айтарлықтай қауіп төндіре алмайды деп ойлаймыз.
Ильхам мен оның әкесі де қазан айында елде болатын президенттік сайлауға қатысуға тіркеліп қойған. Президенттіктен үміткер тағы үш адамның ішінде Алиев режимінің ең үлкен қарсыласы , оппозициялық Мусават партиясының жетекшісі Иса Ғамбар да бар. Иса Ғамбар Әзірбайжан ата заңы Ильхам Алиевтің премьер министр бола отырып, президенттікке түсуіне рұхсат етпейді дейді.
Біз бұл әрекетті Әзірбайжандағы жаңа монархиялық сценариді жүзеге асыру деп ойлаймыз. Және біз, Хейдар Алиев режимінің бұл әрекеті сәтсіз болады деген сенімдеміз.
Оппозициялық партиялардың мыңдаған жақтастары сенбі күні Бакуде үлкен шеру өткізіп, президенттік сайлаулардың әділ өтуін талап етті.