Мемлекеттік шекараны бұзған 207 адам ұсталды.

  • Досан БАЙМОЛДА
Өткен аптада Қазақстан шекарашылары мемелекеттік шекараны бұзған 207 адамды ұстап, ал контрабандалық тауар алып өтпек болған 19 әрекетті іске асыртпай тастады.
Бұл туралы ҰҚҚ-ның шекараны қорғау қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы Мырзакент шекара бекетінде 1215 литр этиль спиртін алып өтпек болған қазақстандық екі азамат ұсталды. Ресейдің 15 азаматы Қазақстан жерінен 20 текшеметр ағашты кесіп алып, заңсыз шетелге алып өтпек болуына тосқауыл қойылды. Бұл істер бойынша тексеру жұмыстары жүріліп жатыр.