Қазақстаннан соңғы сәтте келіп түскен хабарға сәйкес, Қазақстан президентінің күйеу баласы Рахат Әлиев сейсенбі күні "Ассанди таимс" оппозициялық газетіне қарсы сот ісінде жеңіске жеткен. Бұл сот ісі аталған газетте Рахат Әлиев бизнестегі бәсекелестерін құрту үшін саяси байланыстарын пайдаланды деген тұрғыда жарық көрген мақалаға байланысты президенттің күйеу баласының шағым-арызына сәйкес жүргізіліп келген болатын.
Қазақстанның бизнес астанасы- Алматы қаласының аудандық соты "Ассанди таимс" газеті нақтыланбаған мәліметтерді пайдаланып, Рахат Әлиевтің ар-намысына нұқсан келетін мақала жариялады деп тауып, басылым Рахат Әлиевке 300 мың теңге, яғни 2 мың АҚШ доллары көлемінде моральдық шығын айыппұлын төлеп, газет бетінде одан кешірім сұрауы тиіс деген шешім шығарды.
Президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің жасы 40-та, ол медицина ғылымының докторы, қазір Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы өкілі. Ол Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.