Литва Ресей елшісінен елден кетуді сұрады
Литва үкіметі Ресеймен дипломатиялық өкілдің санын қысқарту шешімін қабылдады. Ел билігі Ресей елшісінен елден кетуді сұрап, Ресейдің Клайдептегі консулдығын жабу туралы шешім шығарған. Бұған қоса, Литва Ресейдегі елшісін кері қайтарып алмақ.
Литвадан соң Латвия да Ресеймен дипломатиялық қатынасты қысқартатын шешім қабылдады.
Зеленский Бучаға барды
Украина президенті Владимир Зеленский Киев облысындағы Буча қаласына барды. Бұл қаланың көшесінен жүздеген бейбі тұрғынның мәйіті табылған еді.
Бучада ВВС тілшісі Зеленскийден "Ресеймен бейбіт келіссөз жалғаса ма?" деп сұраған. Зеленский "Иә, себебі Украина бейбітшілікке қол жеткізуі тиіс. Біз 21-ғасырда Еуропада өмір сүріп жатырмыз. Біз дипломатиялық және әскери күшімізді саламыз" деп жауап берді.
Харьковта Ресей әскерилерінің уланғаны хабарланды
Украина қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының мәліметінше, Харьков облысы Изюм облысының тұрғындары ресейлік әскерилерге «у қосылған бәліш» беріп, Ресейдің үш әскери қаза болып, 28 әскери жансақтау бөліміне түскен.
Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ.
Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.
Бучадағы қырғынның видеосы:
ПІКІРЛЕР