Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
23:04 5.3.2022

Украинадағы соғыс. 5 наурызда не болды? Қысқа-нұсқа шолып шығайық

  • Украина билігі Ресей әскерилері гуманитарлық коридор үшін келісілген "тыныштық режимін" бұзды деп айыптады.
  • Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің үшінші раунды дүйсенбі, 7 наурызға жоспарланған.
  • Ресей президенті Путин Украинадағы әскери нысандарды жою "аяқталып қалды" деп отыр.
  • Украина президенті Зеленский Киевтен ешқайда кетпегенін мәлімдеп, видео жариялады.
  • Италия ресейлік олигарх Әлішер Усманов пен кремльшіл тележүргізуші Владимир Соловьевтің Италиядағы үйлерін бұғаттады.
  • Украина тұрғындары ресейлік әскерилер үйлерге шабуыл жасағанын айтты.
  • Израиль премьері Нафтали Беннет Украинадағы соғысты талқыламаққа Мәскеуге келді. Ол Путинмен кездеспек.
  • Ресейлік "Аэрофлот", "Победа", S7, Nordwind Airlines келесі аптадан бастап шетелге ұшуды уақытша тоқтатты. Олардың ұшақтарын шетелде
  • Zara, Bershka, Pull & Bear, Puma сынды киім брендтері Ресейдегі саудасын тоқтатты.
  • Сингапур де Ресейге санкция жариялады.
06:58 6.3.2022

Украина барлау басқармасы Ресеймен келіссөзге қатысқан бір адамның қаза болғанын хабарлады

Украина қорғаныс министрлігіне қарасты бас барлау басқармасы 5 наурызда кешке тапсырманы орындау барысында Денис Киреев есімді бір азаматтың қаза болғанын хабарлады. Ол 28 ақпанда Ресеймен бейбіт келіссөздің алғашқы раундына қатысқан, бірақ оның аты-жөні қатысушылар тізіміне енгізілмеген.

Денис Киреев (сол жақта).
Денис Киреев (сол жақта).

Осыған дейін Украинаның бірнеше ақпарат құралы дереккөзге сүйене отырып, Киреевтің Киевте Украина қауіпсіздік қызметі ұстамақ болған кезде өлтірілгенін хабарлаған.

"Ол агент болатын. Агенттерді не үшін өлтіретінін білетін боларсыздар" деп "Украинская правда" газеті дереккөздің сөзін келтіреді.

45 жастағы Киреев ірі украиналық банктердің бірінде істеген. 13 ақпанда украиналық "5 арна" зерттеуінде оны ФСБ-ның (Ресей арнайы қызметі) жедел уәкілі деп атаған. Зерттеуге сәйкес, ол ай сайын Ресейге барып, кураторымен сөйлесіп тұрған. Фильмге қарамастан бұрынғы банкир Мәскеумен келіссөзге жіберілген.

Оның келіссөзде қандай міндет атқарғаны белгісіз. Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі суретте оны "кәсіпкер" ретінде көрсеткен.

08:45 6.3.2022

Visa және Mastercard Ресей банктерімен жұмысын тоқтатады

Visa және Mastercard төлем жүйелері Украинадағы соғысқа байланысты Ресей банктерімен жұмысын тоқтатады. Яғни, осы жүйемен шығарылған ресейлік карталар – шетелде, шетелдік карталар Ресейде жұмыс істемейді.

Енді ресейліктер шетелдік интернет-дүкендерде, AppStore және GooglePlay мобильді қосымшалар дүкенінде Ресей банктерінің Visa және Mastercard карталарын қолдана алмайды.

Осыған дейін American Express төлем жүйесі де Ресей банктерімен жұмыс істеуден бас тартқан. Ресейдің өз ішінде қаржы операцияларын төлем карталарының ұлттық жүйесі жүзеге асырады.

09:11 6.3.2022

Украинадағы соғыс: Кейінгі сағаттардың басты жаңалықтары

Украинаның Мариуполь мен Волноваха қалаларындағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялау іске аспай қалды. Ресей әскері бұған украин "ұлтшылдарын" айыптап, адамдарға кетуге мүмкіндік бермеді деді. Украина билігі Ресей әскері атқылауын тоқтатпады деп мәлімдеді. Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресейдің Мариупольдегі атқылауда тоқтата тұру туралы ұсынысы алдамшы әрекет болды дейді. Министрліктің пікірінше, Кремль осы арқылы халықаралық қауымдастық алдында айыпты өзгеге қарай бұрып, шабуылын жандандыруға уақыт ұтқысы келген.

БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы: 24 ақпан мен 4 наурыз аралығында Украинада 351 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Оның 58-і – бала. Жарақат алғаны – 707.

Ашық көздердегі фото мен видеоны сараптайтын Oryx зерттеу тобы Украинадағы соғыстың кейінгі 26 сағатын қорытындылады. Оған сәйкес, Ресей әскері Су-30СМ, Су-34, 3 Су-25 әскери ұшақтарынан; Ми-24/Ми-35 және Ми-8 дейтін екі тікұшағынан, "Орлан-10" әскери дронынан айырылған.

Украина президенті Владимир Зеленский бір топ америкалық сенатормен видео конференция арқылы сөйлесіп, оларды Ресейге қарсы мұнай эмбаргосын жариялауға шақырды.

Владимир Путин "әскери жағдай енгізілмейді, өзге елдердің Украина әуесін қорғау алуын соғысқа қатысу деп қабылдайтынын" айтты.

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен үш сағат сөйлесті. Ертең Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлеседі.

6 наурызға белгіленген митинг қарсаңында Ресей полициясы белсенділерді тінтіп, ұстап жатыр. Митинг соғысқа қарсылық тақырыбына арналған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG