Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
17:36 3.3.2022

Украина президенті Владимир Зеленскийдің 3 наурыздағы видеоүндеуінен негізгі бес цитата:

  • Қорғанысымыздың барлық шебі сақтаулы. Жаудың стратегиялық қадамдарының барлығынан нәтиже шыққан жоқ.
  • Біз қираған әр үйді, әр көшені, әр қаланы қалпына келтіреміз.
  • Ресей жұмыс істеу мүмкіндігін тартып алған әр жұмысшыға, әр кәсіпкерге, әр азаматымызға 6500 гривен (шамамен 216 доллар) береміз.
  • Соғысқа қарамастан зейнетақыны толық төлейміз. Заңға сай, зейнетақыға индексация жасаймыз. 1 наурыздан бастап украиналықтардың зейнетақысы 14 пайызға индексацияланады (өседі).
  • Украинаға еріктілердің алғашқы тобы – 16 мың адам келді.
17:25 3.3.2022

Бір сөйлеммен:

  • 3 наурызда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің екінші раунды өтуі тиіс.
  • 3 наурызда Путин Қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен жиын өткізіп, Украинадағы қаза тапқандар жайлы айтады деп жоспарланған.
  • Швециялық IKEA жиһаз дүкені Ресей мен Беларусьтегі жұмысын тоқтатты.
  • Формула-1 авторжарысы Сочи гран-приімен келісім-шартты үзді. Келісім-шарт 2020 жылға дейін жасалған еді.
  • Бір доллар 110 рубльге жетті.
16:45 3.3.2022

Жапония Ресей олигархтарына қарсы санкция жарияламақ

Жапония Ресей олигархтарына қарсы санкция әзірлеп жатыр. Бұл туралы Еуроодақтағы лауазымды тұлғаға сілтей отырып Reuters агенттігі хабарлады.

"Жапония үкіметінен олардың Еуроодақпен бірлесе отырып Ресей олигархтарына, компанияларына және Беларусь олигархтары мен түрлі компанияларға санкция салатыны туралы хабар алдық" дейді агенттік Еуроодақтағы дереккөзінің сөзін келтіріп.

16:38 3.3.2022

Бангладеш жүк кемесіне снаряд түсіп, кеме қызметкері мерт болды

Қара теңіздегі украиналық Ольвия портында Бангладеш жүк кемесіне снаряд түсіп, кеме қызметкерлерінің бірі қаза тапты. Бұл туралы бейсенбі, 3 наурыз күні Бангладеш сыртқы істер министрлігі хабарлады. Кемеде 29 адам болған. Олардың бәрі – Бангладеш азаматы.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG