Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
13:46 3.3.2022

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің 3 наурыздағы барлау дерегі:

Ресейдің Киевке келе жатқан әскерінің басым бөлігі қала орталығынан 30 шақырым жерде бөгеліп қалды. Оған Украинаның қарсылығы, механиканың бүлінуі және кептеліс түрткі болды. Кейінгі үш күнде колоннаның алға жылжығаны шамалы.

Ресейдің ауыр атқылауына қарамастан Харьков, Чернигов және Мариуполь қалалары Украина қолында қалып отыр. Ресейдің кей күштері Херсон қаласына кірген, бірақ ондағы әскери жағдай түсініксіз.

Ресей қорғаныс министрлігі Путиннің соғысында қазірдің өзінде 498 сарбаздың қаза тауып, 1597 сарбаздың жарақат алғанын мойындауға мәжбүр болды. Мерт болғандар мен жарақат алғандардың саны едәуір жоғары болуы өте ықтимал және арта да береді.

12:54 3.3.2022

Халықаралық паралимпиада комитеті Ресей мен Беларусь атлеттерін Пекиндегі 2022 жылғы қысқы паралимпиада ойындарынан шеттетті


Енді аталған екі елдің паралимпиада спортшылары 4 наурыз күні басталатын жарыстарға қатыса алмайды.

"Жарыстың тұтастығын және қатысушылардың қауіпсіздігін қорғау үшін біз Ресей паралимпиада комететі мен Беларусь ұлттық паралимпиада комитетінің атлеттерін жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылдадық. Аталған елдердің пара атлеттеріне айтарымыз: Өкіметтеріңіздің өткен аптадағы шешімі олимпиадалық бітімгерлікті бұзды және ол шешімнің сіздерге осылай әсер еткеніне біз өкініш білдіреміз. Сіздер – өз өкіметтеріңіздің әрекетінің құрбанысыздар" деді Халықаралық паралимпиада комитеттінің президенті Эндрю Парсонс.

11:46 3.3.2022

Сенатор Ақылбек Күрішбаев: Мен әлемдегі миллиондаған дауысқа қосыламын, мен де қарсымын соғысқа

11:43 3.3.2022

Украинадан кейін Грузия да Еуроодаққа қосылуға ниет білдіріп отыр

Ираклий Кобахидзе.
Ираклий Кобахидзе.

Грузия Еуроодаққа қосылуға өтінішті 3 наурызда тапсыруды жоспарлап отыр. Ресей басқыншылығына ұшыраған Украина осы аптада Еуроодаққа қосылуға өтініш білдіріп, Еуропарламент Украинаға үміткер мемлекет деген мәртебе беру жөніндегі резолюцияны қолдаған.

"Грузин арманы" дейтін билік партиясының төрағасы Иракли Кобахидзе 2 наурыз күнгі баспасөз мәслихаты кезінде партияның "Грузия Еуроодаққа қосылуға өтінішті дереу тапсыру қажет" деген ұйғарымға келгенін айтты.

Бастапқыда Грузия өтінішті 2024 жылы тапсыруды жоспарлаған, бірақ соңғы жағдайға байланысты өтініш тапсыру кезеңін жеделдетуді ұйғарған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG