Мариуполь тұрғыны Дмитрий Чичераның "Настоящее время" эфирінде айтқаны:
"Кешегіден кейін ес жиып жатыр. Кеше өзім тұратын аумақтағы тұрғын үй кешендеріне [зымыран/снаряд/оқ] тиді. Біз оқ астында қалған әскерилердің туыстарын эвакуацияладық. Оған дейін екі күн балалар бомбапаналардағы жертөледе ұйықтап жүрді. Түнде оларды да эвакуациялаумен болдық.
Мариуполльді үш жақтан атқылап жатыр. Теңіздегі кемелерден атып жатыр. Шығыс, солтүстік жақтан кемелер тікелей атқылап отыр. "Град", "Ураган" реактивті жүйелер мен ұңғылы артиллерия және кемедегі артиллерия да бар. Қаланың қаншалық бұғатталғаны белгісіз. Түнде қалаға кірмек болған колонна жойылды.
Бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға келсек, қазір бейбіт тұрғындарды алып кетуге арналған дәліз туралы түсінік жоқ. Өзге облыстардағы жағдайдан Ресей билігімен жасалған келісімдердің жұмыс істемейтінін көруге болады".
Украина қорғаныс министрлігі Ресей әскеріне келтірген залал туралы:
- 5840 Ресей сарбазы қаза тапқан
- 211 танк
- 862 брондалған әскери техника
- 85 артиллериялық жүйе
- 40 дүркіндетіп оқ жаудыратын жүйе
- 9 әуедегі шабуылдан қорғау жүйесі
- 30 ұшақ
- 31 тікұшақ
- 355 автокөлік
- 2 жеңіл катер
- 60 жанармай цистернасы
- 3 дрон
Харьковтегі бомбалау
Түскен ақпаратқа қарағанда, Украинаның ең ірі екінші қаласы Харьковте облыстық полиция басқармасы Ресей әскерінің соққысына ұшыраған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан басқармаға көрші тұрған Харьков университеті Экономика факультетінің ғимараты өртеніп жатқанын көруге болады.
BMW Ресейдегі қызметін тоқтатты
Неміс автоконцерні BMW Украинаға басып кіргені үшін Ресейде автоқұрастыру жұмыстары мен Ресейге көлік экспортын тоқтатты.
"Біз Украинаға қарсы агрессияны айыптаймыз" деді 1 наурыз күні концерн өкілі. Компания Ресейдің Калиниград қаласында көлік құрастыратын.
"Мы осуждаем агрессию против Украины", заявил во вторник представитель концерна.
Также во вторник американская автомобильная компания Ford Motor заявила, что в связи с вторжением России в Украину уведомила партнера по совместному предприятию Sollers о немедленной приостановке операций в России.
ПІКІРЛЕР