Мариуполь қаласының жергілікті билігі Ресей әскерилері қаладағы ғимараттардың 90 пайызын қиратты деп мәлімдеді.
Бұл қаланы бірнеше күннен бері Ресей әскерилері қоршап, шабуылдап жатыр. Жоғарғы рада депутаты Леся Василенко твиттерде қалаға шабуылдың бәрі әуеден жасалғанын айтып, Батыс елдерін Украина аспанын жабуды сұрады.
Мариуполь билігі соғыс басталғалы қалада 2 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болғанын мәлімдеген. Кейінгі үш күнде "гуманитарлық коридор" арқылы қаладан мыңдаған адам эвакуацияланғаны хабарланды.
Харьков қаласындағы "Барабашово" базары атқылауға ұшырап, бір құтқарушы қаза болып, біреуі жарақаттанған. Базардағы сауда дүңгіршектері де өртенген. Бұл туралы Харьков мэрі Игорь Терехов хабарлады.
"Барабашово" - Шығыс Еуропадағы ең ірі базар.
"Тиктокта сіз туралы көп айтып жатыр"
Зеленский Ресей әскерінің шабуылынан зардап шеккен бейбіт тұрғындар жатқан Киевтегі ауруханаға барып, науқастардың халін сұрады.
Италия Мариупольде шабуылдан бүлінген драма театрды қалпына келтіруге көмектесуге дайын. Бұл туралы Италия мәдениет министрі Дарио Франческини твиттерде мәлімдеді.
"Министрлер кабинеті менің Украинаға театрды қалпына келтіруге ресурс пен қаржы ұсыну туралы ұсынысымды қолдады. Әр елдегі театр - бүкіл адамзаттың театры" деп жазды Франческини.
ПІКІРЛЕР