Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
11:53 15.3.2022

"Не сені федералды қауіпсіздік қызметкері әкетеді, не елден өзің кетесің". Қазақстанға көшкен ресейлік журналистің әңгімесі

Ресейлік Znak.com басылымының журналисі Никита Телиженко. Алматы, 11 наурыз 2022 жыл.
Ресейлік Znak.com басылымының журналисі Никита Телиженко. Алматы, 11 наурыз 2022 жыл.

Журналист Никита Телиженко – Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін елінен кетуді ұйғарған ресейлік азамат. Азаттыққа берген сұхбатында ол Ресейден неге кеткенін, Қазақстанда немен айналысатынын айтып, өзінің және Отанының болашағы жайлы ойын бөлісті.

"Ресей әскері жеңілгенде, билік ел ішінен кінәлілерді іздей бастайды. Қуғын-сүргін тізіміне кімдер ілігеді? Соғысқа қарсы ой-пікірін жасырмайтын құқық қорғаушылар, азаматтық белсенділер мен тәуелсіз журналистер. Оның үстіне, өгей ағам Киевтің іргесінде тұрады. Жақындарымның бәрі Черкасск облысы Звенигородка қаласында туған. Осыны проблема қылуы мүмкін. Себебі бәленбай ғасыр бұрын өмір сүрген арғы ата-бабам емес, туған әкем Украинадан болғандықтан" дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын оқи отырыңыздар.

11:10 15.3.2022

Киевте 10 қабатты үйге зымыран түсті

Украина бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Подольск ауданында болған. Өртті сөндірген, бірақ үй жарамсыз күйге түскен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

10:32 15.3.2022

Ресей Украинаға басып кіргені үшін Жапония Ресейдің 17 азаматына санкция салды. Санкция тізіміне "Ренова" компаниялар тобының негізін қалаушы Виктор Вексельберг пен Путиннің жақын досы Юрий Ковальчуктің бес туысы, Мемдумаға КПРФ партиясының атынан сайланған 11 депутат кірді.

10:28 15.3.2022

АҚШ генералы: 10 күннен кейін Ресей әскері Украинадағы соғысын жалғастыра алмауы мүмкін

АҚШ-тың отставкадағы генералы, елдің Еуропадағы әскерін басқарған Бен Ходжес NBC телеарнасына берген сұхбатында НАТО Украинаға әскери қолдау білдіруін жалғастыра берсе, Ресей әскері 10 күннен кейін шабуылды жалғастыруға қауқарсыз болады деп мәлімдеді.

Ходжестің сөзінше, Украинадағы соғыста Ресей көптеген сарбазы мен техникасынан айырылған, бұл оның шабуылдау әлеуетін шектейді. Ал Украинаның қорғану қабілеті әуе шабуылына қарсы қару-жарақ пен артиллерияның жеткізілуіне байланысты дейді ол.

Сөйте тұра Бен Ходжес Ресей әскерінің Украина қалаларын бомбалауына алаңдаушылық білдірді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG