Алматы түбіндегі жолына асфальт төселмеген, ауыз су мен газ құбыры тартылмаған ауылдардың бірінде тұратын жеті жасар Нұрсұлтан сабақты үздік оқиды. Қолы босаса, күшігін ертіп алып, әжесінің үйіне барып үй шаруасына көмектеседі. Әжесі немересі Нұрсұлтан "президент болмаса да, ел басқаратын азамат болып өссе" деп армандайды.