Accessibility links

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс беріп тұрған әйел. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.
Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс беріп тұрған әйел. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Live Blogging: Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

Қазақстанда 20 наурызда кезектен тыс мәжіліс сайлауы мен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына азаматтар дауыс беріп жатыр. Азаттық бүгінгі сайлаудан Live Blogging жүргізіп отыр.

Жексенбі, 20 наурыз күні Қазақстан азаматтары кезектен тыс парламент сайлауы және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына дауыс беріп жатыр.

Дауыс беру сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:00-де басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жалпы саны 9840 сайлау учаскесінде сайлауға дауыс беру бүгін жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына алты партия қатысып отыр. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, тоғызы - Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады. Бұл сайлауға президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы 127 кандидат, «Ақ жол» - 35, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 23, Қазақстан халықтық-коммунистік партиясы - 22, «Ауыл» - 19, «Бірлік» – 8 кандидат ұсынған.

Қазақстан бойынша бұл жолғы сайлауда жергілікті мәслихаттарға барлығы 3335 депутат сайлануы тиіс. Мәслихат депутаты сайлауына ел көлемінде 10 825 кандидат түсіп жатыр.

Осы жолғы сайлау барысын бақылауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 800-ден аса өкіл тіркелген.

Мәжілістің кезектен тыс және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына дауыс беру барысынан Азаттық тілшілері әзірлеген онлайн-репортажбен сайтымыздан және әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан таныса аласыздар.

15:42 20.3.2016

Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданы тұрғыны өзі жəне күйеуі атынан дауыс бергенін айтты. 193-сайлау учаскесі

15:45 20.3.2016

Талғар ауданы Панфилов атындағы ауылдағы 741-сайлау бөлімшесінде Азаттық журналисінің видео түсіріп жатқанын байқаған сайлау учаскесі қызметкері бір кабинаға кірген екі адамның бірін шығарып жіберді.

15:47 20.3.2016

Астана және Алматыдағы сайлау барысы туралы тікелей трансляция:

16:27 20.3.2016

Алматы облысы Бәйтерек ауылындағы 181-сайлау учаскесі өкілі "сайлаушылардың 84 пайызы келді" дейді.

Тағы

XS
SM
MD
LG