Accessibility links

Маңғыстаудағы мереке

Наурыздың 14-і - Қазақстанның батысында ғана тойланатын Амал күні. Азаттық тілшісінің Маңғыстау облысындағы Отпан тауда өткен мейрамнан түсірген суреттері.

Жергілікті дәстүр бойынша, жұрт осы күні наурыз мейрамын тойлауды бастап кетеді. Мұны жергілікті жерде "амал келді" деп атайды. Бұл күні тұрғындар бір-бірімен көрісіп, қыстан аман-есен шығуымен, жаңа жыл келгенімен құттықтайды. Бір-бірінің үйлеріне қыдырып, қонақ болады. Өкпе-реніштері болса, кешірім сұрасады. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG