Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылында «Ұлы дала елі» фестивалі ашылды. Онда түрлі мәдени-көпшілік шаралар, мәселен, қазақтың ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтіп, қолөнер шеберлері әзірлеген бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Фестиваль бүгін кешке отшашумен аяқталады. Азаттықтың фоторепортажы.