Қырғызстанда да төтенше жағдай жарияланды
Қырғызстан Covid-19 пандемиясының таралуын тоқтату үшін елде төтенше жағдай жариялады. 25 наурыздан бастап тұрғындар көшеге шықпай үйде отыруы тиіс. Ел президенті Сооронбай Жээнбековтің төтенше жағдай жариялау туралы жарлығын парламент бірауыздан қолдады. Бішкек, Ош, Жалал-Абад және бірнеше облыста карантин жарияланды. 24 наурыздағы дерек бойынша, қазір бұл елде 42 адамнан вирус табылған.
ПІКІРЛЕР