Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:31 27.3.2020

Басқарма: Жамбылдағы коронавирус жұққан науқастар Қырғызстаннан келген

Жамбылдағы коронавирус жұқтырған үш адам Қырғызстаннан келген. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Марат Жұманқұлов 27 наурыз күнгі онлайн-брифингте хабарлады.

Алғашқысы - 1991 жылғы азамат, жеке кәсіпкер. Кейінгілері 1974 жылғы ер адам және 1996 жылғы әйел адам. Зертханалық тексерістен кейін оларда коронавирус бар екені анықталып, инфекциялық стационарға жатқызылды.

"Үшеуінің жағдайы қалыпты, шағымдары жоқ. Үш оқиға бір-бірімен байланысты емес, әртүрлі себеппен шекарадан өткен" дейді басқарма басшысы.

Науқаспен байланысқан адамдар анықталып, карантинге жатқызылды. Олардан коронавирус табылған жоқ (нақты қанша адам екені белгісіз, хабарланбады).

3 адам да 23-26 наурыз аралығында Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өткен, қазір олар болған орындар дезинфекцияланды.

13:16 27.3.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтайды

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда меншік иесіне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтайды. Тек мемлекеттік органдар, әкімдік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласы ұйымдары, азық-түлік дүкендері, дәріхана, БАҚ қана жұмыс істейді. 27 наурызда төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Шараның мақсаты - коронавирустың таралуын тоқтату.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 124 адамнан коронавирус табылған.

13:24 27.3.2020

Коронавирус жұқтырған адам Павлодар облысынан да табылды

Денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 14:20-дағы дерегіне сай, Павлодар облысында бір адам коронавирус жұқтырды.

Елде қазір 125 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Атырау облысында үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Павлодар облысында - бір адам

15:26 27.3.2020

Коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйел жайлы не белгілі?

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел адам Ақмола облысындағы Қосшы ауылынан. Ол Алматы қаласына құдалыққа барып, одан соң Жамбыл облысы Шу ауданында қонақта болған. Кейін Қосшыға қайтып келген. Ол 13-17 наурыз аралығындағы сапарын пойызбен жүрген. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықбаев айтты.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, оның жағдайы 25 наурызда күрт нашарлап кешкісін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан #2 облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Ал 26 наурызда таңертең ауруханада қайтыс болған. Оның коронавирустан көз жұмғаны 26 наурыз кешкісін ғана белгілі болған.

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 27 наурыздағы брифингте "әйел адам 26 наурыз таңертең қайтыс болды. Бірақ оның коронавирустан қайтыс болғаны тек 26 наурыз кешкісін анықталды" деді.

Әлеуметтік желіде “арнайы қорғану киімін киген ер адам мен марқұмның ұлының арасындағы әңгіменің”видеосы тарады.

Видеодағы марқұм ұлымын деген ер адам “Алматыдан құдалыққа келді. 22 наурызда жедел жәрдем шақырдық. Олар 23 наурызда емханаға барыңыздар деді. Дәрігерге барғанымызда укол, инголяция жазып беріп, үйге қайтарды. Температура түспеді. 24 наурызда жедел жәрдем қайта шақырдық. Олар келіп, жүрегін тексеріп, “жатыңыз, жүрегіңіз жақсы, өлмейсіз” деп кетті. Бес сағатта тіпті жағдайы нашарлап кетті. 25 наурыз таңертең үшінші рет жедел жәрдем шақырдық. Сол кезде дәрігер ауруханаға алып кетті. 26 наурызда дәрігер маған анықтама беріп жатып, “Коронавируспен ауырмаған. Пневоманиядан қайтыс болды. Жерлей беріңіздер” деді. Мәйітханадан алып мәйітін алып кеттік. 26 наурыз кешкі бесте хабарласып, коронавирус табылғанын айтты” дейді.

Азаттық бұл видеоның нақтылығын тексере алмады.

Қазір марқұмның үйі қоршалып, онымен байланыста болған жақындары және #2 облыстық көпсалалы аурухана қызметкерлері де оқшауланған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG